Бейіндік оқытуды енгізу жалпы білім беру ұйымдары әр түрлерінің жиынтығын анықтауды және қолданыстағы жалпы білім беру ұйымдары туралы типтік ережені өзгертуді талап етеді.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі бірнеше нормативтік- құқықтық құжаттарды дайындауды қажет етеді, әсіресе: «Жалпы білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру туралы ережемен қамтамасыз ету».
12 жылдық мектеп жағдайында концептуальдық және нормативтік негізін дамыту және бейіндік оқытудың механизмін жүзеге асыру:
39
Бейіндік оқыту бағдарламасының «Бейіндік мектеп» моделін жүзеге асыру.
«Көпбейіндік жалпы білім беру мектебінің» моделі жалпы білім беру мектептерінің негізінде құрылады және оқыту ішкі бейімдеудің екі бағытында: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық -гуманитарлық;
«Бейіндік мектеп» моделі заңды өзіндік білім беру ұйымы, жалпы білім беретін 11-12 сыныптар деңгейінде «Бейіндік мектеп» бағдарламасын жүзеге асурушы;
Жергілікті атқару мекемесі регионның әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне байланысты бейіндік мектепті ашу туралы шешімді қабылдайды;
«Жоғарғы оқу орындарында бейіндік оқыту» моделі жоғарғы оқу орындарының базасында құрылады және ЖОО кадрлық потенциалы мен материалдық-техникалық базасы: технопарктерді, ғылыми зертханаларды, ақпараттық ресурстарды және бейіндік оқыту бағдарламасын пайдаланып жүзеге асырады. Бұл модель білім алушылардың қалалық жағдайда оқытуға бағытталған.
«Ресурстық орталық - Бейіндік мектеп» моделі - білім беру ұйымы балаларды ауылдық елді мекендерде бейіндік оқыту үшін ірі ауылдық елдердің құрылады. Жақын жердегі ауылдың оқушылары интернатта тұрады немесе оларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Онда қажетті кадрлар, оқыту және материалдық - техникалық базасы, оқушыларға бейіндік оқыту мақсатында мамандықтың бастапқы деңгейін, ауыл жастарының мүдесін, ауылды сақтау және дамыту ескеріліп құрылады [9].
Бейіндік оқыту бастапқы ауылдық мамандық бойынша келесі бағыттарда ұйымдастырылуы мүмкін: фермерлік шаруашылық, ауылшаруашылық
машиналары, тігін тігу ісі, көлік жүргізу, коммунальдық шаруашылық, құрылыс, тұрмыстық қызмет көрсету (аумағы) сферасы және т.б.
Мектеп бітірушілер оқуды аяқтағанда куәлік алады, ол тиісті емтиханды тапсырған соң, өзінің таңдаған бейініне сәйкес (жүргізуші, тракторшы, механик, слесарь, құрлысшы, тігін ісінің шебері және т.б. болып) жұмысқа орналаса алады. Бұл оқушылардың 11-12 сыныптарында оқуға ынталандырады, жасөспірімдердің жанұяда тәрбиелену проблемасын шешеді, ауыл жастарының жұмыспен қамтылу жағдайын жақсартады, ауыл тұрғындарының қалаға көшіп қонуын және жастар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетеді.
Бейіндік оқытуды дамытудың тағайындалған басым міндетеріне сәйкес 12 жылдық мектепке өту жағдайында оның жүзеге асыру механизмдері анықталды:
білім алушылардың жекелеген қабілеті мен бейімділігін анықтауда және болашақ тұлғалық және кәсіптік мамандығын жоспарлауда отбасылық тәрбиенің орны мен ролін және психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейту;
қамқоршылық кеңестің ролін күшейту, психологиялық және
профориентациялық қызметті жақсарту;
ТОБ вариативтік компонентіндегі пәндер мазмұнын кеңейту және жетілдіру жолымен бейіндік оқытуды диффернециациялау;
жаңа мазмұндағы бейіндік пәндерді енгізу, ТОБ вариативті компонентін кеңейту, жекелеген білім беру траекторияларын жүзеге асыру;
нәтижеге-бағдарланған таңдау бойынша курстар мен қолданбалы курстардың механизмдері мен мазмұнын жетілдіру;
білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі- қызметтік әдістерін қолдану;
эксперименттік міндеттер мен өмірлік проблемаларды шешудің әдістерін қолдануды кеңейту, білімді қолданудың практикалық дағдысын дамыту, моделдеу, жобалау және құрастыру;
бейіндік оқытудың мазмұны мен әдістерін және кәсіптік білім берудің басқа деңгейлерін кіріктіру: кадрлық, ақпараттық және ғылыми-өндірістік ресурстарды бірігіп қолдану;
«Бейіндік мектеп» бағдарламасы мазмұнына бакалавриаттың жалпы білім беретін пәндерін кіріктіру, ЖОО жанында бейіндік мектеп құру;
бизнес және бейіндік мектеп арасында тиімді ынтымақтастықты дамыту: оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуы, білім беру процесін ұйымдастыру және оқу-өндірістік базасында сабақтардың практикалық бөлігін өткізу, оқыту нәтижесін бағалау, оқуға және мамандықты игеруді ынталандыру;
оқу-өндірістік жағдайына сәйкес құру, әлеуметтік серіктестікті дамыту;
оқытудың дуальды жүйесіне өтуді енгізу;
оқытудың кредиттік жүйесі элементтерін енгізу;
бейіндік оқытуды оқу-әдістемемен қамтамасыз етуді жетілдіру: қолданбалы курстардың қосымша бағдарламаларын, білім алушылар үшін оқу материалдарын және мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар әзірлеу және таңдау мүмкіндігі;
бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін арнай бағдарламадан өткен, магистрларды дайындау жүйесін реттеу;
кадрлық потенциал мен оқу-өндірістік базасына сәйкес «Ресурстық орталық- Бейіндік мектеп» құру;
бейіндік мектептегі оқыту нәтижесін бағалаудың критерилік жүйесін жасау, түлектердің академиялық білімімен қатар түйінді құзыретіліктер мен оқытудың таңдаған бағыттары бойынша практикалық дағдылардың қалыптасуын бағалау;
түлектердің мемлекеттік аттестациясы жүйесін, бейіндік оқыту бағыттарын ҰБТ талаптарына бара -бар жетілдіру;
курсты өту туралы сертификаттар тапсыру және мамандықтың белгілі бір түрлері бойынша құзыреттіліктерді иелену жүйесін жасау [10].
12 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 56- бабына сәйкес әзірленуде.
Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім берудің стандарты:
орта білімнің базалық және бейіндік (міндетті) мазмұнынының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды;
білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру үдерісін ұйымдастырудың жағдайларын, білімді бақылау және бағалауды белгілейді;
жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
білім беру үдерісін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді қолдану, жалпы білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауды нормативті қамтамасыз етуді белгілейді.
Орта білімнің мақсаты - білім алушылардың тұлғасын рухани- адамгершілік және интеллектуалдық дамуын, оның кәсіптік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, «Бейіндік мектеп» бейінді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың келесі денгейлерінде оқуын жалғастыруға дайындау.
Білім алушылардың дайындық деңгейі білім берудің метапәндік және пәндік нәтижелерімен анықталады.
Білім алушылардың метапәндік нәтижелері (түйінді құзыреттіліктер) бір, бірнеше немесе барлық оқу пәндері базасында меңгерген білім беру үдерісі аясында да, нақты өмірлік жағдаяттардағы проблемаларды шешуде де қолданылатын қалыптасқан әмбебап қабілеттіліктер болып табылады; пәндік нәтижелер оқу пәндері аясында қалыптасатын білім, білік, дағдылар болып табылады.
Түйінді құзыреттіліктерге қалыптасуы әрбір орта білім беру деңгейлерінде сабақтастық ескеріле отырып қадағаланатын тұлғалық, азаматтық, әлеуметтік, басқарушылық, қатысымдық, ақпараттық, технологиялық құзыреттіліктер жатады.
Базалық пәннің мазмұнын меңгеруі төмендегідей метапәндік нәтижелерді (түйінді құзыреттіліктерді) қамтамасыз етуі тиіс:
белсенді азаматтылық ұстамдылық көрсету, жоғары патриоттық сезім, өз отанына қызмет көрсетуге дайындығы және оны қорғауға қызығушылығы;
елде болып жатқан оқиғаларды адекватты қабылдау қабілеттілігі, азаматтық және патриоттық, жоғары этикалық бағалау негізінде ұжымдағы өз орнын білу;
ҚР Конституциясын сақтау және білу, заңдарды білу және мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздерін сыйлау;
жалпыадами мәдениеттегі жетістіктер және ұлттық мәдениет, этномәдениет, дәстүр ерекшеліктерін, мәдени негізде тұлғалық, жанұялық және әлеументтік өмірдің негіздерін біліп меңгеру;
қазақ халқының және Қазақстан аумағынданда тұратын басқа этностардың тарихын, мәдениетін және салт дәстүрін және басқа да
бағалауларын сыйлау;
мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілді қарым-қатынас, танымдық, өзін-өзі дамытуға қолдануға өз орнын сезіну;
басқа елдермен байланыс жасау үшін және ақпараттарды алуға мәдени қарым-қатынас құралы ретінде қолдану үшін орыс және шет тілдерін меңгеру;
өз елінің, туған жерінің табиғатын байытуға және сақтауға ұмтылу, қоршаған ортаны қорғауда белсенді орнын табу;
зіл-зала және қауіпті жағдайларда дұрыс және қауіпсіз жағдайды таңдау;
адамдық қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік көрсету, этикалық нормаларды сақтау;
жанұяда этиканы сақтау, кішіге құрмет және үлкенге ізет көрсету, жанұя мүшелеріне және айналасындағы адамдарға жақсылық жасау, оларға көмектесу;
діни сипаттағы және заңға қайшы, идеологиялық деструктивті бағыттарды қабылдамау;
салауатты өмір салтын ұстау және соны жария ету, өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау ережесін сақтау;
өзінің тұлғалық сапасын, көшбасшылық қабілетін дамытуға ұмтылу; өзін-өзі дамытуға ұмтылу;
өзінің даму траекториясын және өзінің іс- амалын жоспарлау, оны іске асыру қабілеті;
ұжымның қызметін ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;
өмірдің түрлі жағдайларына байланысты шешім қабылдай алу қабілеті;
талдау және жаңашыл ойлау қабілеттілігін көрсету, ғылым негізін тану процесінде жобалық-ғылыми қызметтерге белсенді қатысу;
қызметінің мақсатын анықтай алу қабілеті (күтілетін нәтиже) және қойылған мақсатқа жету үшін тактикалық амалдарды таңдау;
топтық жұмысқа ойдағыдай кірігуі және тиімді әсер ету қабілеттілігі;
жеке адамдармен сөйлескенде әңгімелесушінің ерекшеліктерін ескере отырып және топ алдында немесе аудиторияда таза, түсінікті сөйлеу қабілеті;
АКТ жұмыс жасай білу және ақпаратты өңдеу және талдай білу;
ақпаратты жіберу және сақтау, қолдану, түрлендіру, түзету, талқылау талдау, алу қабілеттілігі;
өз білімін жетілдіру үшін ақпараттық технологиялар көмегімен алынған ақпараттарды қолдану тәсілдерін білу;
түрлі пәндер бойынша (оп-1іпе, қашықтықтан оқыту, е-іеагпіпд) оқу есептерін шешу үшін ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана білу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, технологиялық процестерді құрастыру және моделдеу тәсілін және оны оқу-үйрену қызметінде қолдану қабілеті;
жобалық-зерттеу қызметінде және технологиялық есептерді шешуде практикалық қолдана білу тәсілі;
ақпаратты бейнелеудің графиктік тәсілі оны оқу-тану және зерттеу қызметінде қолдана білу;
өндірістің жаңа ғылыми технологиялары туралы қолданбалы білімімен, жаңа материалдар мен оларды ғылыми-техникалық және индустриалды-инновациялық модернизацияда қолдану тәсілін меңгеру;
еңбекте компьютер меңгерудің және автоматтандырудың, механизацияның негіздерін меңгеру;
практикадан өту кезінде және оқу кезінде техника қауіпсіздігін сақтай
білу;
өндірісте қолайсыз жағдайлар болғанда қоршаған орта үшін және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәдениетін білу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс [11].
Жалпы орта білім бейіндері мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) деңгейінде оқыту бойынша (түйінді құзыреттіліктер) метапәндік нәтижелер төмендегідей анықталады:
Физикалъщ-математикалъщ бейін пәндердің мазмұнын меңгеру келесі метапәндік нәтижелерді:
ақпаратты қолдану, жинақтау және саралау қабілеттілігі, ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жағдайында мақсат қою және олардың жетістікке жету жолдарын іздеу;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігі;
информатика, математика, физика, астрономия, моделдеу, графика және жобалау және т.б. облыстарында білімдерін жүйелендіру қабілеттілігі;
ақпараттық қоғамның мәні мен даму мәселесін түсіну;
математика, физика есептерін қоя білу мен шешу, және де ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданып, қолданбалы есептерді жобалау;
қолданбалы обылыстарда талдау әдістерін концептуальды, логикалық, және физикалық-математикалық деңгейде қолдану қабілеттілігі;
түрлі пәндер облыстарының нысандары моделдерін және де физикалық-математикалық есептерін түрлендіру және жобалау, талдау, құрастыру;
математиканың, физиканың талдамалы және имитациялық есептерін және де үйлесімді жобалықтар шешімі мен оның параметрлерін таңдау мақсатында бағдарламалық-аппараттық әзірлеме тәртібі моделдеуін орындау қабілеттілігі;
өз құзыреттілігі аумағында жеке шешім қабылдай алуы және өз бетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігі;
әр уақытта жаңа білім алуға құштарлығы және жаңа технологияны меңгеру қабілеттілігі;
өмірдің әртүрлі салаларында базалық және қолданбалы білімін қолдана білу біліктілігі;
әлемнің ғылыми суреттемесі туралы және диалектикалық әлемдік көзқарасын қалыптастыру қабілеттілігі; физикалық табиғаттағы аспан денелері; жер және космостық процестердің байланысы;
есептерді шешудің практикалық тәсілін және адекватты теориялық әдістерін табу қабілеттілігі;
қиындық деңгейі бойынша және аспаптар жиынтығына қарай нақты есептерді зерттеуді орындау үшін ең лайық қажетті шешуді таңдау қабілеттілігі;
есептерді шешу үшін жаңа аспап құралдарын қолдану және табу біліктілігі;
қолданбалы есептерді шешу үшін шығармашылыққа тәрбиелеу;
әлемдегі адамның орнын түсіну, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, өмірлік есепті, практикалық есепті шешу үшін алған білімі мен біліктілігін қолдану біліктілігін;
түрлі ғылымдар мен пәндердің өзара байланысын көре білуін қамтамасыз етуі тиіс.
Химия-биологиялъщ бейін.
Химия-биологиялық бейін пәндерін оқуда түйінді құзыреттерін қалыптастыру және келесі метапәндік нәтижесін:
Жаратылыстану ғылымы білімдерін және ақпаратты қолдана білу мен кеңейту біліктілігін жүйелендіру;
экологиялық мәдениеттің, экологиялық-гуманистік көзқарастың әлемдік ғылыми суреттемесінің негізін қалыптастыру;
жаратылыстану, гуманитарлық және технико-технологиялық ғылымдарының өзара тәуелділігі мен өзара байланысын түсінуді қалыптастыру;
экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және этикалық қызметтерге адамның және жаратылыстану ғылымы мен технологиялық өндірістің қоршаған ортаға әсерін нысаналы бағалау;
оқу, жобалық-зерттеу, шығармашылық қызметтеріне өз бетімен оқу тәсілдерін меңгеру;
зертханалық құралдарды қолдану кезінде сынақ қызметі жұмысының қауіпсіздік біліктілігінін қалыптастыру;
тәжірибелік-экспериментті жұмыстарын жүргізуді, ғылымды тану әдісін қолдануды қалыптастыру;
меңгерген білімін дамытуды және түрлендіруді, талдауды қалыптастыру;
жаңашыл технологияларды меңгеруді және әр уақытта білімін жаңартуға ұмтылуды қалыптастыру;
Казақстанның индустриалды-жаңашыл модернизациясы үшін технология және білімді меңгеруге ұмтылуда, туған өлкесінің табиғи байлығын сақтауда ынталы іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Филологиялъщ бейін.
Филологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастыруды және келесі метапәндік нәтижелерді:
қазақ тілінің ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде мағынасын бағалау мен сезіну ролі;
қазақ әдебиетінің мәнін рухани-адамдық факторының тұлғалық дамуында қазақ халқының ұлттық-мәдени бағасының құрамдас құзыреті ретінде сезіну;
орыс тілін табиғи тасығыш ана тілі ретінде және ұлтаралық қатынас тілі ретінде сезіну;
сөз стилдерін меңгеру: әңгімелесу және әдеби (ресми-іскерлік, ғылыми, публицистикалық, көркемдік);
қазақ/орыс тілдерінің әртүрлі қоғамдық қызмет салаларында қолданудың ерекшелігін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық,
ғылыми, ресми емес күнделікті қарым-қатынас және т.с.с.;
қарым-қатынас саласында және өз ойын айта алатын сөйлеу жанрында өзара байланыс заңдылықтарын ашу қабілеттілігі;
әлеуметтік қарым-қатынас және коммуникациялық құралдарын ауызша және жазбаша сөйлеуге қодана білу;
диалогты, пікірталасты жүргізу мәдениеті; іскерлік этикасы ережесін білу және қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.
Тарихи-цүцъщтъщ бейін.
Тарихи-құқықтық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
ең мәнді тарихи оқиғалар мен процестерді, тарихи оқиғалардың себепті-салдарлы байланыстарын түсіндіруді және талдауды қалыптастыру;
Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процесстердің ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру;
адам мен азаматтың бостандығы және конституциялық құқығын білу біліктілігі; Конституциямен кепілденген құқық пен бостандықты қорғау қабілеттілігі, алған білімін қолдана білу қабілеттілігі;
оқушының жалпы мәдени, адамдық-рухани сапасы, этикалық нормаларды меңгеру;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалъщ бейін.
Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін оқуда міндетін қисынға келтіру және келесі метапәнді нәтижесін:
әртүрлі өмір жағдайларында өз бетінше шешім қабылдау түсінігін меңгерту, экономикалық сауаттылық және экономикалық ойлау негізін қалыптастыру;
оқушылардың еліміздің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсене араласуына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру;
кәсіпкерлік қызметке алғаш араласуға қажетті білім мен білік қалыптастыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып қолданбалы есептерді шешу мен қоя білу қабілеттілігі;
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалар мен үрдістерге дәлелді тұлғалық баға бере алу қабілеттілігі;
қабылданған экономикалық шешім үшін жауапты болу қабілеті; еңбек пен кәсіпкерлік қызметке құрметпен қарау;
әдеттегі экономикалық міндеттерді орындауда, жалдамалы қызметкердің ретінде жұмыс жасауда және экономикалық салада өзін-өзі тиімді танытуда алынған білім мен білікті пайдалану білігі;
топтың, әлеуметтің жұмысына белсене араласу және тиімді әрекеттесу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;
ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;
ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;
жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;
ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;
кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;
педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалъщ-технологиялъщ бейін (ТжКБ).
Техникалық-технологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
материалдарды түрлендірудің қазіргі заманғы технологияларының негізін білу, қазіргі заманғы технологияларды өндірісте, ауылшаруашылық өндірісінде, экономикада, бизнесте,білім беруде, тұрмыстық және қызмет көрсету салаларында қолдану;
адамның тіршілік әрекетінің негізі формалары мен рухани өндірістің және материалдардың прогрессивтік технологияларын ұсыну;
өз қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және бағалау, қажетті білімді өз бетінше үйрену, графикалық жұмыстарды орындау, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтай алу және т.с.с.;
қызметін атқаруда, жобалау қызметтерінде даярлық құрылымымен бірге көркемдік-қолданбалы және конструкторлық, дағдыны қалыптастыру;
ғылыми-техникалық шығармашылықта компьютерлік технологияны көмекші құрал есебінде қолдануда озық қолданушының дағдысын меңгеру;
алған технологиялық білімін қолдана алу, кәсіби қызметін ғылым саласында, білім беруде, өндірісте, адамның тіршілік әрекетінде пайдалану;
дербестікке, алғырлыққа, адалдыққа, саналылыққа, өз қызметінің нәтижесінің жауапкершілігіне, кісілікке, командада жұмыс жасай білу, адамдарға құрмет, өзін-өзі ұстау мәдениеті және тату-тәтті қарым-қатынас, өмірде орны бар табиғи жаратылысты белсенді адам болып қалыптасуға тәрбиелеу;
кәсіби есептерді шешуде математикалық модельдеумен жүйелік талдауды қолдану арқылы технологиялық процестерді талдау қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық бейін (ТжКБ).
Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
экономикалық ойлау қабілетін, рационалды экономикалық тәртіп дағдысы қалыптастыруға, кәсіби оқуын жалғастыруға және практикалық қызметтің тиімділігі мақсатында алдағы алғышарттарды құру;
түрлі өмір жағдайларында өз бетімен шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қазақстандық қоғамның өмірдегі болып жатқан өзгерістерге оқушылардың әлеуметтік үйренісуі;
оқушылардың әлеуметтік ортада, кәсіпкерлік пен экономика саласындағы қызметтерге қалыптасуын дамыту;
азаматтылыққа тәрбиелеу мен адамдықты қалыптастыру және демократиялық бағалау мен оқушылардың көзін жеткізе білу;
қолдана білу қабілеті, ақпаратты талдау және қорытындылау, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық саласындағы реформалау жағдайында мақсат қоя білу және осы мақсатқа жетудің жолын табу;
ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қалыптастыру;
командалық жұмыста тиімді өзара байланыстылықты қалыптастыру, біріккен қызметте ролдерді бөлу қабілеттілігі; өз тәртібі мен қоршаған орта тәртібін сәйкесінше бағалау;
сыни ойлау дағдысын дамыту, стандартты емес креативтік есептерді шешу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Медициналық бейін (ТжКБ).
Медициналық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
ақпаратты талдау, қорытындылау және қолдану қабілеттілігі;
қазіргі замандағы ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп- тамырын түсіну;
талдау әдісін қолдану қабілеті, медицинаның практикалық есептерін шешу үшін қолданбалы статистиканы, түрлі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ете білу;
кәсіби мәнді тұлғалық сапаны қалыптастыру: логикалық ойлау, ес, мән беру, байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті, өзіне және өз ісіне сенімділікті қалыптастыру, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйрену, деонтология қағидасы бойынша сәйкесінше тәртіп стилін қалыптастыру;
медициналық желіге компьютерлік телекоммуникацияны қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;
медициналық және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мәліметтер базасын жинақтау және талдау қабілеттілігі қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Көркемдік-технологиялық бейн (ТжКБ).
Көркемдік-технологиялық бейін пәндерін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
ақпаратты талдау мен қорытындылау, қолдану мүмкіндігі;
жоспарлау, ұйымдастыру және басқарудың белгілі бір есептерін шешуге бағытталган ақпаратты жинау және талдау;
жобалық жұмысты жобалау мен ұйымдастыруға қисынды дұрыс, шығармашылық және дәлелді түрде келу қабілеттілігін қалыптастыру;
көркемдік-өнеркәсіптік өндіріс негізінің түп-нұсқасы мен проблемасын түсіну;
бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнердің түрлі облыс қызметтерінде дербес көркемдік-шығармашылық қабілеттілігі;
кәсіби саласында практикалық есептерді шешу үшін бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнердің базалық біліміне түрлі бағдарламалармен (ЛёоЬеШизігаіог, СогеЮКА^, РһоШ8һоһ, ЭёзМаХ^езідп 2012) қамтамасыз етуді қолдана білу қабілеттілігі;
Қазақстан аумағында тұратын қазақ халқының және басқа этностардың тарихына, мәдениетіне, дәстүріне және басқа да құндылықтарына сыйластық білдіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Аграрлық-техникалық бейін (ТжКБ).
Аграрлық-техникалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
математиканы базалық пән ретінде, физиканың заңдары мен құбылыстарын талдау және қорытындылауды қолдана білу қабілеттілігі;
түрлі техникалық құралдарда болып жатқан есептер шығару әдістерін
нақты анықтау қабілеттілігі;
электротехника есептерін шешу жолдары мен мағынасын түсіну;
түрлі есептерді шешу кезінде математикалық және физикалық есептеулерді қолдану қабілеттілігі;
қазіргі заманғы техниканы қолдана отырып жалпыэнергетикалық және дербесэнергетикалық есептерді шешу қабілеттілігі;
анализдің есептеу әдістерін қолдану қабілеттілігі, электроэнергетиканың практикалық есептерін шешу үшін математика, физика, информатиканы білу;
кәсіби есептерді шешу үшін қоғам мен табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процесстерді ескере отырып әлеументтік-экономикалық, технико-технологиялық және экологиялық факторларды қолдану қабілеттілігі;
өзінің кәсіби қызметін бағдарлау үшін қажетті экономикалық ақпараттарды қолдану және табу қабілеттілігі;
нарықтық қатынас жағдайында ақпаратты талдау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;
түрлі тауарлар мен қызмет көрсету нарығында сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін болжау және талдау қабілеттілігі;
кәсіби қызметтің түрлі салаларында ұйымдастырушылық-басқару, ғылыми-талдамалық жұмыстарын жүргізу қабілеті;
қазақ, орыс, шет тілдерін әлеуметтік-тұрмыстық және ғылыми қарым- қатынаста қолдану, басқа тілді ортада кәсіби қызметі мен оқуын жалғастыру қабілеттілігі;
ауыл шаруашылығы саласындағы практикалық есептерді шешу үшін анализдік есептеу әдісін, қолданбалы математиканы білу, статистиканы, түрлі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етуді қолдана білу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Педагогикалық бейіні (ТжКБ).
Педагогикалық бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:
гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;
ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;
білім беру процесінде практикалық есептерді шешу үшін анализдің математикалық әдістерін қолдану, қолданбалы математика, статистиканың түрлі бағдарламаларымен қамтамасыз ету қабілеттілігі;
кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға жүйелік анализдің математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;
математикалық әдістердің көмегімен ақпаратты талдау және қорытындылауды пайдалана білу қабілеттілігі;
ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;
жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;
ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;
кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;
педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Жалпы орта білім берудің бейіндік пәндер мазмұнына қойылатын талаптар:
Бейіндік пәндерді көп тілде оқытуға мүмкіндік беріледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыт екі бейінді қамтиды: физикалық- математикалық және химиялық-биологиялық.
Физика-математикалық бейінге келесі пәндер кіреді: «Математика» (жетік деңгей), «Физика» (жетік деңгей деңгей), «Информатика және АКТ», «Епдіізһ &г зресійс ригрозез», «Графика және жобалау», «Жаңашыл технологиялар негіздері» (көптілдік оқыту).
Физит-математитлъщ бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
математиканың, физиканың, графика мен жобалаудың есептерін және де моделдеудің жаңа құралдарын іс-тәжірибе мақсатында пайдалана білу;
физика, математика, есептерін шешудің практикалық мәнінің танымдық мүмкіндіктерін және де жобалау мен моделдеуді нақтылықтың танымының ғылыми әдістері ретінде ұсыну;
білім алушылардың математикалық және физикалық моделдеудің аппаратын игеруге машықтану, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білмін қалыптастыру;
әртүрлі сипаттағы физикалық-математикалық моделдеудің қолданылуын қалыптастыруда элементарлық практикалық біліктілігін меңгерту;
моделдеу мен жобалауда қолданылатын кең көлемде таратылған физико- математикалық әдістерін ұсыну;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс.
Химия-биологиялық бейіні «Химия» (жетік деңгей), «Биология» (жетік деңгей), «Табиғат пайдалану мәдениетінің негіздері», «Епдіізһ &г зресійс ригрозез», «Информатика және АКТ», «Жаңашыл технологиялар негіздері» (шет тілде оқыту).
Химия-биологиялық бейіннің мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ету үшін:
пәнаралық байланысты сақтай отырып, жаратылыстану ғылымдары
циклы пәндерін кең көлемде және тереңдетіп оқыту;
жаратылыстану ғылымдарының қазіргі заманғы тұжырымдамасы білімін меңгеру;
жоғарғы білім деңгейінде оқыту мазмұны мен химия, биология және география білім мазмұндарының сабақтастығы және сәйкес бейінін таңдауы мен оқуын жалғастыруға бағыттау;
қазіргі заманғы жаратылыстану негізін тану әдістері және оны оқу саласында практикада қолдану;
қиын деңгейлік теориялық және қолданбалы сипаттағы есептерді шешудің практикалық дағдысына үйрету;
жаратылыстану ғылымы нысандары мен процестерін үйренуді және моделдеуді жасауды қалыптастыру мен дағдысын дамыту;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуы тиіс [12].
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт төрт бейінді қамтиды: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық және «Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінін.
Филологиялық бейінге:
Қазақ тілінде оқитын мектептерге арналған «Қазақ тілі» (жалғастырушы деңгей), «Қазақ әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); орыс тілінде оқитын мектептерге арналған «Орыс тілі» (жалғастырушы деңгей), «Орыс әдебиеті» (жалғастырушы деңгей); «Әлем әдебиеті», «Шетел тілі», «Информатика және АКТ», «Функционалдық стилистика», «Шешендік өнер» пәндері жатады.
Филологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі қажет:
қоғам қызметінің әр саласында тілді қолданудың ерекшеліктерін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, бейресми күнделікті қарым-қатынас жасау және т.б.;
әртүрлі жағдайларда қазақ/орыс тілдерін қолдану ерекшеліктерін меңгеру;
көпмәдени қоғамдағы ауызша және жазбаша тілдің және қарым-қатынас жасау формаларының мәдениетін дамыту;
нысандарды салыстыру, салғастыру, бағалау және таптастырудың критерийлерін өз бетінше таңдау;
білім алушыларды ұлттық және әлем әдебиетінің құндылықтарымен таныстыру, әлемге деген көзқарастарын қалыптастыру және дамыту;
сөйлейтін сөзін дайындау және жұртшылық алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру (тақырыпты таңдау);
білімін ары қарай жетілдіру қабілеттерін дамыту, негізгі білім беру модульдері бойынша өз бетінше жобалық зерттеулер жасау, талдау және нәтижелерін растау;
таңдалған бейіннің білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға дайындық, тұлғаның кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуі қажет.
Тарихи-құқықтық бейінге «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (шет тілде оқыту), «Қазақстандық заңнама», «Епдіізһ &г зресіііс ригрозез», «Информатика және АКТ», «Қарым-қатынас этикасы мен психологиясы», «Түркі халықтарының тарихы» пәндер кіреді.
Тарихи-цұцъщтъщ бейіннің мазмұнын меңгеруді цамтамасъіз ету үшін:
қазақстандық патриотизм, азаматтық белсенділік орнын қалыптастыру;
әлеументтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпаратты талдауды және кеңейтуді қолдануды қалыптастыру;
қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды дамыту мен қалыптастыру жағдайында әлеументтік және қоғамдық сипаттағы тұлғалық проблеманы шешудің жолын табу мен нақты мақсат қою;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшыларының құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметтерін және олардың міндеттері мен мақсаттарын білу;
адам мен азаматтың қоғамдық қатынас жүйесінде және оның құқықтық реттелуінде орнын анықтау;
білім алушылардың тарихи және қоғамдық-саяси ақпараттарды жан жақты түсінуін, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білмін, құзыреттілікті талдай білуін қалыптастыру;
көп мәдениетті, ұлттықты, дінділікті, барлық халықтың мәдениеті мен тарихын сыйлау және сенімділік тәрбиесін бүтіндей және біртұтас әлем бейнесінде қалыптастыру;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуын игеру қажет.
Әлеуметтік-экономикалық бейінге «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (шет тілде оқыту), «Епдіізһ іог зресіііс ригрозез», «Информатика және АКТ», «Қазақстанның қазіргі геоэкономикасы», «Қарым-қатынас этикасы мен психологиясы» пәндер кіреді.
Әлеуметтік-экономикалъщ бейіннің мазмұнът меңгеруді цамтамасъіз ету үшін:
өз Отанына деген намыстық сезімін, қазақстандық азаматтық теңдіктің негізін қалыптастыру;
қазақстандық қоғамның даму болашағын мен заңдылығын, әртүрлі әлеуметтік өмір саласында ұсыну;
экономика мен кәсіпкерлік саласының қызметінде оқушылардың қабілетін дамыту және кәсіби бағдар беру;
мемлекеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру нәтижесі мен мазмұнын, экономикалық, саяси, әлеументтік реформалардың мақсаты туралы білімін қалыптастыру;
қоғамның түрлі тіршілік әрекетінің әлеуметтік жиынтықтар байланысы әлеуметтік тұтастықпен, институттармен, тұлғалармен және оның субъектілері
арасындағы қатынастың құрамы ретіндегі білімі;
білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды жан-жақты түсінуін, жалпы мәдени және кәсіби біліктілігін, білімін, құзыреттілікті талдай білуін қалыптастыру;
экономикалық мәдениетті, экономикалық ойлауды қалыптастыру, шығармашылықты ойлау мен әрекет етуге қабілеттілігі;
оқу мазмұнының басқа білім беру деңгейлерімен сабақтастығы;
таңдаған бейіні бойынша жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға дайындығы, өзін-өзі кәсіби анықтауы және тұлға ретінде қалыптасуын шыңдау керек.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейініне «Адамзаттың рухани мұрасы», «Ізгілікті педагогика және психология негіздері», «Педагогикадағы жалпыадамзаттық құндылықтар», «Жанұялық тәрбие әліппесі», «Әлемдік көркем мәдениет» (шет тілде оқыту), «Информатика және АКТ» пәндері кіреді.
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні пәндерінің мазмұны:
адамзаттың рухани мұрасы ерекшеліктері ілімі қоғамның: философиялық, педагогикалық, психологиялық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық, ғылыми, жанұялық, күнделікті бейресми қарым-қатынастарда және т.б. түрлі салаларында қолданылады;
жалпыадамзаттық құндылықтар ерекшеліктерін әртүрлі типтік уақиғаларда түсіну;
полимәдениет социумында қатынастың құндылықтары мөлшерін және рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту;
оқушылардың жақсылық пен жамандық, мәңгілік және уақытша, өтірік пен ақиқат құндылықтары арасындағы уақиғаларда таңдау жасау үшін ойлау қабілетін дамытудың өлшемдерін дербес іріктету;
әлемдік қатынас құндылықтарын дамыту және қалыптастыру, әлемдік және ұлттық әдебиеттің рухани-адамгершілік құндылықтарына оқушыларды үйрету;
педагогикалық шеберлік дағдыларына ие болу (ішкі, психологиялық көңіл күй, кез келген оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзат құндылықтарын кіріктіре білу, өзін-өзі тану және т.б., сабақтарда өткізу және дайындала білу);
өзін-өзіне білім алу қабілеті мен уйренуді дамыту, негізгі білім беру модулдары бойынша жобалық зерттеулерді, талдау және олардың нәтижесін дәлелдеуді дербес орындау;
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі танудың қажеттілігін сезінуді дамыту, елдің өміріне қатысы бар қалалар, аулыдар, мектептер; қоғамға мүлтіксіз қызмет етудің мәнін түсіну, ойдың, сөз бен істің бірыңғайлылығына жауапкершілік;
тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби дағдылануы, таңдалған бейін бойынша білім берудің келесі деңгейінде білім беруді жалғастыруға дайындық.
Жалпы орта білім берудің мақсаты мен мазмұнына қойылатын талаптар білім салалары пәндері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуде басты бағыттауыш болып табылады. Жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары оқушылардың оқу және тәжірибелік қызметке деген жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға, өз бетімен білім алу және өзіндік даму дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, білім алудың келесі сатыларында оқуды жалғастыруға бағытталған.
Құрылымдық жағынан кең ауқымды дағдыларға (білімді шығармашылық түрғыда қолдануға, сыни ойлауға, зерттеу жұмыстарын орындауға, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) қолдануға, топта немесе өз бетінше коммуникация тәсілдерін, оның ішінде тіл дағдыларын, тиімді жұмыс ұйымдастыру амалдарын қолдануға) сүйенетін түйінді құзыреттіліктер оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнында көрініс табуға тиіс.
Оқу бағдарламасы үш бөліктен тұрады: біріншісі оқу пәні мазмұнын меңгерудің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарланған нәтижелерін, осы нәтижелерге жету әдістерн, оқу бағдарламаларын меңгеру нәтижелерін бағалау жүйесін анықтайды; екінші бөлігі метапәндік және пәндік нәтижелерге жетуге бағытталған оқу пәнінің мазмұнын көрсетеді; үшінші бөлігі нақты пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруына жасалатын жағдайды анықтайды.
Оқу бағдарламаларында құрылымы, білім берудің базалық және тереңдетілген мазмұны, сағат көлемінің бөлінуі көрініс табу керек.
Оқу бағдарламаларында барлық оқу пәндерінің мазмұнына міндетті компонент түрінде енгізілген экология және қалыптасқан (тұрақты даму) даму, өмір қауіпсіздігі және апат тәуекелділігін төмендету негіздері бойынша материалдары қамтылуы керек.
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқушылардың типтік оқу жоспарындағы баламасыз компонентінің және оқу курстарының баламалы компонентінің бейіндік дайындық пәндерінің жеке білім беру траекториясы жүзеге асырылуы керек.
Жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық білімдерін өз бетінше меңгеруге және оларды практикалық іс әрекетте қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өміргі деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруғы, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.
Оқу бағдарламаларында пәндер бойынша білім беру мазмұнын меңгерудің базалық және жалғастырушы деңгейі көрініс табу керек.
Техникалық және кәсіби білім берудің бейіндік пәндерінің мазмұны алты бейінді қамтиды:
техникалық-технологиялық;
әлеуметтік-экономикалық;
медициналық;
көркем-технологиялық;
аграрлық-техникалық;
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика».
Техникалық-технологиялық бейін келесі пәндер кіреді «Физика және электротехника негіздері»; «Графика және жобалау»; «Информатика және АКТ».
Техникалъіц-технологиялъіц бейін пәндерінің мазмұнъі келесіні цамтамасъіз етуі керек:
физика, математика, информатика және коммуникациондық технологиялар курсының практикалық маңызы туралы түсінік;
оқушылардың физика заңдары, математика есептері, есептеу және талдау әдістері, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу бойынша білімдері мен жалпы теория дағдыларын қалыптастыру;
электротехника, информатика және коммуникациялық технологиялар негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;
оқытылатын пәндер бойынша практикалық есептерді шешу үшін оған дейін оқыған пәндерінің негізгі әдістері туралы түсінігі;
электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;
электртізбектері көмегімен өндірістік, зерттеулік сипаттағы практикалық есеп шығару дағдыларын үйрену;
бейіндік бағыт бойынша үзіліссіз, жүйелі білім беру;
оқушылардың өндірістік және технологиялық үдерістерінің модельдеу математикалық аппаратын игеру барысында кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;
математикалық модельдеу есеп әдістерін түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;
технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;
зерттелетін объекті математикалық моделін есеп техникасы арқылы жасау және талдау сияқты есеп эксперименті арқылы технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;
есептеу техникасы арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (Ехсеі, МаіһІаЬ, Зіаіізііка және т.б. бағдарламалық пакеттерді қолдану).
Әлеуметтік-экономикалық бейін келесі пәндерді қамтиды «Қазақстанның қазіргі геоэкономикасы»; «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»; «Информатика және АКТ».
Әлеуметтік-экономикалъц бейін пәндерінің мазмұнъі келесіні цамтамасъіз етуі керек:
әлеуметтік өмірдің әртүрлі салалары, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтары мен перспективалары туралы түсініктері;
оқушылардың кәсіби бағдарын және экономика және кәсіпкерлік саласындағы өнімдік әрекетіне деген қабілеттерін дамыту;
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңарту және индустриялдық- жаңашыл даму жолдары туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;
адамзатының жаһандану жағдайында тұрақты даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы білімдерін игеру;
оқушылардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси
ақпаратты талдау, түсіну және игеру дағдыларын қалыптастыру;
экономикалық мәдениетін, экономикалық ойлау, шығармашылық тұрғыдан ой ерекшелігін білдіру және практикалық мәселелердің шешімін табу қабілеттерін қалыптастыру;
білімдерін жетілдіру, өз бетімен білім алу, негізгі білім беру модульдері бойынша жобалық зерттеулерді орындау, олардың нәтижелерін талдау және растау қабілеттерін дамыту;
кәсіби іс әрекетінде экономикалық ақпаратты қолданудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру;
таңдалған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.
Медициналық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»; «Информатика және АКТ»; «Этика және қарым-қатынас психологиясы».
Медициналық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:
пайдаланушының сұранысы бойынша медициналық ақпаратты іздеп табу және беруге арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелерді қолдану қабілеттері;
патологиялық жағдайларға диагностика жасау үшін консультациялық- диагностикалық жүйелерді қолдану қабілеттері;
ақпараттық қолданыс көрсету үшін және/немесе диагностикалық және емдеу үдерісін автоматтау үшін аурудың ағзамен тікелей байланыста іске асырылатын приборлық-компьютерлік жүйелерді қолдану қабілеттері;
дәрігердің барлық технологиялық үдерісін автоматтау барысында мамандардың жұмыс орындарын автоматтау қабілеттері;
дәрігердің диагностикалық және тактикалық шешім қабылдау барысында ақпараттық қолданысты қамтамасыз ету қабілеті.
Көркем-технологиялық бейін: «Информатика және АКТ»; «Графика және жобалау»; «Халық қолданбалы өнері».
Көркем-технологиялық бейін пәндерінің мазмұны келесіні қамтамасыз етуі керек:
өмір заңдылықтарын танып түсінудің ғылыми әдістерінің бірі ретінде компьютерлік модельдеудің практикалық маңызы туралы түсінік;
технологиялық үдерістерін модельдеу барысында компьютерлік апаратты қолдануда оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;
компьютерлік модельдеу есеп әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, технологиялық үдерісіне мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;
технологиялық үдеріс моделін жасауға қолданатын кеңінен тараған компьютерлік әдістер туралы түсінік;
бақылауға алынған кіріс және шығыс параметрлері бар объекті ретінде технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;
компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (АёоЬеШизігаіог, СогеЮКА^, РһоіоЗһоһ, ЗёзМаХ^езідп 2012 және т.б. компьютерлік бағдарламалық пакеттерді қолдану);
таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.
Аграрлық-техникалық бейін келесі пәндерді қамтиды: «Физика және электротехника негіздері»; «Салалар бойынша қазіргі технологиялар»; «Информатика және АКТ».
Аграрлъщ-техникалъщ бейін пәндерінің мазмұныкелесіні қамтамасыз етуі керек:
электротехника негіздерін нәтижелі және сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, математикалық үдерістерінің мазмұнын түсіну;
электроэнергетикалық пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру;
бейіндік бағыт бойынша жүйелі білім беру;
ҚР экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің мағынасын және маңыздылығын тану үдерісіндегі озық ғылыми әдістерінің бірі ретінде қазіргі технологиялардың практикалық маңызы туралы түсінік;
ауылшаруашылық ұйымдарында өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, білімі мен дағдыларын қалыптастыру;
ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі технологиялық үдеріс элементтеріне мазмұнды талдау жасау білу тиіс;
өсімдіктер, малшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдіру және сақтаудағы өндірістік-технологиялық қызметі туралы түсінігі;
өнімдерін өндіру, қайта өндіру, сақтау кезінде машиналар мен олардың кешеңдерін таңдау, ауылшаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтауды жоғары тиімді қолдану;
агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндірудегі технологиялық үдерісті зерттеудің тұрақты дағдыларын қалыптастыру;
техникалық құралдар және компьютерлік технологиялар арқылы ғылыми-зерттеу және өндірістік сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;
таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби
қалыптасуы.
Педагогикалық бейіні келесі пәндерді қамтиды: «Әлем көркем мәдениеті»; «Информатика және АКТ»; «Педагогикалық шығармашылық».
«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні пәндерінің мазмұнъі келесіні цамтамасъіз етуі керек:
өз бетімен мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табу, танымдық әрекетті жоспарлау және оны іске асыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыру;
ақпаратты өз бетімен математикалық әдістер және қазіргі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар арқылы табу, талдау, сұрыптау, өзгерту сақтау, интерпретациялау, көшіруді іске асыру қабілеттерін қалыптастыру;
математикалық әдістердің логикалық операцияларын қолдана отырып ақпаратты өндеу (талдау, жинақтау, жалпылау, құрастыру, тікелей және косвенное дәлелдеме, аналогия бойынша дәлелдеме, модельдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) қабілеттерін қалыптастыру;
математикалық әдістерін концептуалды түрде түсіну, ішіне кіретін элементтерді және олардың бір бірімен байланыстарын есепке ала отыра, ақпараттық технологиялға мазмұнды талдау жасау, модель түрін, параметрлерін анықтау;
ақпараттық технологияларды қолданатын кеңінен тараған математикалық әдістер туралы түсінік;
білім саласында өз әрекетін жоспарлап іске асыру үшін математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану;
әлем мәдениетіннің даму тарихы туралы түсінігін қалыптастыру;
көркем мәдениет туралы рухани мәдениеттің бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру;
көркем әдебиетінің әртүрлі саласындағы жалпы адами және ұлттық құндылықтарымен таныстыру;
өткен заман және қазіргі уақытың көркем тәжірибесін меңгеру;
эстетикалық қажеттіліктерді қалыптастыру;
әлемге деген толеранттық көзқарастың дамуын қалыптастыру;
іс әрекеттегі шығармашылық рөлінің практикалық маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
педагогикалық қызметтегі модельдеудің шығармашылық әдістерін концептуалды түрде түсінуді қалыптастыру;
педагогикалық үдеріс моделін жасау үшін қолданатын кеңінен тараған шығармашылық әдістер туралы түсініктерін қалыптастыру;
таңдаған мамандық бойынша тұлғаның кәсіби қалыптасуы және өз бетімен білімін жетілдіру;
таңдаған бейін бойынша тұлғаның үзіліссіз білім алуы және кәсіби қалыптасуы.
Техникалық және кәсіби білім беру оқу бағдарламалары оқушылардың бейіндік пәндерді өз бетімен меңгеруге және алған білімін практикада қолдануға бағытталуы керек. Оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі қоғамда табысты бейімделуіне, өз қабілеттерін іске асыруға, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, кәсіби бағдарын және бейіндік дайындығын қамтамасыз етуі керек.
Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде оқушылардың бейіндік дайындық және практикалық оқыту мазмұны арқылы жеке білім беру траекториясының мақсатты педагогикалық қолданысы жүзеге асырылуы керек.
Оқу бағдарламаларында бірыңғай, сонымен қатар бейіндік дайындықтың кәсіби бағдарлау мақсатында - бейіндік пәндер бойынша тереңдетілген және кеңейтілген білім берудің базалық мазмұны көрініс табуы қажет.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік сыныпқа (мектепке) қабылдау Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10. 2011 № 487-ІУ ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.
Бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматын интелектуальды, рухани және физикалық дене дамуын қалыптастыруын қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім беру бейіндік оқытудың: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және
техникалық үш бағытының негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың танымдық қажеттілігін және саралап оқытуды жүзеге асыру үшін бейіндік оқытудың үш бағытының негізінде шектес (тектес) пәндерден бейіндік оқытуға енгізіледі.
Жалпы білім беру деңгейінде бейіндік оқыту:
а) жалпы білім берудің 11-12 сыныптарында, лицейлерде, гимназияларда, зияткерлік мектептерде, дарынды балалрға арналған арнаулы мектептерде, жеке бейіндік мектептерде жүзеге асырылады.
ә) білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) білім басқармасының бұйрығымен ашылады.
11 сыныпқа негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және осы деңгейді бітіргендігі туралы растайтын куәлігі бар оқушылар қабылданады.
Бейіндік сыныптар (мектептер) қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану- математикалық және технологиялық бағыттар бойынша бір бейіндік және көпбейіндік болуы мүмкін.
Бейінді дайындық бір бағыт негізінде жүргізілсе, бір бейінді сынып (мектеп) болып табылады. Бейіндік дайындық 2-3 бағыт бойынша жүргізілсе, көпбейінді сынып (мектеп) болып табылады.
Негізгі орта мектепті бітірушілер бейіндік сыныптарға (мектепке) алған білімін және біліктілігін бағалау мақсатында ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша алынады.
Ашылатын бейіндік 11-сыныптардың (мектептердің) саны және бейіндік білім беру мазмұны:
негізгі орта білім бағдарламасын меңгерген және жалпы орта білім алып білімін жалғастырғысы келетін барлық 10 сынып түлектерінің қызығушылығына сәйкес болуы керек;
білім басқармасымен келісімімен, мектеп бітірушілердің берген өтінішіне сәйкес және білім беру процесін санитарлық ережелер мен нормаларды ескеріп жүзеге асырылады;
Бейінді сыныптарға (мектептерге) тіркелу үшін өтініштер 10 маусымнан 25 тамызға дейін қабылданады және келесі құжаттарды тапсырады:
негізгі орта мектеп бітірушісінің өтініші;
үлгі бойынша берілген медициналық карта;
негізгі орта білімі жөніндегі куәлік;
бейіналды дайындық қорытындысы бойынша алған сертификаттары (бар болған жағдайда);
білім саласындағы жеке жетістіктері бойынша портфолиосы [13].
Құжаттар білім ұйымдарының қабылдау ережесіне сәйкес тіркеледі.
Бейінді сыныптарға (мектептерге) іріктеу объективті жүзеге асырылуға
тиісті, оған оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы ұйымның, өндірістік кәсіпорын өкілдері, психолог мамандардың қатысуымен өтуі тиіс.
Бейінді сыныптарға (мектептерге) қабылдау көрсетілген құжаттардың тізімі бойынша және жалпы білім беру ұйымының кеңейтілген Педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері қатысуымен оқушы-талапкерлер қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) мектеп директорының бұйрығымен қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) түскен жағдайда, оқушы және оның ата-анасы (қамқоршысы) барлық құжаттармен: мектеп Жарғысы, бейіндік оқыту сыныптары туралы ережемен және басқа да нормативті-заңдық актілермен таныс болуы қажет.
Бейіндік оқыту сыныптарында оқушы саны 20 (жиырмадан) аспауы тиіс. Сыныптарда бейіндік оқыту мерзімі 2 жыл (11-12 сыныптар), оқу түрі - күндізгі. Бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) міндетті базалық компонент енгізілген бағдарламалармен; бейіндік пәндермен; таңдау сабақтарымен; оқу практикасымен, сондай-ақ сыныптан тыс әрекетпен; жалпы ммектептің іс- шараларымен; қосымша білім беру бойынша жұмыс жасайды.
Жалпы білім беру жүйелері бейіндік оқытуды қамтамасыз етуде қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру ұйымдарына міндетті.
Жалпы білім беруді ақысыз барлығына қолжетімділік кепілдікпен берілуі үшін; жалпы білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыруда қажетті материальдық-техникалық базаны құру үшін; бейіндік оқытудың оқу практикасын өткенде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтауда ерекше жағдайлар жасау үшін жалпы негізгі білім беру ұйымдарын қаржымен жеткілікті қамтамасыз ету керек.
Жалпы білім беру ұйымы санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға жауап беретіндей материальдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі. Жалпы білім беру ұйымының материальдық-техникалық базасына: бейіндік оқыту жағдайында дем алатын, тамақтанатын, медициналық қызмет көрсететін, спортпен шұғылданатын, мәдени-жалпы іс-шаралар және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және толық жабдықталған инфраструктурасы бар ғимарат; қазіргі заман талабына сәйкес құралдармен жабдықталған оқу пәндер кабинеттері (байланыс құралдары және коммуникациясы, желілік өзара әрекеттер, кең жолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивтік тақта, аудио және бейнетехникасы, цехтар және шеберханалар); бөлмелердегі жарық және ауа- жылу режимдері, киім шешетін орындар, жуыну бөлмелері (санитарлық тораптар) және санитарлық - гигиеналық нормаларға сәйкес жеке гигиена бөлмелері; мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимаратта арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп-интернат жағдайында білім алушылар үшін жататын орын, тамақтану және демалу үшін бөлмелер, мектеп жанындағы участок кіреді.
Бейіндік оқыту сыныптарының (мектептерінің) қызметі мектептің ішкі ережелер тәртібіне және Жарғысына сәйкес ұйымдастырылады.
Бейіндік мектеп қызметінің типтік Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10.2011 № 487-ІУ ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.
Бейіндік мектеп-жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу орны.Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық - құқықтық түрі білім беру саласындағы өкілеттік органмен анықталады.
Бейіндік мектеп қызметінің негізгі мақсаты - жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын дифференциациялау, интеграциялау және кәсіби бағдарлану үшін жағдайды қамтамасыз ету.
Бейіндік мектеп білім беру саласында озық қазақстандық және халықаралық тәжірибені білім беру процесіне қолдануда аталған мақсатқа жетуде, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемемен және педагогикалық қызметкерлердің тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
Бейіндік мектеп оқыту мен тәрбиелеуді тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде жүзеге асырады, денсаулықты қорғауды қамтамасыз етеді және тұлғаның жан- жақты дамуы үшін, соның ішінде білім алушылардың өз білімін көтеру қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі мен қосымша білім алуға ыңғайлы жағдай жасайды.
Бейіндік мектеп білім алушылар контингентін қалыптастыру білім алушылардың мекен жайын ескерусіз және білім алушылардың қабілеті мен бейімділігін және қызығушылығын ескере, негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау бойынша ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асады.
Бейіндік мектепке түсу артықшылық құқығы:
негізгі орта білім беру курсы үшін мемлекеттік қорытынды аттестацияны жетістікпен өткен түлектер;
аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бейіндік пәндері бойынша сәйкес жеңімпаздар;
«Жекелеген пәндерді оқытуда ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік пәндер) Құрмет грамотасының иегерлері;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар және балалар;
мүгедек-балалар;
орта білімі туралы ерекше үлгідегі куәлік алған түлектер.
Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік аттестацияның
нәтижелерімен қатар келесідей құжаттарды (оқу және әлеуметтік маңызды жеке жетістігі-портфолио папкасы):
оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрлері мен бағыттарын қысқаша сипатта (конференцияларға, конкурстарға, оқу лагерлеріне қатысу; спортық және көркем өнер жетістіктері);
жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі балалар журналдары, газеттерінде оқушылардың мақалалар жариялауы.
Бейіндік мектепке қабылданған барлық білім алушылар, олардың ата- аналарын (заңды өкілдері) мектеп Жарғысымен, білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін, білім беру қызметі мен басқа да құжаттарды енгізу құқы лицензиясымен таныстырады. Бейіндік сынып оқушылары үшін (академиялық қарыздың болмауы кезінде) олардың арыздары бойынша техникалық және кәсіптік оқытудың орта ұйымдарына өту құқы сақталады.
11 сыныптарда бірінші жарты жылдық бойы (бейіндік) оларға оқытудың бағыттарын өзгерту құқы ұсынылады: оқытудың өткен кезеңі үшін
академиялық қарыздың жоқтығы; қайтадан таңдаған пәндер бойынша айырмашылықтарды жою үшін сынақ тапсырлады. Оқытудың (бейіндік) бағытындағы өзгерістер білім алушылардың арызы негізінде жүзеге асады [14].
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша педагогикалық кеңестің ұсыныс негізінде құқық бұзушылық іс- әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін балаларды бейіндік мектептен оны алты жасқа дейін шығаруға рұқсат етіледі.
16 жасқа жеткен білім алушыларды құқық бұзушылық іс-әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін шығарады.
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар мен балаларды мектептен шығару, қамқорлыққа алу мен қорғаншылық органдарының келісімімен қабылданады.
Бейіндік пәндер бойынша аралық аттестация оқу жылында бір рет өткізіледі. Бейіндік мектептердегі білім алушылардың қорытынды аттестациясы біріңғай ұлттық тестілеу түрінде немесе мемлекеттік мектеп бітіру емтихандары түрінде жүзеге асады.
Бейіндік мектептердегі оқу-тәрбие процесі оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларымен жүзеге асырлады.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру негіздері білім беру ұйымдарымен жүзеге асатын жоспарлау және оқу-тәрбие жұмысын ескеру болып табылады.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларын толық көлемде өз уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.
Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылында оқу- тәрбие процесінің кестесін және теориялық және практикалық сабақтар кестесін бекіту жолымен жүзеге асады. Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын есепке алу оқытудың теориялық және өндірістік оқыуын есепке алу журналдары мен оқу бағдарламалары мен оқу сағаттарын орындауды есепке алу табелдерін енгізу жолымен жүзеге асады.
Бейіндік мектептегі тәрбие беру бағдарламалары патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылар, тәрбиеленушілердің жан- жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған.
Бейіндік бағытқа сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын білім беру оқу бағдарламаларын және оқу пәндерін бейіндік мектеп жүзеге асырады.
Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес анықталады. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тағайындалған білім беру ұйымдарының жарғыларымен және білім беру ұйымдарының типтік қызметіне сәйкес типтік ережелерін бейіндік мектептер оқу-тәрбие процесін өз бетінше жүзеге асыруда ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзгеде қызметтің аясында кадрларды іріктеу және орналастыруда басшылыққа алады.
Бейіндік мектептер өз қызметін ашық жария етіп, оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы қоғамды хабардар етіп отырады.
Бейіндік мектеп жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қосымша білім беру бағдарламаларымен қосымша білім беру қызметін ақылы түрде келісім-шарт арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары үстінен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыра алады.
5 Қазақстандағы бейіндік мектептердің орналасуы
Білім және ғылым министрлігі облыстарда мектептерді бейімдеу картасын құрып, «Бейіндік мектеп» нормативтік базасын әзірледі. Бұдан еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіндегі жаңа бағыттарға сәйкес, орта мектеп түлектерін дайындау сапасына, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына деген талаптардың күшейгендігін көруге болады. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарындағы оқу сапасы бейіндік дифференциацияға негізделуі тиіс. Сонымен қатар, бейіндік оқыту білім берудің сапасын арттырудың тиімді тетігі, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің дамуындағы өзекті, перспективалы қажеттіліктерді жүзеге асырудың бірден бір оңтайлы тәсілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей 2015 жылы 12 жылдық білім беруде бейіндік оқытуға көшу толығымен жүзеге асырылады, соған байланысты өңірлерде жұмыс жасайтын мектептерді қайта құру және жаңадан бейінді мектептер құрылысы жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда республикада 7402 мектеп жұмыс жасайды, оның 5325-і орта, 1113-і негізгі, 964 бастауыш мектеп.
Жергілікті атқарушы ұйымдардың мәліметі бойынша 12жылдық білім беру аясында бейінді оқытуды жүзеге асырудың алдын ала болжамы жасалған (6- кестеде берілген).
Қазақстанда бейіндік білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай бейіндік мектептер мен бейіндік сыныптар ашу төмендегідей:
98 бейіндік мектеп құрылысы (қала-53, ауыл-45). Оның ішінде интернаты бар бейіндік мектеп -64, интернаты жоқ бейіндік мектеп - 34 мектеп;
жұмыс жасайтын орта мектептен қайта құрылған бейіндік мектеп саны - 92 (қайта жаңарту), оның ішінде 61-і қалада , 31-і ауылда;
2394 жұмыс жасайтын орта мектептен (қалада - 353, ауылда - 2041) бейіндік сыныптарды ашу жоспарланады.
6-кесте - 2015 және 2020 жылдардағы мектептің жалпы саны
Жылы
|
Барлық
мектеп
|
Оның ішінде
|
Бейіндік
мектеп
|
бейіндік сыныптары бар ОМ
|
НМ
|
БМ
|
2015 ж. қыркүйек
|
7290
|
111
|
2923
|
3376
|
880
|
2020 ж. қыркүйек
|
7304
|
190
|
2394
|
3869
|
851
|
Елімізде 2020 жылы 7304 мектеп бейіндік сыныптар жұмыс жасайтын болады, оның ішінде 190 бейіндік мектептер, 2394 мектеп бейіндік сыныптарымен, 3869 негізгі мектеп және 851 бастауыш мектеп.
Ауылдық жердің мәліметіне сәйкес бейіндік оқыту негізінде бейіндік сыныптары бар мектеп базасында (1-12 сыныпқа дейін) жүзеге асырылады.
Бейіндік мектептер және бейіндік сыныптар белгілі материалдық- техникалық құралдармен толық жабдықталған ірі елді мекендерде, қайта құруға және қайта жаңартуға аз шығын қажет ететін мектептердің (арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер, ресурстық орталықтар, облыстық мектеп-интернаттар) базасында ашылатын болады.
Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды жүзеге асыру бірқатар жағдайларды, орындағанда мүмкін болады, солардың ішінде:
о тұжырымдаманың мақсаттары мен мазмұнын түсінетін облыстар, Астана, Алматы қалалары,қалалық, аудандық білім басшылығы, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары басшыларын,мамандарын даярлау;
о ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың және іске асыру шараларының бағдарламасын даярлау;
о педагогикалық басылымдарда, БАҚ жоғарғы сынып оқушыларын оқытудың жаңа үлгісінің негізгі идеяларын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;
о бейіндік оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орта білім берудің нормативтік құқықтық қамтылуын іске асыру;
о бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығы (біліктілігін көтеру және қайта даярлау) педагогтарының кәсіби дамуының стандартын әзірлеу;
о бейіндік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын дамыту; о педагогикалық жұмысқа даярлаудың, жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім берудің стандарттарын орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығына сәйкес жаңарту;
о бейіндік оқыту жүйесін қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау. Бейіндік оқуды мектепте іске асырудың қажетті жағдайларының бірі мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу және жаңа типті мұғалімдер даярлау болып табылады.
Келешекте 12 жылдық білім беруге көшу кезінде, жоғарғы мектептің алдыңда үлкен, бейіндік оқу мектебінде оқу-тәрбие жұмысына, мектеп пен қоғамның күрделі қайта құру кезеңінде жұмыс істей алатын кәсіби-білімді мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Типтік оқу бағдарламасының бейіндік оқыту бағдарына сәйкес ықпалданған пәндер, сондай-ақ бірқатар жаңа оқу пәндерін еңгізу көзделген.
Соған байланысты жұмыс істеп жүрген педагогикалық кадрлар қайта даярлықтан өткен болса, келесі оқу пәндерін оқыту мүмкін: «Қәзіргі әлемдегі Қазақстан» - тарих және география мұғалімдері; «Жаратылыстану» -физика, химия, биология мұғалімдері; «Өзін-өзі тану» - психолог, гуманитарлық пәндер мұғалімдері; «Ақпараттар технологиялары мен жүйелері»- ақпарат, технология және сызу мұғалімдері; «Әлемдік көркем мәдениет» - тіл және әдебиет, шет тіл мұғалімдері; «Ритарика» - тіл және әдебиет мұғалімдері; «Дизайн және жобалау» - сызу, көркем сурет мұғалімдері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 14.12.). - Астана, 2012.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07. 2007.
Қазақстан Республикасында бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2010.
Қонтаев С.С., т.б. Тірек мектебінің (ресурстық орталық) білім беру қызметін жобалау. Оқу құралы. - Қарағанды: - 2-басылым, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ қоғаммен байланыс және баспа жұмысы бойынша бөлім, 2013. - 157 б.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік базистік оқу жоспары.
Муканова С.Д. Проектирование рабочих учебных планов профильногот обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. - Алматы, 2005 (методическое пособие).
Методические рекомендации по организации профильного обучения в школах РК.
Мұқатаев А.А. Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992-2005 жж.); Пед.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қарағанды, 2007. - 147 б.
Муканова С.Д. Концептуальные основы развития профильного обучения в Республике Казахстан // Білім беру мекемесі басшыларыныц аныктамалығы = Справочник руководителя образовательного учреждения. 2011. №8. -С.74-84.
Дуйсебек А.Т. Современные векторы трансформации методологии и содержания образования // 12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. - 2011. - №5. - С.50-53.
Дуйсебек А.Т., Туяков Е.А. Модернизация казахстанского образования в контексте общечеловеческих, национальных и личностных приоритетов // Материалы международной научно-практической конференции «Образование: Традиции и инновации». - Прага, Чешская республика (27.12. 2012г.). - С.347- 351.
Бұшымбаева Қ.Т. 12 жылдық білім беру жүйесінде жаңа түйінді құзыреттіліктерді пайдалану // Қазақ тілі Қазақстан мектебінде=Казахский язык в Казахстанской школе. - 2011. - № 4. - Б.34-38.
Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағы 1
Профильная школа: перспективы развития в условиях 12-летней школы 1
1 Қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептер 5
2 Бейіндік мектепті ұйымдастыру жағдайлары 7
3 Бейіндік мектеп типтері 25
1.Бейіндік оқыту бағдарламасының «Бейіндік мектеп» моделін жүзеге асыру. 42
5 Қазақстандағы бейіндік мектептердің орналасуы 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
1 Профильные школы в казахстанской системе образования 68
2 Условия организации профильной школы 68
Виды профильных школ 68
5 Карта расположения профильных школ в Казахстане 68
4 Нормативно-правовая основа деятельности профильных школ 68
1.Модели реализации программы профильного обучения «Бейіңдік мектеп»: 68
Список использованной литературы 68
Достарыңызбен бөлісу: |