5 Қазақстандағы бейіндік мектептердің орналасуы
Білім және ғылым министрлігі облыстарда мектептерді бейімдеу картасын құрып, «Бейіндік мектеп» нормативтік базасын әзірледі. Бұдан еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіндегі жаңа бағыттарға сәйкес, орта мектеп түлектерін дайындау сапасына, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына деген талаптардың күшейгендігін көруге болады. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарындағы оқу сапасы бейіндік дифференциацияға негізделуі тиіс. Сонымен қатар, бейіндік оқыту білім берудің сапасын арттырудың тиімді тетігі, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің дамуындағы өзекті, перспективалы қажеттіліктерді жүзеге асырудың бірден бір оңтайлы тәсілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей 2015 жылы 12 жылдық білім беруде бейіндік оқытуға көшу толығымен жүзеге асырылады, соған байланысты өңірлерде жұмыс жасайтын мектептерді қайта құру және жаңадан бейінді мектептер құрылысы жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда республикада 7402 мектеп жұмыс жасайды, оның 5325-і орта, 1113-і негізгі, 964 бастауыш мектеп.
Жергілікті атқарушы ұйымдардың мәліметі бойынша 12жылдық білім беру аясында бейінді оқытуды жүзеге асырудың алдын ала болжамы жасалған (6- кестеде берілген).
Қазақстанда бейіндік білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай бейіндік мектептер мен бейіндік сыныптар ашу төмендегідей:
98 бейіндік мектеп құрылысы (қала-53, ауыл-45). Оның ішінде интернаты бар бейіндік мектеп -64, интернаты жоқ бейіндік мектеп – 34 мектеп;
жұмыс жасайтын орта мектептен қайта құрылған бейіндік мектеп саны - 92 (қайта жаңарту), оның ішінде 61-і қалада , 31-і ауылда;
2394 жұмыс жасайтын орта мектептен (қалада - 353, ауылда - 2041) бейіндік сыныптарды ашу жоспарланады.
кесте - 2015 және 2020 жылдардағы мектептің жалпы саны
Достарыңызбен бөлісу: |