Техникалық-технологиялық бейін (ТжКБ).
Техникалық-технологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
материалдарды түрлендірудің қазіргі заманғы технологияларының негізін білу, қазіргі заманғы технологияларды өндірісте, ауылшаруашылық өндірісінде, экономикада, бизнесте,білім беруде, тұрмыстық және қызмет көрсету салаларында қолдану;
адамның тіршілік әрекетінің негізі формалары мен рухани өндірістің және материалдардың прогрессивтік технологияларын ұсыну;
өз қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және бағалау, қажетті білімді өз бетінше үйрену, графикалық жұмыстарды орындау, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтай алу және т.с.с.;
қызметін атқаруда, жобалау қызметтерінде даярлық құрылымымен бірге көркемдік-қолданбалы және конструкторлық, дағдыны қалыптастыру;
ғылыми-техникалық шығармашылықта компьютерлік технологияны көмекші құрал есебінде қолдануда озық қолданушының дағдысын меңгеру;
алған технологиялық білімін қолдана алу, кәсіби қызметін ғылым саласында, білім беруде, өндірісте, адамның тіршілік әрекетінде пайдалану;
дербестікке, алғырлыққа, адалдыққа, саналылыққа, өз қызметінің нәтижесінің жауапкершілігіне, кісілікке, командада жұмыс жасай білу, адамдарға құрмет, өзін-өзі ұстау мәдениеті және тату-тәтті қарым-қатынас, өмірде орны бар табиғи жаратылысты белсенді адам болып қалыптасуға тәрбиелеу;
кәсіби есептерді шешуде математикалық модельдеумен жүйелік талдауды қолдану арқылы технологиялық процестерді талдау қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық бейін (ТжКБ).
Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
экономикалық ойлау қабілетін, рационалды экономикалық тәртіп дағдысы қалыптастыруға, кәсіби оқуын жалғастыруға және практикалық қызметтің тиімділігі мақсатында алдағы алғышарттарды құру;
түрлі өмір жағдайларында өз бетімен шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қазақстандық қоғамның өмірдегі болып жатқан өзгерістерге оқушылардың әлеуметтік үйренісуі;
оқушылардың әлеуметтік ортада, кәсіпкерлік пен экономика саласындағы қызметтерге қалыптасуын дамыту;
азаматтылыққа тәрбиелеу мен адамдықты қалыптастыру және демократиялық бағалау мен оқушылардың көзін жеткізе білу;
қолдана білу қабілеті, ақпаратты талдау және қорытындылау, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық саласындағы реформалау жағдайында мақсат қоя білу және осы мақсатқа жетудің жолын табу;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қалыптастыру;
командалық жұмыста тиімді өзара байланыстылықты қалыптастыру, біріккен қызметте ролдерді бөлу қабілеттілігі; өз тәртібі мен қоршаған орта тәртібін сәйкесінше бағалау;
сыни ойлау дағдысын дамыту, стандартты емес креативтік есептерді шешу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Медициналық бейін (ТжКБ).
Медициналық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
ақпаратты талдау, қорытындылау және қолдану қабілеттілігі;
қазіргі замандағы ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп- тамырын түсіну;
талдау әдісін қолдану қабілеті, медицинаның практикалық есептерін шешу үшін қолданбалы статистиканы, түрлі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ете білу;
кәсіби мәнді тұлғалық сапаны қалыптастыру: логикалық ойлау, ес, мән беру, байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті, өзіне және өз ісіне сенімділікті қалыптастыру, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйрену, деонтология қағидасы бойынша сәйкесінше тәртіп стилін қалыптастыру;
медициналық желіге компьютерлік телекоммуникацияны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;
медициналық және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мәліметтер базасын жинақтау және талдау қабілеттілігі қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |