Дисперстік жүйелер арасындағы коллоидтық ерітінділердің (зольдердің) орны ерекше – ол дисперстік ортасы сұйық жоғары дисперстік жүйе. Коллоидтық бөлшектерді мицелла дейді.
Коллоидты ерітінділерге (зольдерге) электролитті қосқанда түйір заряды азаяды, бұл бөлшектердің жабысуына әкеледі. Осылайша коллоидтық бөлшектердің үлкен агрегатқа айналуын ұю (коагуляция) деп атайды.
Ұю нәтижесінде, не салмақтық күш әсерінен бөлшектер тұнбаға түсуі мүмкін (бұл процесті седиментация дейді), ол жартылай қатты серпімді массаға (гель не сірнеге) айналуы мүмкін.
Коллоидты ерітінділер организмдердің тіршілігінде үлкен рөл атқарады және әртүрлі технологиялық процестерде кеңінен қолданылады: сабын қайнатуда, қағаз, тоқыма өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек және т.б. өндірістерде.