Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу



бет20/189
Дата31.05.2022
өлшемі3,65 Mb.
#145594
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер (1)
1 обложка сырты Көктем шақырады с qr, DOC-20231018-WA0016., Opisanie-teorii-liderstva (1), Инклюзивті білім бері пәні-Copy, 2.Пусат.БӨЖ.Аяуу, 1Жаратлс.БӨЖ.Аяу, Тапсырма-1 модуль
Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу

Жіктеу – классификация – ол ұқсас қасиеті бар әр түрлі қосылыстарды белгілі топқа біріктіру, жинақтау.


Бейорганикалық қосылыстарды құрамы бойынша және функционалдық белгісі бойынша жіктейді.
Бинарлы қосылыстардың топтары (кластары):

  1. гидридтер (CaH2 ; LiH)

  2. оксидтер (Na2О; SiО2; P2О5)

  3. пероксидтер – асқын тотықтар (Na2О2; BaО2)

  4. галогенидтер (фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер) – PtCl4; KBr; NaJ; PF5.

  5. халькогенидтер (сульфидтер, селенидтер, теллуридтер) – ZnS; Ni3Se2; CS2;

  6. пниктогенидтер (нитридтер, фосфидтер, антимонидтер немесе стибидтер, арсенидтер, висмутидтер)- Li3N; Ca3P2; Cu3As;

  7. карбидтер (CaC2; Be2C; MgC2)

  8. силицидтер ( Mg2Si; NaSi2; BaSi2)

  9. боридтер (Mg3B2; ZrB2)

  10. интерметалдық қосылыстар ( Cu5Zn8; Cu3 Au) және т.б.

Бейорганикалық қосылыстарды функционалдық белгісі бойынша былай жіктейді:





Оксидтер


Оксидтер деп екі элементтен тұратын және оның біреуі оттек болып келетін күрделі заттарды атайды. Оксидтердің жалпы формуласы: ЭnОm, мұндағы n-элемент атомының саны; m-оттек атомының саны. Мысалы, К2О, CaО, SО3, N2О3.
Барлық оксидтерді тұз түзетін және тұз түзбейтіндерге бөледі.

Тұз түзбейтін (индифферентті) оксидтер – ол қышқылдармен және негіздермен әрекеттесекенде тұз түзбейтін оксидтер.


Тұз түзетін оксидтер – ол қышқылдармен және негіздермен әрекеттескенде тұз түзетін оксидтер. Мысалы,
K2О+2HCl = 2KCl+H2О
3+2KОH = K24+H2О
Тұз түзетін оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлік болып 3 топқа бөлінеді.
Периодтарда солдан оңға қарай (байланыстың полярлық дәрежесі азаюымен) оксидтердің негіздік қасиеті әлсірейді, ал қышқылдық қасиеті өседі.
Оксидтердегі оттек атомдары өзара байланыспаған және олар тек басқа элементпен байланыста болатындығын есте сақтау қажет. Мысалы,
О = C = О О = Al – О – Al = О
Оксидтерді алу әдістері:

  1. жай заттардың оттекпен әрекеттесуі:

2Ca + О2 = 2CaО
4P + 5О2 = 2P2О5
Бұл әдіс сілтілік металдар үшін жарамсыз ( себебі: олар мұндай тотығу кезінде пероксидтер түзеді).

  1. Оксидтерді ыдырату: 4CrО3 = 2Cr2О3 + 3О2

  2. Ерімейтін негіздерді ыдырату: Cu(ОH)2 = CuО +H2О

  3. Қышқылдарды ыдырату: H23 = H2О + CО2

  4. Кейбір тұздарды ыдырату: CaCО3 = CaО + CО2

  5. Металл және бейметалмен қышқылдарды (тотықтырғыш) әрекеттестіру:

Cu + 4HNО3 (конц ) = Cu(NО3)2 + 2NО2 + 2H2О
C + 2H24(конц ) = CО2 + 2SО2 + 2H2О

  1. Жоғарғы температурада аздау ұшатын оксидпен жақсы ұшатын оксидті ығыстыру:

балқу

Na23 + SiО2 Na2SiО3 + CО2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет