Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Рекомендовано к изданию решением Ученого совета Национальной академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 4 от 19 августа 2013 г.).
Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. - 69 б.
Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы. Методическое пособие. - Астана: Национальная академия образования им. Ы.Алтынсарина, 2013. - 69 с.
Үсынылып отырған әдістемелік құралда бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың Типтік ережесі, Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныптарға (мектепке) қабылдау Ережесі және Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы берілген. Еңбек бейіндік мектеп қызметін ұйымдастыруда және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.
Бұл әдістемелік құрал бейіндік мектеп басшыларына, жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сынып педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.
В методическом пособии рассмотрены вопросы состояния профильного обучения на сегодняшний день в 11-летней школе, а также вопросы организации профильного обучения (условия организации, типы и нормативно- правовые основы деятельности профильных школ) в условиях 12-летней школы.
Методическое пособие предназначено работникам системы образования.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013
© Национальная академия образования имени И. Алтынсарина, 2013
Кіріспе
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [1].
Сондықтан да қазіргі қоғам өмірінің барлық білім беру саласында, соның ішінде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [2].
Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен анықталған:
мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;
шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;
еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;
білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:
білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының алға қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;
орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;
- үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмүнынын. когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмүндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді үйғарады [2].
Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, түлғаның өзекті және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқыту үсынылады [3].
Бейіндік оқытудың мақсаты - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің қүрылымы мен мазмүнын үйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік оққіту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және
қүзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін үйымдастырудың әлемдік тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен байланыстырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған.
Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оққітуды дамытудың түжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтау, бейіндік оққітудың қүзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, яғни 12 жылдық бейінді мектепте оққітуға ауысу еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу мақсаттарына жету үшін зор маңызы бар мәселе болып отыр.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, бейіндік мектептің 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағын анықтауға арналған әдістемелік қүралын үсынып отырмыз.
Әдістемелік қүралда бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептердің орны, бейіндік білім беру мазмүны, бейіндік мектеп типтері мен оның ққізметін үйымдастырудың нормативтік-қүққіқтық негіздері берілді.
1 Қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептер
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Бейіндік мектеп» құру арқылы бейінді оқыту жүйесін енгізу басым бағыттардың бірі болып қарастырылған. «Бейіндік мектеп» бағдарламасы орта мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды [2]
.
Мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей, 2014 жылға қарай бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі. «Бейіндік мектеп» бағдарламасымен жұмыс істейтін жоғары мектеп (11-12-шы сыныптар) оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын болады.
2013 жылғы жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары жоғары білім стандарттарымен (бакалавриат) ықпалдастырылады. Жоғары білімнің жекелеген пәндері, мысалы, әлеуметтану, өзін-өзі тану, өмір қауіпсіздігінің негізі (ОБЖ), Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т.б. пәндер «Бейіндік мектеп» бағдарламасына ауыстырылатын болады.
Бейіндік оқу сабақтары қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану- математикалық және технологиялық бағыттар бойынша жүргізілмек. Бейіндік мектепке оқушылар ұлттық тестілеудің негізінде қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша бейіндік мектепте 10-шы сынып түлектерінің 60 пайызы оқуларын жалғастырады деп пайымдалуда. Және мұндай мектептердің жартысынан астамы, жатақханалармен қоса, ауылдық жерлерде ашылатын болады. Жоғары оқу орындарының негізінде де бейіндік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер құрылады. Қазіргі таңда базасында бейінді мектепте оқыту және орналастыру мүмкіндігі қарастырылған 40 жоғары оқу орны анықталып отыр.
Бейіндік оқытудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибелердің негізінде әзірленіп отыр. Барлық дамыған елдерде жоғары сыныптағы жалпы білім бейіндік болып табылады және бұл бағдарлама мектептердің соңғы екі оқу жылын қамтиды. Ондай елдердің қатарында Германия, Швеция, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Англия, Қытай, Жапония және т.б. елдер бар. Және аталған елдерде бейіндік мектептерде оқитын оқушылардың саны қазіргі таңда 70 пайыздан кем емес. Мысалы, Англияда бейіндік білім 12-13-ші сыныптарды қамтиды және оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайды. АҚШ-та бейіндік оқыту жүйесі орта мектептің соңғы 2-3 жылын қамтиды және үш бағыт бойынша: академиялық, академиялық емес және кәсіптік бағытта білім беріледі. Оның ішінде, бірінші бағыт - жоғары оқу орындарына түсуге, қалған екеуі - колледждерге түсуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда «Бейіндік мектеп» бағдарламасы 2015 жылдан бастап орта мектептердің, лицей-гимназиялардың, Зияткерлік мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында жүзеге асырыла бастайды.
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың өзектілігі бірқатар факторлармен, соның ішінде 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу, мектеп түлектеріне қойылатын нарық талаптары, білім беру деңгейлерінің
сабақтастығының қажеттілігі сияқты негіздермен мазмұндалады.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен практикасында әр тұрғыдан зерттелуде.
Бейіндік мектеп - бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады. Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар.
Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі - білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді. Яғни мұғалімді бейіндік оқытудың принциптеріне сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті білім беру іс-әрекетінің дара және топтық формаларын кіріктіруге, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ашық білім беру ортасын жобалауға, білім беру мазмұнының баламалылығын қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алу іс-әрекетін түрлі деңгейде ұйымдастыруға арнайы даярлау қажеттігі туады.
Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі - педагогта өзінің педагогикалық ойлауын жаңартуға, инновациялық іс-әрекет атқаруға мотивациялық дайындығын көтеруге, кәсіби өрлеуге сұраныс тудыратын құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады.
Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс- әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім - оқу, ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесшісі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақтанда жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларды кәсіпкерлікке оқыту, кәсіптік оқыту педагогтарын оқушыларды кәсіпкерлікке оқытуға кәсіби даярлау мәселелерін шешу бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отыр.
Осыған орай 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында Қазақстандық білім жүйесіне бейіндік оқытуды енгізу және бейіндік оқытуды жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар белгіленіп үйымдастырылуда.
2 Бейіндік мектепті ұйымдастыру жағдайлары
Қазақстанда бейіндік оқытуды үйымдастыру екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, білім беру мекемелерінің (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының қүрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру технологиялар спекторының кеңейуімен байланысты.
Қазақстанда бейіндік оқытуды үйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж.), жалпы орта білім берудің мазмүнының Түжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.
«Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бейіндік оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмүнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде үйымдастыру» қажеттігімен түсіндірілді.
Екінші кезеңі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын «Негізгі ережелер» (МЖБС 2.003. - 2002) енгізумен байланысты. Бүл қүжатта жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстандағы бейіндік оқытуды үйымдастырудың негізі анықталды.
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту түжырымдамасы 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту үлгісін және қүрылымын үйымдастыру бойынша негізігі идеяларды ашады. Бейіндік оқыту нәтижеге бағытталған 12 жылдық білім беру үлгісінде жоғарғы сыныптағылардың білім сапасын арттыру бойынша басқару жүйесін анықтауға бағытталған.
Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп (10-11 сыныптар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру енгізіледі. Бейіндік оқыту мазмүнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.
12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту арнайы жаңадан салынған бейіндік мектептерде және жалпы орта білім беретін үйымдарда (лицейлерде, мектеп-гимназияларда, колледждерде) жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру жүйесінде бейінді оқытуды жүзеге асыру - білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, түлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді қүзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Бейіндік оқытуда білім беру үдерісінің мазмүны жүйелі-әрекеттік және түлғаға бағдарланған тәсілдер әдіснамасына негізделіп, жеке оқытуды, өздігінен білім алуды, сол сияқты білім алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Бейіндік оқытуды дамыту түжырымдамасында: «бейінді оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бейімі үшін жағдай жасау, оқушылардың бейімділігі мен ққізығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің қүрылымы мен мазмүнын үйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі», - делінген [4].
Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының ққізығушылығына, бейіміне және қабілетіне қарай сараланған білім беру негізінде үйымдастырылады.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мақсаты:
оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық қүзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің үлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу;
жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмүнын саралап жіктеу үшін нормативттік және үйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау;
оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету;
жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз
ету.
Бейіндік оққіту жеке түлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оққіту;
білім мазмүнын саралауға және әр оқушының өзіндік білім траекториясын қүруға жағдай жасау;
жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету;
оқушының белгілі сала бойынша қабілетін үштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектеп ққізметін жетілдіру және ондағы
бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың өзектілігі:
мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;
қосымша білім беру;
болашақ мамандығына сәйкес білім алу бағытын таңдау;
шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын үйымдастыру тенденциялары;
еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы.
Бейіндік оққіту жүйесін дамытудың ықцалдастығы:
білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының әрі қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;
негізгі орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;
үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыру тәсілдерін үйлестіру.
12 жылдық мектептегі жоғары сынып, бұл жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты - оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта
білім беруде бейіндік оқыту, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытуды үйымдастыру барысында жаңа формаларды қолдану төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
оқушы өзі таңдаған бейіндігіне сәйкес терең білім алуға, алғашқы кәсіптік білімді меңгеруге мүмкіндік алады;
өзінің қабілеті мен бейінділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қол жеткізеді;
оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мүмкін, әрі міндетті деңгейлері жүзеге асырылып, мұғалім мен оқушы арасындағы қайшылықтың бір үлкен түйіні шешіледі;
білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;
бейіндік оқыту жеке адамының өзін-өзі дамытуда жетілдіру тұрғысынан ұйымдастырылғандықтан, сыртқы әсерден гөрі сыртқы мотивацияның үлес салмағы артып білімді игеру жолындағы табыстан туатын құштарлық, құлшынысы жетіледі, білімді игерудің жаңа қайнар көзі пайда болады;
білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.
12 жылдық білім жүйесіндегі бейіндік мектепте негізгі үш бағыт басшылыққа алынады:
бағыт: оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай негізгі компоненттермен таныс болуы тиіс [3]:
Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;
Оқу жоспарының инвариантты компоненті - орта білім берудің
Жалпы орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында беріледі.
11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту инварианттық компонентке енгізілген базалық пәндер мен жаңа мазмұнды бейіндік пәндер есебінде және вариативтік компонентті (мектептік және оқушы компоненттері) пайдаланумен жүзеге асырылады (1-кесте).