Бейіндік оқытудағы бейіндік пәндер және олардың мазмұны әр бағытта (жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:
оқыту бағыттарына байланысты сараланған түрде болады;
инварианттық компонентке қосылған және олардың бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;
жаңашыл және тәжірибеге бағытталған қолданбалы мазмұнды қамтиды;
көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;
бейіндік оқыту аясында жекелей және аралас пәндерді кіріктіру жолымен орта мектеп пен жоғары мектептің бакалавриат бағдарламасындағы
10
сабақтастықты қамтамасыз етеді.
11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттардың ішкі бағдарларға бөлінумен жүзеге асырылады, яғни жаратылыстану-математикалық бағыт химия-биологиялық, физика- математикалық және т.б. бағдарларға, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт филологиялық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және т.б. бағдарларға бөлінеді.
Жалпы орта мектептегі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттарындағы білім мазмұны 11-12 сынып оқушыларының мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық білім берудің мақсаттары: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; қоршаған әлемді түрлендірудегі математиканың, информатиканың, физиканың, биологияның және химияның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасау және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлау.
Жаратылыстану-математикалық бағыт жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер бойынша білім беру үдерісінде оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында физика-математикалық және химия-биологиялық білім беруді, оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды.
Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей бейіндік пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), математика, қолданбалы математика, физика, астрофизика, химия, биология, география, информатика, биохимия және биотехнология негіздері, экология және тұрақты даму, қазіргі заманғы химиялық технологияның негіздері, графика және проекциялау, компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер мен технологиялар және т.б.
Қоғамдық-гуманитарлық білім берудің мақсаттары: қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету; оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың гуманитарлық даму ортасын жасау; жоғары рухани-адамгершілік мәдениеттерін және тұлғааралық, этносаралық қатынас мәдениеттерін оқушылардың бойына сіңіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, тұлғаның өзін-өзі тануын және өз мүмкіндігін іске асыруын қалыптастыру және дамыту.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа қүндылықтарына қүрметпен қарауды оқушылардың бойында қалыптастыру, адамгершілік қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамыту, этикалық нормаларды сақтау, келешекте оқушыларды табысты әлеуметтендіру үшін қажетті тіл-қатынастық біліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатында тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік және көптілді білімді қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар, бейіндік пәндердің келесі қүрамымен қамтамасыз етіледі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиет, шешендік өнер, мәдени қазына, әлемдік әдебиет, шетел тілі, бағдар бойынша терминология (шетел тілінде), әлеуметтік-экономикалық география, экономика және менеджмент негіздері, әлеуметтану, кәсіпкерлік негіздері, қазіргі әлемдегі Қазақстан, Қазақстандық заңнама, этика мен шешендік өнер және т.б.
Бейіндік оққітудың технологиялық бағытының мазмүны үшін келесідей пәндер қүрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.
Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмүндағы пәндердің қүрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.
12 сыныптың түлектерінің жетістігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейімен біріңғай үлттық тестілеу нәтижесі бойынша анықталады.
Оқыту мазмүнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оққітуды үйымдастырудағы түлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет түрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (ққізығушылығына, әрекеттердің себептеріне, мақсаттарына т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық принциптер жатады. Осыған орай ғылыми түжырымдарға сүйене отырып, 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім мазмүнын жобалауда бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асырылуы тиіс:
Ғылыми және жасерекшелік принципі. Берілетін білімді мүқият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми түрғыдан айққіндалған принциптер, ғылымда нақты қолданылатын үғымдардың енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің (зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.
Кіріктіру принципі. Бейіндік мектепте математика, физика, химия, биология, технология пәндері қоғамның индустриялдық-инновациялық дамуына, болашақ мамандығына дайындауға байланысты жоғары мектептің сәйкесінше пәндерімен мазмүнына қарай бір-бірімен кіріктіріліп келеді. Кіріктіру бүл бірнеше жақын мазмүнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді бірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмүндық жүйесінің кірігуі. Кіріктіру принципі арқылы дүниенің біртүтастығы, оның қүбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Бейіндік мектеп пен жоғары мектеп компонентінің кіріктірілуі жалпы орта білім беру мен жоғары білім берудің (бакалавриат) мазмұндарындағы сабақтастықты; 1-2 курс бакалавриатының жалпы білім беру циклі пәндерінің (қазақ тілі (орыс тілі), шетел тілі, Қазақстан тарихы, информатика, саясаттану, философия, әлеуметтану, құқық негіздері, өмір қауіпсіздігінің негіздері) мазмұнын бейіндік мектепке көшіруді; бакалавриаттың жалпы білім беру пәндерінің (ЖБП) циклі азаюына байланысты базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алынған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.
Әр түрлі деңгейде оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде бала түлзасын дербес дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешу мүмкіндіктерін, алға қойған мақсатты шешудегі қарқындылығын дамыту.
Нәтижелі шызармашылыц принципі. Бағдарлама мазмұны тек әр пән бойынша білім мен тәрбие беруге және оны меңгертуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әр уақытта балалардың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс- әрекетін, оқушылардың қызығушылығы мен бейінділігін дамыту, ойлан тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с. жаңа нәтижелер жасауға бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.
Мәдениеттендіру принципі. Кез келген пәннің мазмұнында оқушылардың жеке басынан бастап оның жалпы мәдениетін көтеру, ол үшін отбасының гигиенасынан басталатын түрлі қатынастың біртіндеп, мәдени орталықтарды, адам баласының қай салада болсын Республикамыздың ғана емес, адамзат тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.
Экологиялық принципі. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыру, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.
Өлкетану принципі. Әр пәннің әр тарауын жергілікті материалдармен байланыстыра оқытуды талап етеді. Бұл, әрине, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.
Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа буын бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білімнің барлық буынында оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім беру барысында осы дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы негізінде баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету мәселесі жүзеге аспақ. Олар баланың жеке бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік, зейінін, тілі мен ойының, қимыл әрекетінің т.б. дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл дамулардың бәрі де бала мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.
Сонымен 12 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытудың мақсаты, бейіндік оқытуды дамытудың басымды бағыттары мен жүзеге асыру механизмдері, білім мазмұны мен оқушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар (түйінді және пәндік құзыреттіліктер), білім мазмұнын жобалаудың дидактикалық принциптері негізінде жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы құрастырылды. Оны біз көрнекі түрде мынадай кесте арқылы ұсынамыз (2-кесте).
2-кесте - 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау матрицасы
Рч
<
н
н
<
ч
<
Н
н
-0
н
<
ч
-0
«
О
н
-0
н
л
сн
ев
л
Ьн
ев
Ю
3
Рц
Н
н
Н
И
н
И
о
н
£
о
м
ҺН
ч
н
н
н
о
л
о
ев
Ю
сн
о
ч
о
н
>Н
сн
о
ч
о
СЦ
ч
(Ц
сн
'й
н
о
*
«■
3
н
3
ев
Ьн
о
й
3
4
ев
Ьн
Ч
>н
н
о
и
о
ч
3
о
о
и
X
о
ч
н
а
о
ю
|
«Мате-
|
|
|
|
|
«Тіл
|
матика
|
«Жара-
|
«Адам
|
«Техно
|
«Дене
|
және
|
және
|
тылыс-
|
және
|
шынық
|
әдебиет»
|
инфор-
|
тану»
|
қоғам»
|
логия»
БС
|
тыру»
|
БС
|
матика»
БС
|
БС
|
БС
|
БС
|
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАИЫНДЫҚ ДЕҢГЕИІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ПӘНДІК ЖӘНЕ ТҮИІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
ПӘНАРАЛЫҚ БАИЛАНЫСТАР
Пәндер
Пәндер
Пәндер
Пәндер
Пәндер
Пәндер
сн
о
ю
ю
я
н
а
о
2
с
п
X
д
Бейінді оқыту оқушылардың өздігінен іздену және таным әрекеттері үлесінің айтарлықтай ұлғаюымен де ерекшеленеді, яғни оқыту бағытын таңдағанда саралаудың ішкі және сыртқы түрлерін есепке алу тиімді болады. Оқушының болашақ жоғары оқу орнына түсуіне және жоғары кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлық арқылы оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады.
Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды үйымдастыру ережесіне байланысты.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда төмендегідей басқарушы ережелері басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.
Үйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:
а) Республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;
б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;
в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.
Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталуы керек.
Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.
Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.
Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.
11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бейіндік
оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады.
Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады.
Соңғы 3 жылда бейінді оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейінді оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейінді оқытуды желілік ұйымдастыру түрі оқу орындарын қатыстыру есебінен іске асырылады.
Мектепішілік бейіндік оқыту. Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш- қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.
Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мопо§- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. ро1у§ - көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану- математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Осындай ынтымақтастықтың екі негізгі нұсқасы қарастырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.
Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.
Бейіндік оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарының оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бейіндік оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бейіндік оқыту ұйымдастырылады.
Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.
Қызыгушылыгы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі - жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта жоғары сыныптарда бейіндік оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бейіндік оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға ықпал етеді. Сондықтан бейіндік оқытуда жоғары сыныптарда білім мазмұнын оқу жоспарының вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше. Білім мазмұнының вариативті бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың, мектептің ерекшеліктері жүзеге асырылады. Демократияландыру тұрғысынан бұл әр мектептің өзінің ерекшелігіне және аймақтың талаптарына сәйкес өз бағдарын таңдап алудың мүмкіндігін білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің ұсынылуы мектеп әкімшілігінен, әдіскерлерден, мұғалімдерден оқушыларды кәсіби бағдарлау үшін оны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды талап етеді.
Кәсіби бағдар мәселесі жеке адам үшін де, жалпы алғанда, қоғам үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынас заманы адамның үздіксіз кәсіби жетілуін талап ететін бәсекелестік жағдайына қойып отыр. Оның үстіне кәсіби бағдар мамандық таңдауға ғана емес, сондай-ақ адамның мамандығын жетістікпен өзгерте алуына, өзгермелі өмір жағдайлары мен кәсіби қызметке бейімделе алуына себептесуі тиіс. Адам өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған жағдайда ғана оның мәні оған жаңа қырынан танылып, өзіндік анықтала алатын толыққанды субъектіге айналады.
Өзіндік әлеуетін анықтау жасөспірім шақта басты құбылыс болып табылады және жоғары сыныптарда оқу-кәсіби қызметпен қатар жетекші қызмет атқарады. Жалпы алғанда кәсібилік тұрғыдан өзіндік анықталудың негізгі мазмұны өмірдің мәнін іздеу үдерісі сияқты. Өмір қандай да бір «жетістік» емес, ол - үдеріс. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік анықталуы - «өмірдің мәні мен шешімін іздеу». Бұл жастағы оқушылар өмірдің мәнін іздейді, бірақ оған қажетті амалдар мен құралдарды білмейді. Өзіндік әлеуетін анықтаудың негізгі бағытына «таңдау кеңістігі», «өмір салты», «өмір сүру бағдары», «әлеуметтік рөл» мен «әлеуметтік стереотип» жатуы мүмкін. Өзіндік анықталуды күрделі әрі өзін өзі ұйымдастырушы жүйеде құрылымды жасаушы ретінде қарастыру арқылы кәсіби бағдарда синергетикалық тұрғыдан қарау арқылы төмендегі құрылымдық блоктарды көрсетуге болады:
кәсіби өзіндік анықталу;
таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;
кәсіби бағдар әдістері.
Осылай, жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылығына, қабілеттілігіне сәйкес таңдап алатын вариативті компоненттің (қолданбалы, таңдау) курстары олардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.
Мұғалім әрбір оқушыға онымен кеңесе отырып, тапсырма береді және оны оқушы өзіндік график бойынша орындағаны тиімді болады. Бұл жағдайда мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.
Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады (пәндік бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған):
Пәндік цолданбалы(таңдау) курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, физика) білімді тереңдету.
Пәнаралық қолданбалы(таңдау) курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.
Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топқа бөлуге болады: а) көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курс. Мұндай курс пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді;
ә) қолданбалы арнайы курс, мұнда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіліп оқытылады.
Кәсіби бейіндік қолданбалы (таңдау) курстар, олардың мақсаты - оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру.
Вариативті компонент оқу курстары сәйкес жалпы білім беретін пәндерді зерделеу кезінде қалыптасқан оқушылардың білім мен біліктеріне негізделеді, сондай-ақ мамандыққа бағдарлауды жүзеге асыра отырып, жоғары сынып оқушыларының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.
Білім мазмұнын таңдап алу мәселесі әлеуметтік тәжірибеден алынатын іс- әрекеттер қатынасын және оларды орындауға оқушыларды дайындау үшін қажет функцияларды, игерілуі тиіс құндылықтар жүйесін анықтауды білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстарының мазмұнын таңдап алу үшін де орта білім мазмұны теориясы бойынша жалпыдидактикалық зерттеулерге жүгіну қажеттігі туындайды.
Жалпы орта білім беру мазмұнын анықтау бойынша зерттеулердің (В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.П. Беспалько, И.И. Логвинов және т.б.) жекелеген аспектілері оқушыларды бейіндік дайындық пен бағдарлы оқытудағы вариативті компоненттің, атап айтқанда, қолданбалы курстардың мазмұнын анықтау үшін ғылыми негіз болып табылады.
Қолданбалы курс мазмұнын таңдап алу мақсаттары оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттерін бірыңғай жүйеге байланыстыратын дидактикалық категория болып табылады. Бейіндік оқыту жағдайындағы вариативті компонент оқу курстарын оқыту мақсаттары қарастырылатын ғылым саласының мәні ескеріле отырып сипаттамалық түрде берілгені, ал оқу материалы деңгейіндегі мақсаттар оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде сипатталғаны орынды деп есептейміз. Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы
сабақтастықты орнықтыру болып табылады.
Бұл мақсаттардан, мысалы, келесідей нақты міндеттер туындайды:
мұғалім үшін - ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;
оқушы үшін - әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу және оны жүйелей алу.
Қолданбалы курстардың мазмұны күтілетін нәтижелер тұрғысынан дұрыс таңдалып алынған жағдайда оқыту үдерісін іс-әрекеттік және түлғалық- бағдарланған тұрғыдан қарау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.
Сонымен қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:
оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;
оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;
қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;
жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын элементар біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.
Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:
қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;
болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;
танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;
базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру;
бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді компенсациялау арқылы жүзеге асады.
Вариативті компоненттің оқу курстарын оқыту мақсаттары мен міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен критерийлерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.
Бейіндік оқыту жағдайында алдыңғы шепке жоғары сыныптардағы оқытудың мәнін сипаттайтын интегративтік, кешенділік, сабақтастық, келісімділік, түсініктілік және баздарлы базытталгандыц принциптері шығады деп есептейміз.
Интегративтік принципінің мәні бейіндік сынып оқушыларының бағдарлы пән мен қолданбалы курс бойынша дайындықты өзара байланыста алу болып табылады.
Сабацтастыц принципі бейіндік сынып оқушыларының оқуларын арнайы орта немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруы үшін оларға қажет базаны тудыруға ұмтылуымен сипатталады. Осылай, оқушылардың таңдаған оқу орнында бағдарлы пәндерді оқуын жалғастырып қана қоймай, кәсіби бағытталған дайындығы да жүзеге асады.
Кешенділік принципі таңдап алынған вариативті оқу курсының мазмұнына сәйкес пән бойынша білім мен біліктіліктердің негізгі кешенін бөліп алуды ескереді.
Келісімділік принципі қолданбалы курс пен пән бойынша сабақтардың мазмұны бойынша да, зерделеу уақыты бойынша да нақты сәйкес келу қажеттігін білдіреді. Бұл оқушының қолданбалы курсты зерделеу барысында игерген білімі мен біліктілігін жақын аралықта пән бойынша сабақтарда пайдалана алуы үшін қажет.
Түсініктілік принципі оқушылардың вариативті компонент мазмұнын қабылдауға дайындығын анықтайды. Мұнда оқущылардың берілген мазмұнның оқушылардың пән бойынша игерген білімдері мен біліктіліктерімен байланысы ескеріледі.
Бағдарлы базътталгандыц принцип жүйе құраушы болып табылады. Ол басқа принциптермен байланысқан және оларды үйлестіруші болып табылады. Дәл осы принцип берілген бейіндік қолданбалы курс мазмұнының ерекшелігін анықтайды.
Қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда Ю.К. Бабанский тұжырымдаған жалпыдидактикалық критерийлердің мәнділігін бағалай отырып, бейіндік оқытудың ерекшелігі тұрғысынан оларды жеткіліксіз деп есептейміз, сондықтан оларды бейіндік саралаудың мәнділігін айқындайтын төмендегідей критерийлермен толықтыру қажет:
Оцушылардың зерделенетін материалга цызығушылыц таныту критерийі. Сондықтан оқушылардың таңдап алған бағдарға оқушылардың ынталануын қолдап отыру қажет.
Білім мазмұнының әлеуметтік мәнділік критерийі. Қолданбалы курс оқушылардың проблемаларды шеше алу және ақпараттық сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатын көздейді.
Білім мазмұнының цолданбалы багытталгандыц критерийі. Бұл критерий сабақтарда оқушылардың өзіндік, практикалық жұмысына арналған мазмұн ауқымын арттыруды негіздейді. Оқу материалы әр түрлі аспектілердегі оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыратын біліктіліктер мен дағдыларды практикалық тұрғыдан шыңдауды ұйымдастырады, сондықтан оқу материалының іс-әрекеттік сипаты болуы тиіс.
Мамандыцца багдарлану критерийі. Бұл критерий болашақ кәсіби қызмет туралы элементар түсінікті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын мазмұнды таңдап алуды талап етеді.
Таңдап алган пән бойынша мемлекеттік стандарт мазмұнына сәйкес келу критерийі. Қолданбалы курс мазмұны таңдап алған оқыту бейініне сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты мазмұнды таңдап алу бейіндік пәнді тереңдету немесе кеңейту тұрғысынан жүзеге асырылады, ал бұл өз кезегінде бағдар құрылымындағы вариативті компонент оқу курсының орнын анықтауды талап етеді.
Бейіндік оқытудағы қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда білімнің функционалдық толықтығы басты талаптардың қатарына жатады. Бұл талапқа сәйкес келу білім мазмұнын кеңейту немесе тереңдету арқылы курсты мамандық дүниесіне бағыттау ретінде түрлендіруге мүмкіндік береді. Педагог- практиктердің білім мазмұнын таңдап алудың жоғарыда аталған критерийлерін білу оларға ең маңыздыны, бастыны ой елегінен өткізе отырып, оқушыларға көрсете алады.
Бұл көрсетілген критерийлер оқу курсының мазмұнын таңдап алудың принциптері сияқты бір-бірімен байланысқан; бірқатар жағдайларда бір ғана критерийдің өзі әр түрлі принциптердің жүзеге асуында қолданылады. Қарастырылған критерийлер бірін-бірі толықтыратынын және курс мазмұнын таңдап алу кезінде олардың барлығын ескеру қажеттігін атап өтеміз. Қарастырылып отырған проблема ауқымында қолданбалы курс мазмұнын анықтауда қолданбалы базытталзандыц және білім беру стандартына сәйкес келу критерийлері жетекші болып табылады.
Оқушылардың қабілеттілігін, мүдделерін және кәсіби ниеттерін ескеру арқылы бұл критерийлердің жүзеге асуы вариативті компоненттің оқу курсының мазмұнын түзуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы курстың жетекші құраушысы оқушылардың шызармашылыц іс-әрекет тәжірибесі болуы тиіс, өйткені жеке тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы дүние объектілеріне, оның ішінде мамандықтар дүниесіне деген құндылық қатынастары дамиды.
Эмоционалды-құндылық қатынас оқушылардың қандай да бір проблемалар мен міндеттерді шешуге қатынасын анықтайды. Сондықтан вариативті компонент оқу курстарын танымдық іс-әрекеттегі келесі біліктерді бөлу негізінде құру керек:
оқу пәні бойынша білімдерін ескере отырып, стандарт емес есептерді шығара алу білігі (шығармашылық біліктер);
оқу жұмысының жалпы тәсілдерін жүзеге асыра алу білігі (жалпы біліктер).
Қолданбалы курстар танымдық және практикалық іс-әрекеттің жаңа түрлерін қалыптастыруға бағытталғандығын ескере отырып, қолданбалы курстарды құру кезінде негізге келесі тәсілдер негізге алынуы мүмкін:
жүйелілік тұрғыдан қарау оқушы тұлғасының жүйелі дамуы ретінде оқу курстарының мазмұнын ашуға мүмкіндік береді;
әдіснамалық тұрғыдан қарау ерекшелігі тарихи-ғылыми материалда көрініс табатын танымның ғылыми әдісіне негізделеді. Бұл тұрғыдан құрылған курсты зерделеудің басты мақсаты - ғылыми таным әдістерімен таныстыру, қайсыбір зерттеушілік біліктіліктермен қарулану;
іс-әрекеттік тұрғыдан қарау қандай да бір бағдарды табысты игеруге үшін қажет іс-әрекет тәсілдерімен таныстыруды көздейді;
құзырлылық тұрғыдан қарау тәжірибеде өмірлік маңызды мәселелерді шешуге оқушыларды бағыттауды ескереді.
Бейіндік оқытуда қолданбалы курстарды оқытуды енгізу әрбір мұғалімнің оқыту әдістеріне өзгерістер енгізілуін ескереді. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курстарды жобалау мұғалімнен білім берудің келесі деңгейлерінде оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтауларына көмек беру мақсатымен кешенді түрде қарастыруды талап етеді.
Жалпы орта білім берудің мазмұны теориясында «білім мазмұнын таңдап алу көздері» ұғымы қарастырылады. Осы негізде біз вариативті компоненттің білім мазмұнын қалыптастырудың көздері ретінде мазмұны қандай да бір аспектіде білім мазмұны болып табылатын объектілер мен жағдаяттарды айтатын боламыз.Оған бейіндік оқытудың мәнін анықтайтын білім мазмұнын таңдап алу көздері:
ғылымның пәндік саласының проблемалары;
таңдап алған бағдардың ерекшелігін анықтайтын мәтіндер;
таңдап алған бағдарға сәйкес келетін кәсіби іс-әрекеттің түрлері;
бағдарға сәйкес келетін бейне, аудио материалдар жатады.
Сонымен, курс мазмұны белгілі бір факторларды және оқу материалын таңдап алудың сәйкес принциптері мен критерийлерін ескере отырып, ақпарат көздерінен таңдап алынады. Тек сондай жағдайда ғана оқыту мақсаттарына, оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, олардың қабілеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мазмұнды таңдап алуға болады.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру мүмкіндігі әрбір оқу пәнінде қарастырылады. Сондықтан қай білім саласы болса да кез келген қолданбалы курстың мазмұны арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін дамыту мүмкін деген қорытындыға келуге болады. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі келесі іс-әрекеттерді қамтиды: алдыңғы игерілген білім мен біліктіліктерді өз бетінше қолдана алу, дәстүрлі жағдаяттардағы проблеманы, нысандардың жаңа функциясын, зерделенетін нысанның құрылымын, жаңа қызметін, проблеманы шешу жолдарын байқай алу және т.б.
Демек, оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі қолданбалы курс мазмұнының жетекші құраушысы болып табылады, өйткені тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы қоршаған дүние нысандарына деген құндылық қатынастың дамуы жүзеге асады.
12-сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 10-сынып оқушыларын даярлау мақсатында педагогикалық-психологиялық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады. Жалпы орта білім беретін мектептер базасындағы бейіналды дайындық төмендегідей шараларды қамтиды:
мамандық таңдауда оқушыларға кеңес беру;
жергілікті жердегі мамандықтар туралы ақпарат беру (кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО), яғни дайындық жүріп жатқан мамандықтар бойынша;
оқушылардың алғашқы қалаған мамандықтары мен қызығушылықтары бойынша психологиялық диагностика, сонымен қатар тұлға типіне де диагностика;
«Мамандықтар әлемінде» атты іскерлік ойын ұйымдастыру;
әртүрлі оқу пәндерін оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің мониторингі;
оқушылардың қалауы бойынша жеке кеңестер беру.
10-сынып оқушыларының 11-сыныпта бағдарлы оқуды саналы түрде таңдауы үшін 10-сынып оқушыларының «үйренгім келеді», «қолымнан келеді», «қажет» деген сұрақтарға жауап алу мақсатында педагогикалық ұжым тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуі қажет. Осыған байланысты оқу бағдарын таңдауды анықтау үшін 9-10-сыныптар оқушыларына сауалнама жүргізілуі қажет. Аталған жұмыс жоғары сыныпта білім алушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыру үшін қажет. Сауалнаманың қорытындысы нәтижесінде білім алушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес келетін білім сұранысы қалыптасады.
Сауалнама алудың мақсаты - 9-10-сыныптар оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен қарым-қабілеттерін меңгеру және бейіндік оқытуды таңдауға дайындығын анықтау. Міндеттері:
белгілі бір бағдарлы оқытуға бейімін анықтау;
болашақ мамандығын таңдауға әсер ететін мотивтер мен факторларды айқындау;
оқушының бейінді оқытуды таңдау процесіне ата-аналарды тарту;
алынған нәтижелер негізінде ұсыныстар әзірлеу.
Бейіналды даярлық жүйесі 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауды: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.
Бейіналды даярлықта білім беру жетістіктерінің жиынтығын көрсететін негізгі құжат портфолио болып табылады. Онда оқушылардың атқарған жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға бағыттығын, оқу және шығармашылық әрі қызығушылық белсенділігінің қарқыны жөнінде мәліметтер беріледі.
Бейіналды даярлық педагогикалық ұжымның психологиялық- педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Онда оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығын дамыту, өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеру - бейіналды даярлықтың міндеттері болып табылады. Бейіналды даярлықтың құрылымы педагогикалық-психологиялық қызметтің бірқатар бағыттарын (насихаттау, диагностика, кеңес беру, т.б.) қамтиды. 9-10-сыныптарда осындай жұмыстар арқылы оқушылардың қарым-қабілеті, икемділігі, т.б. қасиеттері айқындалып, 11-сыныпқа келгенде оқушылар қалыптасқан стереотиптерге қарамастан (ата-ана, таныстарының ықпалы сияқты), қазіргі заман талаптарына сай (радиотехника, дизайн, стандарттау, т.б.) мамандықтар таңдай бастайды.
3 Бейіндік мектеп типтері
Бейіндік мектеп - жоғары сыныптарда бейінді оқытуды, бейіндік және таңдау курстары кіретін, білім алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз етуде жеткілікті қорлары жоқ мектептер мен білім беру ұйымдарын біріктіретін білім беру жүйесі.
Бейіндік мектеп бейіналды дайындық пен бейінді оқытуды және кәсіби оқу мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті іске асыру үшін, қажетті білім беру мүмкіндіктері бар қала маңында немесе аудан орталығында орналасқан, білім алушыларды жеткізуге қолайлы білім беру ұйымының базасында құрылады. Бейіндік мектеп білім беру процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Бұл бейінді курстардың оқу сабақтарынан, оқу зертханаларындағы таңдау курстарынан, шеберханалары бар мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұрады.
Қосымша білім беретін бейіндік мектеп - оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес барлық оқушының шығармашылық қабілеттерін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін ұйымдарды біріктіретін қосымша білім беру жүйесі. Қосымша білім беретін бейіндік мектеп білім алушылардың жан-жақты шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін тірек ұйымдары (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында құрылады.
Бейіндік мектеп білім беру ұйымдарының оқушыларына бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің барлық типтері мен түрлерін ұсынуы; білім беру қызметінің мәселелері бойынша өз базасында мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін практикаға бағытталған іс-шаралар жүргізуі мүмкін.
Бейіндік мектеп оқушыларының оқу бейінін таңдауы - бейінді оқыту құрылымының негізі, сондықтан оқушыларға үнемі ізденісте болып өз жолын табуына, жеке оқу маршрутын анықтауына көмек көрсетілуі басты назарда болуы тиіс.
Білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың бейінді оқыту мазмұнын анықтауға оқушылардың қызығушылығы, жеткен жетістіктері мен таңдаған мамандықтары көрсеткіш ретінде қабылданады, оқушылардың өздеріне қатысты аталған көрсеткіштерден бөлек ата-аналардың үміті, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, аумақ ерекшеліктері де белгілі дәрежеде әсер ете алатыны белгілі.
Бейіндік мектеп түлегінің өмір сұраныстары мен бәсекеге даяр болуы: оқушының білім, білік, дағдыларын теріп қана қоймай, өздігінен білім алуға құлшынысын ояту, сабақтастық ұстанымдарын сақтай отырып, кәсіби бағытқа бейімделген, тілдік функционалдық сауаттылығы, саяси-құқықтық, жаратылыс заңдылықтары бойынша білім негіздері қалыптасқан интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеу парыз.
Бейіндік білім беруді енгізу мақсаттарының бірі тілек білдірген барлық оқушыларға өзінің жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім алудың қолайлылығын және таңдаған бағытқа сәйкес пәндерін базалық кеңейтілген және тереңдетілген деңгейлерде оқытылуын қамтамасыз ету, әрі қарай оқу бағытын таңдау үшін жағдайлар жасау қажет болса, бір сыныпта екі бағытты қатар ұйымдастыру ауылдық мектептерде бала санының шектеулігіне байланысты проблема туындатады. Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық танытқан және қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады. Тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті таңдауда қиналып, оны жиі өзгертеді.
Бейіндік оқыту - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.
Бейіндік оқытудың мақсаты - оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.
Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.
Міндеттері:
жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;
білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.
Бейіндік оқыту - жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
Бейіндік оқыту негізінен 12 жылдық білім беру жүйесінде толығымен жүзеге асырылады. Сондықтан 12 жылдық мектеп құрылымына тоқталамыз (1- сурет).
1-сурет - 12 жылдық мектеп құрылымы
Қазақстан жағдайында 12 жылдық жалпы орта білім берудің оңтайлы әрі тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Ұсынылып отырған бұл құрылым аталған кезеңдерге толығымен сәйкес келеді.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады.
саты - жалпы бастапқы білім беру (1-4 сынып - бастауыш мектеп).
саты - жалпы негізгі білім беру (5-10 сынып - негізгі мектеп).
саты - жалпы орта білім беру (11-12 сынып - жоғарғы мектеп).
12 жылдық мектептің 2 сатысында бағдарлы дифференциалды оқыту белсенді ендіріледі. Ол негізгі мектептің соңғы екі жылын (9-10 сыныпты) қамтиды және оқушыларды білім алуды колледждерде жалғастыруға дайындауды мақсат етеді.
12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында оқу толығымен тереңдетілген бағдарлы дифференциациялану арқылы, оның ішінде оқушылардың жеке оқу бағдарламалары негізінде құрылады.
12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында да оқушылардың бейіні мен қабілетін дамыту әртүрлі таңдауы бойынша курстарды (пәндерді) оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) қамтамасыз етіледі. Бейінді сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.
12 жылдық жалпы орта білім беру үздіксіз білім беру принципін сақтауға қолайлы жағдай жасайды, орта және жоғарғы кәсіптік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Бейіндік оқыту - бұл 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыру, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
12 жылдық білім беру жүйесінде бейіндік оқытуды ұйымдастыратын мектеп типтері [8] (2-сурет):
жалпы білім беретін ұйымдар;
бірбейінді мектептер;
тірек мектептер (ресурстық орталықтар).
Бейіндік мектептің негізгі мақсаты бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бейіндік мектепте оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
Жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
Білім мазмүнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
Жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бейіндік мектеп типтері
Жалпы білім беретін
|
Қаладағы бірбейінді
|
Ауылдық
|
ұйымдардағы 11-12
|
мектептер
|
жерлердегі тірек
|
бейіндік сыныптар
|
(лицейлер - жаратылыстану
|
мектептер
|
(ЖМБ, ҚГБ және
|
-математикалық бағытында;
|
(ресурстық
|
технологиялық
|
гимназиялар - қоғамдық-
|
орталықтар)
|
бағыттар):
|
гуманитарлық бағытында
|
1) жаңадан
|
1) жалпы орта
|
және т.б.):
|
салынған мектеп-
|
білім беретін
|
1) бұрыннан жұмыс жасап
|
интернаттар
|
мектептердің
|
жатқан лицейлер мен
|
немесе қосымша
|
негізінде
|
гимназиялардың (оларды
|
жатақханасы бар
|
құрылады;
|
бейіндік мектептерге
|
мектептер
|
2) бейінді оқыту 2
|
айналдырып қайта құру
|
негізінде
|
немесе 3
|
арқылы) немесе жаңадан
|
құрылады;
|
бағытта жүзеге
|
салынған мектептер
|
2) бейінді оқыту 2
|
асырылады:
|
негізінде құрылады;
|
немесе 3 бағытта
|
жаратылыстану-
|
2) бейінді оқыту 1 бағытта
|
жүзеге
|
математикалық,
|
жүзеге асырылады:
|
асырылады:
|
қоғамдық-
|
- жаратылыстану-
|
жаратылыстану-
|
гуманитарлық
|
математикалық;
|
математикалық,
|
және
|
- қоғамдық-
|
қоғамдық-
|
технологиялық
|
гуманитарлық;
|
гуманитарлық
|
|
- технологиялық
|
және
|
|
|
технологиялық
|
2-сурет - Бейіндік мектеп типтері
Бейіндік мектеп оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бейінді пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:
Міндетті базалық пәндер;
Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;
Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;
«Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері» арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс.
28
Бейіндік мектепте оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:
базалық жалпы білім беретін пәндер;
бағдарлы пәндер;
қолданбалы курстар;
таңдау курстары.
Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер - барлық оқушылардың бәріне тегіс міндетті. Қолданбалы курстар - оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.
Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау.
Міндеттері:
оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;
қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;
жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.
Арнайы курс бағдарламаларының құрылымы төмендегідей:
Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні.
Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау.
Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:
курстың мақсаты;
оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;
пәнаралық кіріктіру;
кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;
уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.
Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.
Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.
Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
Үсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі).
Ал таңдау курстары - оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т.б.) есебінен жүзеге асырылады. Оқытуды бейіндеудің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс. Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бейіндері:
лингвистика,
филология,
тарихи-филология,
тарихи-құқықтану,
тарихи-қоғамтану және т.б.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бейіндері:
математика,
физика-математика,
математика-экономика,
физика-технология,
биология-химия,
география-биология,
биология-экология,
экология-салауаттану және т.б.
Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:
шығармашылық ойлауды дамыту;
өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;
есептеу жүйесі;
есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері).
Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.
Жаратылыстану-математикалық бағдар үшін оқушылардың таңдауына төмендегідей қолданбалы курстарды ұсынуға болады:
логика;
дифференциалдық теңдеулер;
қолданбалы физика;
радиотехника және электроника негіздері;
математика және бағдарламалау;
молекулярлық биология;
биотехнология т.б.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары:
Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түйсіктік- ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;
Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды,
пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;
Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;
Қосымша білім беру пәндерін ендіру.
Күтілетін нәтижелер:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру;
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу- әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру;
Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау;
Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету;
Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу проблемасын шешу.
Технологиялық багытындагы оқыту бейіндері:
химия;
биология;
физика;
технология;
графика және жобалау.
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды қамтамасыз етудің ең тиімді механизмдерінің бірі тірек мектебі (ресурстық орталық) болып табылады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқыту білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден-бір құралы ретінде қарастырылады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытудың мақсаты 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ресурстарды (қорларды) тиімді басқаруды негіздеу.
Міндеттері:
мектеп бітірушілерді бейінді оқытуға және кәсіби өз-өзін айқындауына септігін тигізетін білім беру ұйымдарының желілік байланыс құруына қолайлы жағдай туғызу жолдарын анықтау;
білім беру процесін бейінді оқыту (даралап оқыту, білім мазмұны мен әдістемесінің оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне және білім алу қажеттіліктеріне сәйкестігі) міндеттерін шешуге бағыттап құрудың ғылыми-әдістемелік негіздері;
оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың кәсіби өзін-өзі айқындауына және сапалы білім алуына жағдай туғызатын бейінді оқытудың оңтайлы үлгісін ұсыну.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу сессияларының мазмұны оқушының шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін арттыру, бейінді оқытуға көшу шараларын жүзеге асыратын бағытта құрылады. Сессиядағы бағдарлы оқыту барлық 10-сынып оқушыларының қызығушылықтары ескеріле отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытып қана қоймай, ауқымы кең білімдік кеңістік құруға негізделеді.
Осы орайда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай мектебі «Альянс» ресурстық орталығының іс-тәжірибесін ұсынамыз [5].
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) екі бағыттағы оқу пәндері бойынша 10-11-сынып оқушыларына арналған бейінді оқыту бағдарламасы берілген. Пәндерді ресурстық орталық мектептерінің материалдық базасы және оқытушы кадрлардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қолдануға икемдеп, модульдерге бөлуге болады.
модульде оқушыларға міндетті білімді оқыту қамтамасыз етіліп, екі бағытқа ортақ тақырыптар қамтылады.
модуль 1-модульде қамтылмаған инвариантты білім мазмұнын қарастырады, сессиядағы сабақ мазмұны 2 модуль негізінде анықталады. Мысалы: 1-тоқсандағы 10-сыныпқа арналған математика курсы. 1-тоқсанда 9 оқу аптасы бар, демек, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы математика пәніне 3х9=27 (сағ) бөлінеді. Ал жаратылыстану-математика бағытында 4х9=36 сағ (алгебра - 18 сағ, геометрия - 18 сағ) оқуы тиіс, оның 27 сағатын жалпы мектепте оқитын болса, қалған 9 сағатын ресурстық орталыққа сессияға келгенде оқиды.
3, 4-модульдер мазмұны мектеп мұғалімдері күшімен дайындалады. 3- модульдегі қолданбалы курстар Бейінді оқытудың құрамына кіріп, негізгі бейіндік пәндерді оқыту және маманданудың ішкі бейімін қолдау қызметін атқарады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бір түрін ұйымдастыра отырып, бейіндік пәндер бойынша білім, білік, дағдыны кеңейту, оқушылардың қолданбалы дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктерін туғызады.
модуль таңдау курстары базистік оқу жоспарының оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады, Бейінді оқытуға енгізілмей, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сабақ кестесі 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде 2 модуль мазмұнына байланысты тестілер, әр бағыттың ерекшелігіне байланысты тереңдетіп оқыту, дамыту бағытындағы тақырыптар қарастырылады. Мысалы, жаратылыстану- математика бағыты бойынша математика, химия, биология, география, физика пәндері, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, қоғамдық білім негіздері, өнер пәндері оқытылады. Модульдік, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша пәндік сабақтар мен зертханалық, сарамандық, тәжірибелік жұмыстар атқарылады.
Сабақ кестесінің 2-бөлімінде мектеп ұсынған элективті курстардың ішінен оқушылардың өз қалауымен, таңдауы бойынша игеретін өзіндік жобалық зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған оқу жоспарының вариативтік бөлігі қамтылады. Мысалы, сессияалды жұмыстарында жүзеге асқан әрекетке байланысты оқушыларға екі бағытта таңдау курстары ұсынылады. Мысалы, «Жоғары математика бастамалары», «Қиын есептер», «Агрохимия», «Агрофизика», «Өлкетану», «Компьютерлік графика», «Күләштану», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі», «Іскер ағылшын тілі», «Развитие речи», «Әлем әдебиеті», «Тіл мәдениеті», «Құқықтық логика», «Мәдениеттану», «Экология негіздері», «Ұлттық дүниетаным» сияқты курстар.
Сессия кезінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Жоғары математика бастамалары», «Агрохимия», «Агрофизика», «Экология негіздері», «Компьютерлік графика», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі», «Іскер ағылшын тілі» таңдау курстары таңдалды, оқу-тәрбие үрдісінің жаңа түрдегі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы қамтамасыз етіледі.
Жобалау әдісі тиімді пайдаланылған қолданбалы курстар оқушы бойындағы ақпараттық жобалау, рөлдік жобалау, лингвистикалық, зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, шығармашылық-зерттеушілік мәселелерді шешуге бағытталған оқушы іс-әрекетін ұйымдастырып, танымдық біліктілігін дамыту, білімді өздігінен игеріп әрі қолдану дағдысын, өзгермелі ортаға тез бейімделу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылған. Осы орайда, ресурстық орталықта бейінді оқытуды ұйымдастырудағы ізденіс жұмысы мазмұнынын. үлгісін ұсынамыз (3-кесте).
3-кесте - Ізденіс жұмысының мазмұны
|
Ізденіс жұмысының мазмұны
|
Қыркүйек - сессияалды жұмыстар
|
Оқушының қалауы бойынша курсты таңдау, бекіту, курстың 1-модулі бойынша зерттеуді кеңейту жолдарын қарастыру, жоба тақырыбын анықтау
|
Күзгі сессия
|
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңін жүзеге асыру
|
Сессияаралық
жұмыс
|
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер
Оқушы күнделігін жүргізу
Жұмыс портфолиосын жинақтау
Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)
|
Қысқы сессия
|
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңін жүзеге асыру. І кезеңде оқушы портфолиосын бағалау
|
Сессияаралық
жұмыс
|
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер
Оқушы күнделігін жүргізу
Жұмыс портфолиосын жинақтау
Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)
|
Көктемгі
сессия
|
Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІІ кезеңін жүзеге асыру. Оқушы портфолиосының рейтингісін шығару, бағалау
|
Сессияаралық
жұмыс
|
Жоба жұмыстарын қорғауға дайындау, рәсімдеу
|
Қорытынды
|
Жобаларды қорғау. Рефлексия
|
«Бейіндер біліктілігі» әдіснамасы. Әдіснаманы ағылшын педагогтері даярлаған. Оқушыға әр аумақтағы біліктілігін анықтау үшін күнделікті толтыру үлгісі ұсынылады (4-кесте).
Оқушының әрекетке қатысын көрсететін «оқушы күнделігін» жүргізіп отыру өз кезегінде түзету жұмыстарын енгізгенде, келешекте басқа жоба құрғанда қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді.
4-кесте - Күнделікті толтыру үлгісі
Аумақтағы
|
Мен мұны жасай
|
Мектептен тыс
|
Мұғалім қолы
|
бейіндік
|
аламын
|
|
жерде қолдана
|
(күні, айы)
|
біліктілік
|
(бағандардың біріне
|
алатын біліктілікті
|
|
|
«+» белгісін қой)
|
көрсетуге тырыс
|
|
|
Көмекпен
|
Көмексіз
|
|
|
Ресурстық орталықтың сессиялары және сессияаралық жұмыстары кезінде жоғары сынып оқушыларына әртүрлі деңгейдегі қызықты да тартымды іскерлік ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ таңдау курстары бойынша өзекті тақырыптарды таңдай отырып жобалар қорғалады.
1-9-сыныптарда жүргізілген бейіналды және 10-11-сыныптардағы бейіндік дайындық бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысының нәтижесін көру үшін 1-4-сыныптарда «Көркем сөз», 5-7-сыныптарда «Маржан сөз», 8- сыныптан бастап «Шешендік өнер», «Жас тілші» сияқты курстар сабақтастыра жүргізіледі. Осының негізінде ресурстық орталықта «Ақ желкен» жастар баспасөз орталығы ұйымдастырылды. Әрине, барлық оқушылар тіл маманы немесе тілші болуы мүмкін емес, бірақ бұл жұмыстар өз тілін жете меңгерген, дұрыс ойлай, сөйлей және жаза білетін, әлеуметтенген жас ұрпақты заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу сияқты мемлекет саясатындағы өзекті мәселені жүзеге асырады [6].
Әрбір бала болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта да көңілі ояу, көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын білдіріп, шешімін таба білу шарт. Мұндай дәрежеге жету үшін жас ұрпақтың сапалы білімі мен шығармашылық қабілеті болуы керек.
ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы - тіл» десе, заманымыздың көрнекті ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы - сөз» - дейді. Жеке адамның ақыл санасындағы, ішкі жан дүниесіндегі шығармашылық қабілетін дамытуда сөз өнерінің орны ерекше. Сөз құдіреті қай уақытта болмасын өз маңызын жойған емес. Оқушы шығармашылығының бұлағы да сөз өнерінен бастау алады. Ендеше, сөз маржаны арқылы көкірек көзге әсер етіп, шәкірт жүрегін ұлттық рухпен сусындатып, ой-санасын рухани-адамгершілік құндылықпен жетілдіру - бүгінгі заман талабы. Сондықтан 5-7-сыныптарда ұсынылып отырған «Маржан сөз»
бағдарламасының мақсаты - оқушының білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту, сөз өнері арқылы халқымыздың әдеби бай- мұраларын, дәстүрін қадірлей білетін ойы нәрлі, тілі ұшқыр болашақ тұлға тәрбиелеу болса, басты міндеті - функционалдық сауатты, шығармашылығы жоғары маман даярлауға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан курс мазмұнына «Сөз өнері - өмірді танытатын қуатты құрал», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», «Қазақ мақал-мәтелдерінің орысша баламалары», «Сөз асылы - шешендік» сияқты тараулар енгізілді.
Ал «Жас тілші» бейіндік бағдарламасының түсінік хатында 12 жылдық білім беруге көшудің мақсаты - өзін-өзі дамыта алатын және тез өзгеретін өмірдегі жағдаяттарға байланысты өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің тапсырыс талабын қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру болып табылатыны көрсетілген. Орта білімнің үшінші сатысын құрудағы жаңа принципті көзқарас оқытуда білім мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізуге байланысты туындайды.
Осыған орай, «Жас тілші» бағдарламасы оқушыларды тіл мәдениеті мен публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді сақтап, кез келген тақырыпта еркін сөйлей білуге үйретеді. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау шеберлігін үйрету арқылы пікір жазуға, авторлық позицияны тануға бағыттайды. Сонымен қатар оқушыларды танымдық зерттеу, бақылау, бағалау жұмысына икемдеп, өзіндік айқындама беруге, түйінді мәселелер шешуге, өзін- өзі тани отырып, өз талабын қанағаттандыруға дағдыландырады.
Бұл бағдарлама жоғарғы 8-10-сынып оқушыларына арналған. Ол адам өміріндегі сөз мәдениетінің мәнін аша отырып, сөздерді стильдік нормаларға сай қолдана білуге дағдыландырады. Оқушының сөз қолдану іскерлігін шыңдай отырып, дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, өзіндік ой-тұжырымын, өзекті ойын, дәлелін шығармашылық деңгейде жеткізе білуге тәрбиелейді. Бұл бағдарлама арқылы оқушының функционалдық сауаттылығы мен құзырлығын қалыптастыруға ықпал жасалады. Курс мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығын жетілдіретін өзекті мәселелерді қамтиды. Мәселен, курсқа қысқаша шолу жасасақ:
«Тезис және конспект» (5 сағ). Басты мәселе және негізгі ой. Негізгі ойды қорғаудағы ішкі логика. Аргументтер мен фактілер. Тақырыпқа сай цитата таңдау. Конспектінің құрылымы. Негізгі фактілер мен мысалдар. Ой ықшамдау және қысқаша мазмұндау. Практикалық жұмыс: «Жоспар». «Тезис».
«Конспект».
«Репортаж» (10 сағ). Репортаж - публицистикалық стиль ішіндегі газет жанрының бір түрі. Репортаж дайындаудағы сөздің көркемдегіш және суреттеме құралдарының маңыздылығы. Репортаж тақырыптарының түрлері.
«Интервью» (сұхбат) (6 сағ). Интервьюдің қолданылу аясы. Интервьюдің тақырыбы мен міндеттері. Интервьюдің құрылымы секілді оқушының функционалдық сауаттылығын қамтитын маңызды тақырыптар қамтылған.
Айта кететін бір жайт, «Ақжелкен» жастар баспасөз орталығының филиалдары ретінде Тасарал, Ортадересін, Торанғылық магниттік мектептерінде «Көк толқын», «Тұнық», «Шағала» газеттері жұмыс жасайды және оқушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық, аймақтық газеттердің бетіне жиі шығып тұрады.
Тілдер орталығы оқушылардың мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, шешендік дәстүрді жаңғырту, әдеби көркем сөйлеуге, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде іс-шаралар атқарды. Балалардың шығармашылығын ұштауда, тіл өнеріне жетелеуде бұл орталықтың еңбегі өте зор. Оқушылар мектеп мәселелерімен бірге өз қонысының да мәселелерін баспасөз бетінде жариялайды. Бұл әрекет оқушыларды туған өлкені сүюге, елжандылыққа тәрбиелейді. Оқушылар шығармашылығы бірінші мектеп газетінде жарияланады, үздік шығармалар аудандық, облыстық басылымдарға жіберіледі.
Тілдер орталығының басшылығымен «Көптілдік» интеллектуалдық ойын өткізіледі.
Заң және құқық меңгеру орталығы оқушылар мен педагогтер арасында нормативтік құжаттар арқылы білімді жетілдіру, оқушыларды құқықтық білімнің алғашқы сатыларымен «адам және адам факторлары», «азаматтық қоғам», «мінез-құлық ережелері», «құқық нормалары», «жауапкершілік» ұғымдарын қамтитын білім негіздерімен таныстыруға бағытталған.
Ресурстық орталықтар білім берудің жоғарғы сатысындағы оқушылар үшін бағдарлы оқыту мазмұнын сессия және сессияаралық кезеңде ұйымдастыруға жағдай жасап, жұмыс мазмұнын анықтайды.
Күзгі сессиядағы әрекеттер.
Мақсаты: оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
•оқушының кітапханаға барып, картотека бойынша жұмыс жасай білуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру;
баспасөз материалдарымен жұмыс жасай алу машығын арттыру;
ақпараттық ізденісті жоспарлай білу әрекетін дамыту;
акпарат көздерімен жұмыс ұйымдастыруын жүзеге асыру.
Күтілетін нәтиже:
бір және бірнеше көзден ақпарат ала білуі;
алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі;
шешім қабылдауға қажетті ақпараттарды анықтай алуы;
сәйкес ақпараттарды тіркеу;
мүмкін ақпарат көздерін анықтау;
Интернеттен қажетті сайдтарды анықтау, ақпаратты алу [6].
Тірек мектебі (ресурстық орталық) айрықша сала ретінде түсіндіруді көздейтін, жаңаша тұрпатты мектеп моделін ұсынады. Ресурстық орталық оқу- тәрбие процесін жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясын қолданады.
Шағын жинақты мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының қосымша білім алуына, 10, 11-сыныптарда бейінді оқытуды жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясының орны айрықша [7].
Қашықтан оқыту технологиясы бойынша магниттік мектеп оқушысы тапсырмалар және тестілерді мұғалімдердің бақылауымен өзіне ыңғайлы уақытта орындай алады. Сондай-ақ ресурстық орталық мұғалімі материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады, тапсырмалар беріп, консультациялар жүргізеді. Қашықтан оқыту оқушының оқудағы ынтасын бақылайды. Ресурстық орталықта жылына үш рет магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары ұйымдастырылады.
Алғашқы сессия кіру сессиясы болғандықтан, екінші оқыту сессиясына дейінгі аралықта оқушылармен кіру сессиясында анықталған олқылықтарды түзеу және негізгі сессияға даярлық жүргізу үшін оқушыларға тапсырмаларды қашықтан оқыту элементтері арқылы жүргізген дұрыс. Оқу мүмкіндігі әртүрлі оқушылармен мұғалім жекелей жұмыс жасай алады.
Қашықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті білім алушылардың мынадай өз бетінше жұмыстарын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында өз бетінше жұмыс құрайды. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Бүгінде ресурстық орталық қашықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде, білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бесаспап әрі өміршең түрлері бола алатындай сапасы жоғары оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқушылар келешекте кәсіби мамандануына қажетті қазіргі ақпараттық технологияларды меңгереді. Сонымен бірге оқушылар өз отбасынан алшақтамай, қалыпты өмір сүру жағдайында оқытылып, әр оқушы өзінің жеке дамуына, түрлі білімділік қажеттілігін қанағаттандыруына, сапалы біліммен қамтамасыз етілуіне, сәтті әлеуметтендірілуіне мүмкіндік алады.
4 1 ч о • • •• • ••
Бейіндік мектеп қызметшщ нормативтік-құқықтық негізі
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы әлемдік білім берудің даму үрдісіне толық сай және оған қайшы келмейді. Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында (1996), жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасында (1996) көрініс тапты. Қазақстанда бейіндік оқыту 12-жылдық білімнің МЖМБС сәйкес қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Орта білім мазмұнын бағдарлы жіктеу бойынша қазақстандық тәжірибені талдау барысында, 12-жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың моделін құрылымдау кезінде жағымсыз салдарларын ескеру қажет болатын 11- жылдық білім берудегі бейіндік оқытудың бірқатар мәселелері анықталды: материалдық-техникалық базаның сәйкессіздігі; кадрмен жеткіліксіз қамтылуы; бейіналды даярлық жүйесінің жетілмегендігі; бейіндік оқытудың екі бағытпен шектелгендігі; бейіндік оқытудағы білім мазмұнының басқа білім деңгейлерімен сабақтастығының жүзеге аспағандығы; бейіндік мектепте оқушылардың оқуын жалғастыруға ынтасының төмендігі; бейіндік оқыту нәтижелерін бағалаудың дұрыс жүйесінің болмауы; шағын жинақты мектептер жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы қиыншылықтар [8].
Жоғарыда аталған 11 -жылдық білім беру кезіндегі бейіндік оқыту мәселелерін және әлеуметтік тәжірибені ескере отырып, 12-жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту моделін құрастырылды (5-кесте).
Қазақстанда бейіндік мектептер қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІУ Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№1684 Қаулысымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 14.12.).
кесте - Қазақстанның инновациялық мектептерінде бейіндік саралап оқытудың даму кезеңдері
Кезеңдері
|
Уақыты
|
Сипаты
|
1
|
1990 - 1993 жж.
|
Инновациялық мектептердің қалыптасуы. Бейіндік (бағыттары) оқутудың негізі қаланды. Саралап оқытудың құқықтық алғы шарттары құрылды. Шетел тәжірибесін қолданылу.
|
2
|
1994 - 2002 жж.
|
Бейіндіктің мазмұны анықталды. Қосымша білім беру бағдарламалары бейімделді. Саралап оқытуда жүзеге асыруда инновациялық мектептердің қосымша нормативті-құқықтық ерекшеліктері. Базистік оқу жоспары негізінде саралап бейінді оқытуды кеңейту, оқу жоспарын ның вариативтік бөлімін ұлғайту.
|
3
|
2002 - 2005 жж.
|
МЖБС негізінде бейіндік оқытуды енгізу. Вариативтік білім беру бағдарламасын құру. Жаңа оқу мекемесінің моделінің мен саралап бейінді оқыту негізінде оқушылардың болуы.
|
4
|
2012 г
|
Қазақстан Республикасының 23 тамыз 2012 ж. №1080 қаулысында мемлекеттік жалпы міндетті орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартында бейіндік оқытудың идеясын жүзеге асыру жалғасын тапты.
|
Достарыңызбен бөлісу: |