Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет10/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

3 Бейіндік мектеп типтері
Бейіндік мектеп – жоғары сыныптарда бейінді оқытуды, бейіндік және таңдау курстары кіретін, білім алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз етуде жеткілікті қорлары жоқ мектептер мен білім беру ұйымдарын біріктіретін білім беру жүйесі.

Бейіндік мектеп бейіналды дайындық пен бейінді оқытуды және кәсіби оқу мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті іске асыру үшін, қажетті білім беру мүмкіндіктері бар қала маңында немесе аудан орталығында орналасқан, білім алушыларды жеткізуге қолайлы білім беру ұйымының базасында құрылады. Бейіндік мектеп білім беру процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Бұл бейінді курстардың оқу сабақтарынан, оқу зертханаларындағы таңдау курстарынан, шеберханалары бар мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұрады.



Қосымша білім беретін бейіндік мектеп – оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес барлық оқушының шығармашылық қабілеттерін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін ұйымдарды біріктіретін қосымша білім беру жүйесі. Қосымша білім беретін бейіндік мектеп білім алушылардың жан-жақты шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін тірек ұйымдары (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында құрылады.

Бейіндік мектеп білім беру ұйымдарының оқушыларына бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің барлық типтері мен түрлерін ұсынуы; білім беру қызметінің мәселелері бойынша өз базасында мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін практикаға бағытталған іс-шаралар жүргізуі мүмкін.

Бейіндік мектеп оқушыларының оқу бейінін таңдауы – бейінді оқыту құрылымының негізі, сондықтан оқушыларға үнемі ізденісте болып өз жолын табуына, жеке оқу маршрутын анықтауына көмек көрсетілуі басты назарда болуы тиіс.

Білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың бейінді оқыту мазмұнын анықтауға оқушылардың қызығушылығы, жеткен жетістіктері мен таңдаған мамандықтары көрсеткіш ретінде қабылданады, оқушылардың өздеріне қатысты аталған көрсеткіштерден бөлек ата-аналардың үміті, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, аумақ ерекшеліктері де белгілі дәрежеде әсер ете алатыны белгілі.

Бейіндік мектеп түлегінің өмір сұраныстары мен бәсекеге даяр болуы: оқушының білім, білік, дағдыларын теріп қана қоймай, өздігінен білім алуға құлшынысын ояту, сабақтастық ұстанымдарын сақтай отырып, кәсіби бағытқа бейімделген, тілдік функционалдық сауаттылығы, саяси-құқықтық, жаратылыс заңдылықтары бойынша білім негіздері қалыптасқан интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеу парыз.

Бейіндік білім беруді енгізу мақсаттарының бірі тілек білдірген барлық оқушыларға өзінің жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім

алудың қолайлылығын және таңдаған бағытқа сәйкес пәндерін базалық кеңейтілген және тереңдетілген деңгейлерде оқытылуын қамтамасыз ету, әрі қарай оқу бағытын таңдау үшін жағдайлар жасау қажет болса, бір сыныпта екі бағытты қатар ұйымдастыру ауылдық мектептерде бала санының шектеулігіне байланысты проблема туындатады. Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық танытқан және қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады. Тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті таңдауда қиналып, оны жиі өзгертеді.

Бейіндік оқыту – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.

Бейіндік оқытудың мақсаты – оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.

Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.

Міндеттері:


  • жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

  • оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;

  • оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;

  • білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

  • оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.

Бейіндік оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.

Бейіндік оқыту негізінен 12 жылдық білім беру жүйесінде толығымен жүзеге асырылады. Сондықтан 12 жылдық мектеп құрылымына тоқталамыз (1- сурет).




19

Бейіндік пәндер

Оқу жоспарын құру

Мемлекеттік білім беру стандарттары

Қолданбалы курстар

Қосымша білім бағдарламаларымен қамтамасыз ету

Білім мазмұнын іріктеу
Мақсаты. Оқушылардың қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасау

Міндеттері: 12 жылдық білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; оқытуды саралау үшін жағдай жасау; бейіндік және бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету.


Бейіндік оқыту құрылымы


Бейіналды оқыту


Бейіндік оқыту


Бір бейінді


Көп бейінді


Бір бейінді


Бейіндік оқыту құрылымы


Мектепішілік бейіндеу


Желілік ұйым


12 жылдық мектептегі оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету







Вариативті инвариативті бөлік


Нәтижесі: Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды; Білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы; Білімді ізгілендіру; Әдіснамалық құрамның іргелілігі қамтамасыз етіледі; Оқу жүктемесінің көлемі оңтайландырылады; Оқушы алғашқы кәсіптік білімді меңгереді; жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді; Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту басымдықтары; Оқушы құзыреттілігін қалыптастырады.



1-сурет - 12 жылдық мектеп құрылымы

Қазақстан жағдайында 12 жылдық жалпы орта білім берудің оңтайлы әрі тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Ұсынылып отырған бұл құрылым аталған кезеңдерге толығымен сәйкес келеді.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады.

1 саты – жалпы бастапқы білім беру (1-4 сынып – бастауыш мектеп). 2 саты – жалпы негізгі білім беру (5-10 сынып – негізгі мектеп).

3 саты – жалпы орта білім беру (11-12 сынып – жоғарғы мектеп).

12 жылдық мектептің 2 сатысында бағдарлы дифференциалды оқыту белсенді ендіріледі. Ол негізгі мектептің соңғы екі жылын (9-10 сыныпты) қамтиды және оқушыларды білім алуды колледждерде жалғастыруға дайындауды мақсат етеді.

12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында оқу толығымен тереңдетілген бағдарлы дифференциациялану арқылы, оның ішінде оқушылардың жеке оқу бағдарламалары негізінде құрылады.

12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында да оқушылардың бейіні мен қабілетін дамыту әртүрлі таңдауы бойынша курстарды (пәндерді) оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) қамтамасыз етіледі. Бейінді сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.

12 жылдық жалпы орта білім беру үздіксіз білім беру принципін сақтауға қолайлы жағдай жасайды, орта және жоғарғы кәсіптік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Бейіндік оқыту – бұл 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыру, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.

12 жылдық білім беру жүйесінде бейіндік оқытуды ұйымдастыратын мектеп типтері [8] (2-сурет):


  • жалпы білім беретін ұйымдар;

  • бірбейінді мектептер;

  • тірек мектептер (ресурстық орталықтар).

Бейіндік мектептің негiзгi мақсаты бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бейіндік мектепте оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет:

  • Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту;

  • Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау;

  • Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет