Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет6/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

ӨТПЕЛІ КОМПОНЕНТТЕР

Тұлғалық мүдделер

Қоғамдық мүдделер

Мемлекеттік мүдделер

Білім беру мазмұнын жетілдірудің басымды бағыттары

БІЛІМ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ПӘНДІК ЖӘНЕ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

«Тіл және әдебиет» БС



«Мате- матика және инфор- матика» БС

«Жара- тылыс- тану» БС


«Адам және қоғам» БС


«Техно логия» БС


«Дене шынық тыру» БС



ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

Пәндер

ІІІ

Жалпы орта білім беру деңгейі



















































Бейінді оқыту оқушылардың өздігінен іздену және таным әрекеттері үлесінің айтарлықтай ұлғаюымен де ерекшеленеді, яғни оқыту бағытын таңдағанда саралаудың ішкі және сыртқы түрлерін есепке алу тиімді болады. Оқушының болашақ жоғары оқу орнына түсуіне және жоғары кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлық арқылы оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады.

Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда төмендегідей басқарушы ережелері



басшылыққа алады:

    1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.

    2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.

    3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:

а) Республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;

б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;

в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.

Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталуы керек.

Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.

Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.



Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер

«толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бейіндік

оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет