Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тұздың қышқылмен әрекеттесуі



бет79/189
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#198425
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

3. Тұздың қышқылмен әрекеттесуі

Пробиркаға натрий ацетатын салып, оның үстіне күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, сірке қышқылының түзілгендігін иіскеп байқаңыз. Пробирканың аузына, қабырғасына тигізбей көк лакмус қағазын ұстаңыз да, құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.


4. Тұздардың сілтімен әрекеттесуі

a) Жеке пробиркаларға MgSO4, FeCl3 және CuSO4 тұздары ерітінділерін, оларлың үстіне NaOH ерітіндісін құйыңыз да, мұнан түзілген тұнбалардың түсін байқап, реакция теңдеулерін жазыңыз.


ә) Пробиркаға алюминий тұзы ерітіндісінің бірінен 4–5 мл құйып, ерітіндіні 60–800С-ге жеткенше қыздырыңыз, оның үстіне сондай мөлшерде аммиак ерітіндісін құйып, тұнба түзілуіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз. Тұнбаны келесі тәжірибеге сақтап қойыңыз.



  1. Амфотерлі гидроксидтердің қасиеттері

4 ә-тәжірибеде түзілген алюминий гидроксиді тұнбасының үстіндегі сұйықтықты төгіп тастап, тұнбаны екі пробиркаға бөліп құйыңыз. Пробирканың біреуіне тамшылатып тұз қышқылы (10%), екіншісіне күйдіргіш натр ерітіндісін құйыңыз. Алюминий гидроксидінің амфотерлік қасиетінің бар екендігін еске алып, реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.





  1. Металдың бейметалмен әрекеттесуі

(Тәжірибелер тартпалы шкафта орындалады)


0,5 г мырыш ұнтағымен әрекеттесуге қажетті күкірт ұнтағы мөлшерін алдын ала есептеп өлшеп алып, араластырып, мыс пластинаның бетіне салып, оны штативке бекітіп, жанған шырамен тұтатыңыз (абайлаңыз!). Болған құбылысты тартпалы шкафтың шынысы арқылы қараңыз. Қоспа тұтанып, күкіртті мырыш ұнтағының түзілуіне назар аударыңыз. Оның шамалы бөлігін пробиркаға салып, сұйытылған тұз қышқылында ерітіңіз. Сонда шіріген жұмыртқаның иісі бар күкіртті сутек бөлінеді. Мырыш сульфиді күкіртті сутек қышқылының тұзы екендігін ескеріп, реакция теңдеулерін жазыңыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет