Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы



бет5/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Ғылыми және жасерекшелік принципі. Берілетін білімді мұқият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған принциптер, ғылымда нақты қолданылатын ұғымдардың енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің (зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.

Кіріктіру принципі. Бейіндік мектепте математика, физика, химия, биология, технология пәндері қоғамның индустриялдық-инновациялық дамуына, болашақ мамандығына дайындауға байланысты жоғары мектептің сәйкесінше пәндерімен мазмұнына қарай бір-бірімен кіріктіріліп келеді. Кіріктіру бұл бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі. Кіріктіру принципі арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Бейіндік мектеп пен жоғары мектеп компонентінің кіріктірілуі жалпы орта

білім беру мен жоғары білім берудің (бакалавриат) мазмұндарындағы сабақтастықты; 1-2 курс бакалавриатының жалпы білім беру циклі пәндерінің (қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, Қазақстан тарихы, информатика, саясаттану, философия, әлеуметтану, құқық негіздері, өмір қауіпсіздігінің негіздері) мазмұнын бейіндік мектепке көшіруді; бакалавриаттың жалпы білім беру пәндерінің (ЖБП) циклі азаюына байланысты базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алынған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.

Әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала тұлғасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мүмкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.

Нәтижелі шығармашылық принципі. Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс- әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейінділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с. жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол үшін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

Экологиялық принципі. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыру, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауын жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл, әрине, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.

Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа буын бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің барлық буынында оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінін, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.

Сонымен 12 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытудың мақсаты, бейіндік оқытуды дамытудың басымды бағыттары мен жүзеге асыру механизмдері, білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар (түйінді және пәндік құзыреттіліктер), білім мазмұнын жобалаудың дидактикалық принциптері негізінде жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы құрастырылды. Оны біз көрнекі түрде мынадай кесте арқылы ұсынамыз (2-кесте).




  1. кесте – 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау матрицасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет