Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет76/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Зертханалық жұмыс №4
Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.


1. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігі
а) Натрий тиосульфаты Na2S2O3 ерітіндісіне (1 н) аздап күкірт қышқылының (2 н) ерітіндісін құйыңдар. Бұлардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде күкірт бөлінеді, оны сұйықтықтың лайлануынан көруге болады. Реакция басталғаннан лайдың түзілуіне дейін кеткен уақыт реакция жылдамдығын көрсетеді.
ә) Үш үлкен пробирка алып, оның біреуіне 5 мл, екіншісіне – 10 мл, үшіншісіне 15 мл сұйытылған (1:200) Na2S2O3 ерітіндісін құйыңыз. Енді осы пробиркалардың біріншісіне – 10 мл, екіншісіне 5 мл дистильденген су қосыңыз. Басқа үш пробиркаға 5 миллилитрден сұйытылған H2SO4 (1 : 200) ерітіндісін өлшеп алып, олардың әрқайсысын ішінде натрий тиосульфаты бар пробиркаларға құйып, секундомермен әрбір пробиркадағы сұйықтықтың лайлануына кеткен уақыт мөлшерін жазып алыңыз.


Тәжірибенің қорытындысын мына таблица бойынша жазыңыз

Пробирка


Na2S2O3 мөлшері, мл

Н24 мөлшері, мл

Н2О
мөлшері, мл

Лайлануға кеткен уақыт, сек. t

























































Тәжірибе бойынша алынған реакция жылдамдығын ордината осіне, ерітінділердің концентрациясын абсцисса осіне түсіріп график сызыңыз. Осы тәжірибеге сүйеніп реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелді екендігіне көз жеткізіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет