Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


«Альянс» ресурстық орталығының іс-тәжірибесін



бет13/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

«Альянс» ресурстық орталығының іс-тәжірибесін ұсынамыз [5].

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) екі бағыттағы оқу пәндері бойынша 10-11-сынып оқушыларына арналған бейінді оқыту бағдарламасы берілген. Пәндерді ресурстық орталық мектептерінің материалдық базасы және оқытушы кадрлардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қолдануға икемдеп, модульдерге бөлуге болады.



  1. модульде оқушыларға міндетті білімді оқыту қамтамасыз етіліп, екі бағытқа ортақ тақырыптар қамтылады.

  2. модуль 1-модульде қамтылмаған инвариантты білім мазмұнын қарастырады, сессиядағы сабақ мазмұны 2 модуль негізінде анықталады. Мысалы: 1-тоқсандағы 10-сыныпқа арналған математика курсы. 1-тоқсанда 9 оқу аптасы бар, демек, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы математика пәніне 3х9=27 (сағ) бөлінеді. Ал жаратылыстану-математика бағытында 4х9=36 сағ (алгебра – 18 сағ, геометрия – 18 сағ) оқуы тиіс, оның 27 сағатын жалпы мектепте оқитын болса, қалған 9 сағатын ресурстық орталыққа сессияға келгенде оқиды.

3, 4-модульдер мазмұны мектеп мұғалімдері күшімен дайындалады. 3- модульдегі қолданбалы курстар Бейінді оқытудың құрамына кіріп, негізгі бейіндік пәндерді оқыту және маманданудың ішкі бейімін қолдау қызметін атқарады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бір түрін ұйымдастыра отырып, бейіндік пәндер бойынша білім, білік, дағдыны кеңейту, оқушылардың қолданбалы дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктерін туғызады.

4-модуль таңдау курстары базистік оқу жоспарының оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады, Бейінді оқытуға енгізілмей, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сабақ кестесі 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде 2 модуль мазмұнына байланысты тестілер, әр бағыттың ерекшелігіне байланысты тереңдетіп оқыту, дамыту бағытындағы тақырыптар қарастырылады. Мысалы, жаратылыстану- математика бағыты бойынша математика, химия, биология, география, физика пәндері, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, қоғамдық білім негіздері, өнер пәндері оқытылады. Модульдік, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша пәндік сабақтар мен зертханалық, сарамандық, тәжірибелік жұмыстар атқарылады.

Сабақ кестесінің 2-бөлімінде мектеп ұсынған элективті курстардың ішінен оқушылардың өз қалауымен, таңдауы бойынша игеретін өзіндік жобалық зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған оқу жоспарының вариативтік бөлігі қамтылады. Мысалы, сессияалды жұмыстарында жүзеге асқан әрекетке байланысты оқушыларға екі бағытта таңдау курстары ұсынылады. Мысалы,

«Жоғары математика бастамалары», «Қиын есептер», «Агрохимия»,

«Агрофизика», «Өлкетану», «Компьютерлік графика», «Күләштану», «Қазақ

әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі»,

«Іскер ағылшын тілі», «Развитие речи», «Әлем әдебиеті», «Тіл мәдениеті»,

«Құқықтық логика», «Мәдениеттану», «Экология негіздері», «Ұлттық дүниетаным» сияқты курстар.

Сессия кезінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Жоғары математика бастамалары», «Агрохимия», «Агрофизика», «Экология негіздері»,

«Компьютерлік графика», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі»,

«Іскер ағылшын тілі» таңдау курстары таңдалды, оқу-тәрбие үрдісінің жаңа түрдегі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы қамтамасыз етіледі.

Жобалау әдісі тиімді пайдаланылған қолданбалы курстар оқушы бойындағы ақпараттық жобалау, рөлдік жобалау, лингвистикалық, зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, шығармашылық-зерттеушілік мәселелерді шешуге бағытталған оқушы іс-әрекетін ұйымдастырып, танымдық біліктілігін дамыту, білімді өздігінен игеріп әрі қолдану дағдысын, өзгермелі ортаға тез бейімделу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылған. Осы орайда, ресурстық орталықта бейінді оқытуды ұйымдастырудағы ізденіс жұмысы мазмұнының үлгісін ұсынамыз (3-кесте).


  1. кесте – Ізденіс жұмысының мазмұны







Ізденіс жұмысының мазмұны

Қыркүйек – сессияалды

жұмыстар


Оқушының қалауы бойынша курсты таңдау, бекіту, курстың 1-модулі бойынша зерттеуді кеңейту жолдарын қарастыру,

жоба тақырыбын анықтау



Күзгі сессия

Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңін жүзеге асыру

Сессияаралық жұмыс

  1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер

  2. Оқушы күнделігін жүргізу

  3. Жұмыс портфолиосын жинақтау

  4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)

Қысқы сессия

Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңін жүзеге асыру.

І кезеңде оқушы портфолиосын бағалау



Сессияаралық жұмыс

  1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер

  2. Оқушы күнделігін жүргізу

  3. Жұмыс портфолиосын жинақтау

  4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)

Көктемгі

сессия


Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІІ кезеңін жүзеге асыру.

Оқушы портфолиосының рейтингісін шығару, бағалау



Сессияаралық

жұмыс


Жоба жұмыстарын қорғауға дайындау, рәсімдеу

Қорытынды

Жобаларды қорғау. Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет