Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныпқа (мектепке) қабылдау Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10. 2011 № 487-IV ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.
Бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматын интелектуальды, рухани және физикалық дене дамуын қалыптастыруын қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім беру бейіндік оқытудың: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және техникалық үш бағытының негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың танымдық қажеттілігін және саралап оқытуды жүзеге асыру үшін бейіндік оқытудың үш бағытының негізінде шектес (тектес) пәндерден бейіндік оқытуға енгізіледі.
Жалпы білім беру деңгейінде бейіндік оқыту:
а) жалпы білім берудің 11-12 сыныптарында, лицейлерде, гимназияларда, зияткерлік мектептерде, дарынды балалрға арналған арнаулы мектептерде, жеке бейіндік мектептерде жүзеге асырылады.
ә) білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) білім басқармасының бұйрығымен ашылады.
11 сыныпқа негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және осы деңгейді бітіргендігі туралы растайтын куәлігі бар оқушылар қабылданады.
Бейіндік сыныптар (мектептер) қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану- математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бір бейіндік және көпбейіндік болуы мүмкін.
Бейінді дайындық бір бағыт негізінде жүргізілсе, бір бейінді сынып (мектеп) болып табылады. Бейіндік дайындық 2-3 бағыт бойынша жүргізілсе, көпбейінді сынып (мектеп) болып табылады.
Негізгі орта мектепті бітірушілер бейіндік сыныптарға (мектепке) алған білімін және біліктілігін бағалау мақсатында ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша алынады.
Ашылатын бейіндік 11-сыныптардың (мектептердің) саны және бейіндік
білім беру мазмұны:
негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және жалпы орта білім алып білімін жалғастырғысы келетін барлық 10 сынып түлектерінің қызығушылығына сәйкес болуы керек;
білім басқармасымен келісімімен, мектеп бітірушілердің берген өтінішіне сәйкес және білім беру процесін санитарлық ережелер мен нормаларды ескеріп жүзеге асырылады;
Бейінді сыныптарға (мектептерге) тіркелу үшін өтініштер 10 маусымнан 25 тамызға дейін қабылданады және келесі құжаттарды тапсырады:
негізгі орта мектеп бітірушісінің өтініші;
үлгі бойынша берілген медициналық карта;
негізгі орта білімі жөніндегі куәлік;
бейіналды дайындық қорытындысы бойынша алған сертификаттары (бар болған жағдайда);
білім саласындағы жеке жетістіктері бойынша портфолиосы [13]. Құжаттар білім ұйымдарының қабылдау ережесіне сәйкес тіркеледі.
Бейінді сыныптарға (мектептерге) іріктеу объективті жүзеге асырылуға тиісті, оған оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы ұйымның, өндірістік кәсіпорын өкілдері, психолог мамандардың қатысуымен өтуі тиіс.
Бейінді сыныптарға (мектептерге) қабылдау көрсетілген құжаттардың тізімі бойынша және жалпы білім беру ұйымының кеңейтілген Педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері қатысуымен оқушы-талапкерлер қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) мектеп директорының бұйрығымен қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) түскен жағдайда, оқушы және оның ата-анасы (қамқоршысы) барлық құжаттармен: мектеп Жарғысы, бейіндік оқыту сыныптары туралы ережемен және басқа да нормативті-заңдық актілермен таныс болуы қажет.
Бейіндік оқыту сыныптарында оқушы саны 20 (жиырмадан) аспауы тиіс. Сыныптарда бейіндік оқыту мерзімі 2 жыл (11-12 сыныптар), оқу түрі – күндізгі. Бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) міндетті базалық компонент енгізілген бағдарламалармен; бейіндік пәндермен; таңдау сабақтарымен; оқу практикасымен, сондай-ақ сыныптан тыс әрекетпен; жалпы ммектептің іс- шараларымен; қосымша білім беру бойынша жұмыс жасайды.
Жалпы білім беру жүйелері бейіндік оқытуды қамтамасыз етуде қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру ұйымдарына міндетті.
Жалпы білім беруді ақысыз барлығына қолжетімділік кепілдікпен берілуі үшін; жалпы білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыруда қажетті материальдық-техникалық базаны құру үшін; бейіндік оқытудың оқу
практикасын өткенде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтауда ерекше жағдайлар жасау үшін жалпы негізгі білім беру ұйымдарын қаржымен жеткілікті қамтамасыз ету керек.
Жалпы білім беру ұйымы санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға жауап беретіндей материальдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі. Жалпы білім беру ұйымының материальдық-техникалық базасына: бейіндік оқыту жағдайында дем алатын, тамақтанатын, медициналық қызмет көрсететін, спортпен шұғылданатын, мәдени-жалпы іс-шаралар және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және толық жабдықталған инфраструктурасы бар ғимарат; қазіргі заман талабына сәйкес құралдармен жабдықталған оқу пәндер кабинеттері (байланыс құралдары және коммуникациясы, желілік өзара әрекеттер, кең жолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивтік тақта, аудио және бейнетехникасы, цехтар және шеберханалар); бөлмелердегі жарық және ауа- жылу режимдері, киім шешетін орындар, жуыну бөлмелері (санитарлық тораптар) және санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес жеке гигиена бөлмелері; мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимаратта арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп-интернат жағдайында білім алушылар үшін жататын орын, тамақтану және демалу үшін бөлмелер, мектеп жанындағы участок кіреді.
Бейіндік оқыту сыныптарының (мектептерінің) қызметі мектептің ішкі ережелер тәртібіне және Жарғысына сәйкес ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |