Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет32/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Қорытынды
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды жүзеге асыру бірқатар жағдайларды, орындағанда мүмкін болады, солардың ішінде:

o тұжырымдаманың мақсаттары мен мазмұнын түсінетін облыстар, Астана, Алматы қалалары,қалалық, аудандық білім басшылығы, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары басшыларын,мамандарын даярлау;

o ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың және іске асыру шараларының бағдарламасын даярлау;

o педагогикалық басылымдарда, БАҚ жоғарғы сынып оқушыларын оқытудың жаңа үлгісінің негізгі идеяларын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;

o бейіндік оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орта білім берудің нормативтік құқықтық қамтылуын іске асыру;

o бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығы (біліктілігін көтеру және қайта даярлау) педагогтарының кәсіби дамуының стандартын әзірлеу;

o бейіндік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын дамыту;

o педагогикалық жұмысқа даярлаудың, жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім берудің стандарттарын орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығына сәйкес жаңарту;

o бейіндік оқыту жүйесін қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау.

Бейіндік оқуды мектепте іске асырудың қажетті жағдайларының бірі мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу және жаңа типті мұғалімдер даярлау болып табылады.

Келешекте 12 жылдық білім беруге көшу кезінде, жоғарғы мектептің алдыңда үлкен, бейіндік оқу мектебінде оқу-тәрбие жұмысына, мектеп пен қоғамның күрделі қайта құру кезеңінде жұмыс істей алатын кәсіби-білімді мұғалімдер даярлау міндеті тұр.

Типтік оқу бағдарламасының бейіндік оқыту бағдарына сәйкес ықпалданған пәндер, сондай-ақ бірқатар жаңа оқу пәндерін еңгізу көзделген.



Соған байланысты жұмыс істеп жүрген педагогикалық кадрлар қайта даярлықтан өткен болса, келесі оқу пәндерін оқыту мүмкін: «Қәзіргі әлемдегі Қазақстан» - тарих және география мұғалімдері; «Жаратылыстану» -физика, химия, биология мұғалімдері; «Өзін-өзі тану» - психолог, гуманитарлық пәндер мұғалімдері; «Ақпараттар технологиялары мен жүйелері»- ақпарат, технология және сызу мұғалімдері; «Әлемдік көркем мәдениет» - тіл және әдебиет, шет тіл мұғалімдері; «Ритарика» - тіл және әдебиет мұғалімдері; «Дизайн және жобалау» - сызу, көркем сурет мұғалімдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет