Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет37/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Коваленттік байланыс

Коваленттік байланыс теориясын түсіндіру үшін американдық ғалым Дж.Льюистің жұмыстары негізгі тірек болды. Атомдардан молекула түзілуінің ең басты шарты – молекула түзілгенде энергияның бөлінуі қажет, яғни атомдардың энергия қорынан молекуланың энергия қоры аз болуы керек.


Әрекеттесуші атомдардың жұптаспаған электрондарының қатысуымен жалпы электрон жұбы түзілуі үшін олардың антипараллельді спині болуы керек. Мұндайда электрондық бұлттардың қайта жабылуы жүреді.
Жалпы (екеуіне ортақ) электрондық жұптар арқылы іске асатын химиялық байланысты коваленттік деп атайды.
Осындағы “ковалентті” сөзі “біріккен” деген мағынаны дәл білдіреді. Ковалентті байланыстың екі түрі бар: полюсті (полярлы) және полюссіз (полярсыз).
Ковалентті полюссіз байланысты симметриялы электрондық бұлт түзетін жалпы электрондық жұп іске асырады. Байланыстың бұл түрі электртерістілігі бірдей атомдардың арасында туындайды: H2, О2, N2, F2, Cl2, Br2, J2, C, P, As, PH3, CS2. Мысалы; хлор молекуласы түзілген кездегі электрондық жұп хлор атомдарының екеуіне бірдей қатысты.
Ковалентті полюсті байланыс - әртүрлі екі атом арасында түзіледі, осындағы электрондық бұлт электртерістілеу атомға қарай ығысқан: HCl, H2О, H2S, CО2 және т.б. Мысалы; хлор мен сутек молекулаларының арасындағы реакция сатыларының біреуінде олардың атомдары әрекеттесіп, ковалентті байланыс түзеді:
Мұндай жағдайдағы түзілген электрондық жұп электртерістілеу хлордың ядросы жағынан күштілеу тартылыс күшіне кезігеді. Электрондық жұптың ығысуы салдарынан хлор атомындағы теріс зарядтың тығыздылығы жоғарылайды δ-; ал сутек атомында оң зарядтың тығыздылығы артады δ+. Атом алатын зарядты (δ+ немесе δ-) пәрменді (эффективті) заряд дейді.
Коваленттік байланыстың донорлық-акцепторлық механизмі деп бір атомның байланыс түзбеген жұп электроны мен екінші атомның бос орбиталі қосылуы нәтижесінде түзілген байланысты айтады.Жұп электронын беретін атом донор, ал оны қабылдаған атом акцептор деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет