Бейіндік оқудың дамуындағы әлемдік тенденция


Бейіндік мазмұндағы пәндер



бет15/26
Дата07.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#96531
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етілуі.
БОӨЖ ППМ 911 Сапарбай Аружан
Бейіндік мазмұндағы пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту бағытын қамтамасыз етеді. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей пәндер құрамымен: химия, биология, география, физика, информатика қамтамасыз етілетін болады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды. Бейіндік оқытудың технологиялық бағытының мазмұны үшін келесідей пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика и жобалау.
Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз етеді.
Таңдау бойынша міндетті пәндер вариативті білім беру мазмұнының мектеп компонентіне кіреді. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.
Базалық, бейіндік мазмұндағы және таңдаулары бойынша міндетті жалпы білім беретін пәндер құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жалпы орта білім беру деңгейін қамтамасыз етеді.
Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады. Қызығушылығы бойынша курстаржалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын, болмаса оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету. Қызығушылығы бойынша курстар мазмұны құзіретті білім беру ұйымының бекітілген қолданыстағы оқу бағдарламалары мен оқу орнының мүмкіндіктерін ескерген авторлық бағдарламалармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет