Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы


Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады



бет7/81
Дата19.12.2021
өлшемі355,37 Kb.
#103354
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
12 жыл Астана 2013

Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады.


Соңғы 3 жылда бейінді оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейінді оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейінді оқытуды желілік ұйымдастыру түрі оқу орындарын қатыстыру есебінен іске асырылады.

Мектепішілік бейіндік оқыту. Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш- қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану- математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

Бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Осындай ынтымақтастықтың екі негізгі нұсқасы қарастырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.

Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.

Бейіндік оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарының оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бейіндік оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бейіндік оқыту ұйымдастырылады.



Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер

«толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.



Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы

білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта жоғары сыныптарда бейіндік оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бейіндік оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға ықпал етеді. Сондықтан бейіндік оқытуда жоғары сыныптарда бiлiм мазмұнын оқу жоспарының вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше. Білім мазмұнының вариативті бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың, мектептің ерекшеліктері жүзеге асырылады. Демократияландыру тұрғысынан бұл әр мектептің өзінің ерекшелігіне және аймақтың талаптарына сәйкес өз бағдарын таңдап алудың мүмкіндігін білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің ұсынылуы мектеп әкімшілігінен, әдіскерлерден, мұғалімдерден оқушыларды кәсіби бағдарлау үшін оны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды талап етеді.

Кәсіби бағдар мәселесі жеке адам үшін де, жалпы алғанда, қоғам үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынас заманы адамның үздіксіз кәсіби жетілуін талап ететін бәсекелестік жағдайына қойып отыр. Оның үстіне кәсіби бағдар мамандық таңдауға ғана емес, сондай-ақ адамның мамандығын жетістікпен өзгерте алуына, өзгермелі өмір жағдайлары мен кәсіби қызметке бейімделе алуына себептесуі тиіс. Адам өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған жағдайда ғана оның мәні оған жаңа қырынан танылып, өзіндік анықтала алатын толыққанды субъектіге айналады.

Өзіндік әлеуетін анықтау жасөспірім шақта басты құбылыс болып табылады және жоғары сыныптарда оқу-кәсіби қызметпен қатар жетекші қызмет атқарады. Жалпы алғанда кәсібилік тұрғыдан өзіндік анықталудың негізгі мазмұны өмірдің мәнін іздеу үдерісі сияқты. Өмір қандай да бір

«жетістік» емес, ол – үдеріс. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік анықталуы



  • «өмірдің мәні мен шешімін іздеу». Бұл жастағы оқушылар өмірдің мәнін іздейді, бірақ оған қажетті амалдар мен құралдарды білмейді. Өзіндік әлеуетін анықтаудың негізгі бағытына «таңдау кеңістігі», «өмір салты», «өмір сүру бағдары», «әлеуметтік рөл» мен «әлеуметтік стереотип» жатуы мүмкін. Өзіндік анықталуды күрделі әрі өзін өзі ұйымдастырушы жүйеде құрылымды жасаушы ретінде қарастыру арқылы кәсіби бағдарда синергетикалық тұрғыдан қарау арқылы төмендегі құрылымдық блоктарды көрсетуге болады:

    • кәсіби өзіндік анықталу;

    • таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;

    • кәсіби бағдар әдістері.

Осылай, жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылығына, қабiлеттілігіне сәйкес таңдап алатын вариативті компоненттің (қолданбалы, таңдау) курстары олардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

Мұғалім әрбір оқушыға онымен кеңесе отырып, тапсырма береді және оны оқушы өзіндік график бойынша орындағаны тиімді болады. Бұл жағдайда мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.

Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады (пәндік бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған):




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет