Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет23/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Көркемдік-технологиялық бейн (ТжКБ).

Көркемдік-технологиялық бейін пәндерін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. ақпаратты талдау мен қорытындылау, қолдану мүмкіндігі;

  2. жоспарлау, ұйымдастыру және басқарудың белгілі бір есептерін шешуге бағытталган ақпаратты жинау және талдау;

  3. жобалық жұмысты жобалау мен ұйымдастыруға қисынды дұрыс, шығармашылық және дәлелді түрде келу қабілеттілігін қалыптастыру;

  4. көркемдік-өнеркәсіптік өндіріс негізінің түп-нұсқасы мен проблемасын түсіну;

  5. бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнердің түрлі облыс қызметтерінде дербес көркемдік-шығармашылық қабілеттілігі;

  6. кәсіби саласында практикалық есептерді шешу үшін бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнердің базалық біліміне түрлі бағдарламалармен (AdobeIllustrator, CorelDRAW, PhotoShoh, 3dsMaXDesign 2012) қамтамасыз етуді қолдана білу қабілеттілігі;

  7. Қазақстан аумағында тұратын қазақ халқының және басқа этностардың тарихына, мәдениетіне, дәстүріне және басқа да құндылықтарына сыйластық білдіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Аграрлық-техникалық бейін (ТжКБ).

Аграрлық-техникалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. математиканы базалық пән ретінде, физиканың заңдары мен құбылыстарын талдау және қорытындылауды қолдана білу қабілеттілігі;

  2. түрлі техникалық құралдарда болып жатқан есептер шығару әдістерін

нақты анықтау қабілеттілігі;

  1. электротехника есептерін шешу жолдары мен мағынасын түсіну;

  2. түрлі есептерді шешу кезінде математикалық және физикалық есептеулерді қолдану қабілеттілігі;

  3. қазіргі заманғы техниканы қолдана отырып жалпыэнергетикалық және дербесэнергетикалық есептерді шешу қабілеттілігі;

  4. анализдің есептеу әдістерін қолдану қабілеттілігі, электроэнергетиканың практикалық есептерін шешу үшін математика, физика, информатиканы білу;

  5. кәсіби есептерді шешу үшін қоғам мен табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процесстерді ескере отырып әлеументтік-экономикалық, технико-технологиялық және экологиялық факторларды қолдану қабілеттілігі;

  6. өзінің кәсіби қызметін бағдарлау үшін қажетті экономикалық ақпараттарды қолдану және табу қабілеттілігі;

  7. нарықтық қатынас жағдайында ақпаратты талдау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;

  8. түрлі тауарлар мен қызмет көрсету нарығында сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін болжау және талдау қабілеттілігі;

  9. кәсіби қызметтің түрлі салаларында ұйымдастырушылық-басқару, ғылыми-талдамалық жұмыстарын жүргізу қабілеті;

  10. қазақ, орыс, шет тілдерін әлеуметтік-тұрмыстық және ғылыми қарым- қатынаста қолдану, басқа тілді ортада кәсіби қызметі мен оқуын жалғастыру қабілеттілігі;

  11. ауыл шаруашылығы саласындағы практикалық есептерді шешу үшін анализдік есептеу әдісін, қолданбалы математиканы білу, статистиканы, түрлі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етуді қолдана білу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Педагогикалық бейіні (ТжКБ).

Педагогикалық бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:



  1. гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;

  2. кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;

  3. ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;

  4. білім беру процесінде практикалық есептерді шешу үшін анализдің математикалық әдістерін қолдану, қолданбалы математика, статистиканың түрлі бағдарламаларымен қамтамасыз ету қабілеттілігі;

  5. кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға жүйелік анализдің математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;

  6. математикалық әдістердің көмегімен ақпаратты талдау және қорытындылауды пайдалана білу қабілеттілігі;

  7. ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;

  8. жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;

  9. қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;

  10. ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;

  11. кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;

  12. педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

Жалпы орта білім берудің бейіндік пәндер мазмұнына қойылатын талаптар:

Бейіндік пәндерді көп тілде оқытуға мүмкіндік беріледі.

Жаратылыстану-математикалық бағыт екі бейінді қамтиды: физикалық- математикалық және химиялық-биологиялық.

Физика-математикалық бейінге келесі пәндер кіреді: «Математика» (жетік деңгей), «Физика» (жетік деңгей деңгей), «Информатика және АКТ», «English for specific purposes», «Графика және жобалау», «Жаңашыл технологиялар негіздері» (көптілдік оқыту).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет