Бейорганикалық


  1.3.1.3.Кварц шынысынан жасалған лабораториялық



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата28.03.2020
өлшемі2,92 Mb.
#60943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
PRAKTIKUM KAZ
PRAKTIKUM KAZ

 

 
33 
1.3.1.3.Кварц шынысынан жасалған лабораториялық 
ыдыстар   
Кварц  шынысы  жоғары  температураның  әсеріне 
берік  болады.  Кварцтан  жасалған  ыдысты  газды 
жанарғыда жалаң қыздырып, лезде суытуға болады. 
Кварц  шынысынан  жасалған  ыдыс  температурасы 
1000
0
С-ға  дейін  қышқыл  және  бейтарап  заттармен  жұмыс 
істеуге  қолданылады.  Фторсутек  (балқытқыш)  және 
фосфор  қышқылдары  кварцты  бұзатынын  ұмытпау  керек. 
Сонымен  бірге  кварц  шынысы  кәдімгі  шыныға  қарағанда 
өте осал, тез сынғыш болады. 
Мөлдір  кварц  шынысынан  отбақыраш,  тостаған, 
стақан, құты, сынауықтар және басқаларын дайындайды.  
 
1.3.1.4. Кәрлен лабораториялық ыдыстар 
Шыныға  қарағанда  кәрленнің  артықшылығы  оның 
ыстыққа төзімділігі және механикалық мықтылығы.  
Жұқа  қабырғалы  кәрлен  ыдыс  температураның 
кенет  ауытқуына  төзімді  және  сондықтан  да  заттарды  газ 
жанарғысында  қыздыруға  қолданылуы  мүмкін.  Бірақ 
кәрлен  ыдыстан  жасалған  затты  біртіндеп  қыздыру  керек, 
қыздырылған  ыдысты  температураны  дереу  төмендетпей 
суық  ұстағышпен  алмау  және  суық  қойғыштың  үстіне 
қоймау керек. 
Кәрлен 
ыдыста 
буландыруды 
су 
немесе 
құм 
жылытқысында  немесе  талшықтас  торында  жүзеге  асыру 
керек. 
Ашық 
жалында 
қыздырғанда 
кәрлен-сұйық 
шекарасында  температураның  төмендеуі  соншалықты 
үлкен болғандықтан кәрлен жарылып кетуі мүмкін. 
Қыздыруға және сұйықты сақтауға арналған барлық 
кәрлен  ыдыстарды  ішкі  жағынан  жылтыратпамен 
қаптайды.  Жоғарғы  температурада  кәрлен  ыдыстың 

 
34 
химиялық 
заттардың 
әсеріне 
төзімділігі 
көбінесе 
жылтыратпаның сапасына байланысты. 
Қарапайым жылтыратпа құрамы бойынша шамамен 
жоғары  құрамды  SіO
2   
мен  Al
2
O
3
  шыныға  сәйкес  келеді. 
Сондықтан 
оның 
ыстық 
қышқылдардың 
әсеріне 
тұрақтылығы  кварц  шынысымен  бірдей,  яғни  фторсутек 
және 
фосфор 
қышқылдарынан 
басқа 
концентрлі 
минералды  қышқылдар  жоғарғы  температурада  әсер 
етпейді.  Бірақ  концентрлі  сілті  ерітінділері  қыздырғанда 
кәрленді  бұзады.  Кәрлен  ыдысты  шыны  ыдыс  сияқты 
жуады. 
Қыздыру  және  қарапайым  операцияларды  жүргізу 
үшін  кәрлен  стақандар  шығарылады.  Сұйықтарды 
буландыру  үшін  және  заттарды  кристалдау  үшін 
буландырушы ыдыстар қолданылады. Кәрлен ыдыстардың 
қабырғалары  қалың  болғандықтан,  оларды  бірыңғай 
қыздыру  керек,  әйтпесе  олар  жарылып  кетуі  мүмкін. 
Құйма  жасау,  пісіру,  күлдену  және  қыздыру  үшін  биік 
және 
аласа 
отбақыраштар 
қолданылады. 
Гуч 
отбақыраштары-түбі  торлы  және  кәрлен  пластинкалы 
кәрлен  отбақыраштар  талшықтас  сына  арқылы  химиялық 
активті  заттарды  сору  мен  сүзуге  арналған.  Тұнбаны  сүзу 
үшін  және  ыстық  және  салқын  жағдайда  төмендетілген 
қысымда  қатты  заттарды  сұйықтан  бөлу  үшін  Бюхнер 
құйғысы  қолданылады.  Газдарды  жинау,  заттарды 
қыздыру, 
балқыту 
және 
күйдіру 
үшін 
Розе 
отбақырыштары қолданылады.  
 
1.3.2. Кейбір химиялық аспаптардың құрамы 
мен қолданылуы 
 
1.3.2.1. Лабораториялық қыздырғыш аспаптар 
Жылудың  келуі  мен  шығуы  -  айдау,  ұшыру, 
балқымалардың  түзілуі  мен  қатуы,  мұздату,  кристалдану 

 
35 
және  сол  сияқтылар  арқылы  жүзеге  асады.  Қыздыру  мен 
суыту  жылдамдық  пен  реакцияның  жүру  бағытын 
реттеудің  маңызды  құралдары  болып  табылады.  Суыту  - 
бөлме  температурасында  тез  өзгеретін  тұрақсыз  заттарды 
алу,  бөлу,  сақтау  үшін,  сонымен  бірге  газтәрізді  заттарды 
сұйықтарда  еріту  үшін,  сұйытылған  газдарды  алу  және 
т.с.с. үшін қажет. 
Мұнда  қыздыру  мен  суытудың  жалпы  жағдайлары, 
сонымен  бірге  осы  операцияларды  орындауға  арналған 
құрал-жабдықтар қарастырылады. 
Лабораторияда  әртүрлі  қыздырғыш  аспаптар 
қолданылады:  спиртті  және  газды  жанарғылар,  электр 
плитасы,  жылытқыштар,  муфель  пеші  және  спирт 
жанарғылары  әдетте  қырналған  қақпағы  бар  шыныдан 
жасалады (8 сурет). Оған денатурацияланған спирт құйып, 
бұралмаған  жіптен  жасалған  білтемен  қамтамасыз  етеді. 
Спирт  жанарғылары өте  ыстық  жалын  бермейді  (9  сурет). 
Жұмыс  істеп  болған  соң  жанарғыны  спирт  ұшып  кетпес 
үшін қақпағын жауып қояды.  
 
 
 
 
қақп
ағы 
 
түті
к 
 
білт
е 
 
резе
р-
вуар 
 
 
 
 
әшы
қ 
жал
ын 
 
ыст
ық 
жал
ын 
ыст
ық 
емес  
Көбінесе  газды  Бунзен 
және  Теклю  [14-18] 
жанарғысын 
жиі 
қолданады. 
Жанарғының 
құрылысымен  танысу 
үшін  түтікті  бұраса 
онда 
газ 
шығатын 
саңылауды 
көруге 
болады. 
8-сурет.                      9-сурет.  
Жанарғыға 
ауа 

 
36 
Спирт                       Жалын 
шамы                       құрылысы 
түтіктегі 
және 
сауыттағы 
саңылау 
арқылы 
келеді. 
Сауытты  айналдырып, 
ауа кіретін 
саңылауды  көбірек  немесе  азырақ  жабуға,  не  ашуға, 
осылайша ауаның келуін реттеуге болады.  
Теклю жанарғысы - реттеуші дискісімен неғұрлым 
жақсы аспап, себебі онда тек қана ауаның келуін ғана емес 
газдың ағынын да реттеуге болады. 
Газ  ағынын  бұранданың  көмегімен  реттейді.  Ауа 
жоғарғы  түтікке  түтіктің  конус  тәрізді  кеңейтілген  негізі 
мен 
бұранданың 
қиындысына 
орнатылған 
диск  
арасындағы  саңылау  арқылы  түседі.  Дискіні  айналдырып 
саңылау  енін  өлшеуге,  осылайша  жанарғыға  ауа  келуін 
реттеуге болады. Жылудың көп бөлігі газ толық жанғанда 
жарқырамайтын 
жалын 
түзілгенде 
бөлінеді. 
Ауа 
жетіспегенде  оттек  толық  жанып  кетпейді,  бұл  кезде 
қызған  бөлшектері  жалынның  жарқырауын  туғызатын 
көміртек бөлінеді. Жанарғыға ауа кіріп біткен кезде жалын 
ысталған болады.   
 
Лабораториялық электр қыздырғыш аспаптар 
Лабораториялық  тәжірибелерде  электр  қыздырғыш 
аспаптар 
кеңінен 
қолданылады. 
Басқа 
қыздыру 
аспаптарынан  олардың  артықшылықтары-келетін  жылу 
энергиясының мөлшерін дәл реттеу және температураны 
автоматты 
ұстауға, 
барлық 
жұмыс 
кеңістігін 
бірқалыпты  қыздыруға,  жұмыс  кеңістігінде  жану 
өнімдерінің болмауына мүмкіндік береді. 
 

 
37 
Кедергі электр пештері 
Электр  энергиясын  жылу  энергиясына  айналдыру 
тәсілі  бойынша  лабораториялық  қыздырғыш  аспаптар 
көбінесе кедергі аспаптарына жатады. 
Лабораториялық 
кедергі 
пештері 
камералық 
(СНОЛ),  түтікті  (СУОЛ)  және  шахталық  (СШОЛ)  болып 
бөлінеді.  Кедергі  электр  пештеріне  сонымен  бірге  СНОЛ 
типті кептіргіш электр шкафтары жатады. 
 
Кедергі  электр  пештерінің  негізгі  техникалық 
көрсеткіштері-жұмыс  кеңістігінің  өлшемі,  қыздырудың 
максимальды  температурасы  және  температураны  реттеу 
диапазонының 
шектері. 
Лабораторияда 
жұмыс 
істеушілердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  электр 
қондырғылардың  металдық  бөліктері  және  электр  құрал-
жабдықтардың  қорабы  жерге  қосылған  болуы  керек. 
Жерге  қосылмаған  электр  пештерімен  жұмыс  істеуге 
тиым  салынады.  Қондырғының  жерге  қосылатын  әрбір 
элементі  жерге  қосушыға  бөлек  тармақтың  көмегімен 
қосылуы 
керек. 
Жерге 
қосылатын 
өткізгішке 
электрқондырғының бірнеше жерге қосылатын бөлігін 
бірінен соң бірін қосуға тиым салынады.  
СНОЛ  тәрізді  камералық  лабораториялық  кедергі 
электрпештері  стационар  жағдайында 900-1100
0
С-ға дейін 
әртүрлі 
термиялық 
процестер 
мен 
аналитикалық 
жұмыстарды  жүргізу  үшін  қолданылады,  СУОЛ  және 
СШОЛ  тәрізді  электр  пештері  сонымен  бірге  металдарды 
балқытуға  және  1250
0
С-ға  дейінгі  температурада  әртүрлі 
материалдарды  термоөңдеуге  арналған.  Көлемі  кішкентай 
отбақырашқа 
арналған 
пештер 
СШОЛ 
типтегі 
электрпешінің  түрлеріне  жатады  да  сол  мақсатқа 
пайдаланылады.  
Сонымен  бірге  лабораториялық  СУОЛ  типтес 
органикалық  қосылыстардың  элементтік  анализіне  және 
кварц  түтігін  қыздыруға,  олардың  ішіндегі  органикалық 

 
38 
қосылыстарды  жағуға  арналған  түтікті  кедергі  электр 
пештері шығарылады. 
Кептіргіш 
электр 
шкафтары 
әртүрлі 
матариалдарды  кептіру  үшін,  қатты  материалдардың 
ылғалдылығын  анықтау  үшін,  шыны  және  металл 
ыдыстарды  құрғақ  ауада  тазарту  үшін  және  100-350
0
С-ға 
дейін  қыздыруды  қажет  ететін  және  температураны  2-3
0
С 
дәлдікпен  автоматты  реттеп  отыратын  басқа  да 
жұмыстарға арналған. 
Термостаттар-жұмыс 
кеңістігінде 
жоғары 
дәлдікпен  белгілі  температура  ұсталып  тұратын  электр 
қыздырғыш  аспаптар.  Термостатты  толтыратын  ортаға 
байланысты олар ауамен және сұйықты болып бөлінеді. 
Ауа 
термостаттары 
20-80
0
С 
температура 
шегінде  әртүрлі  жұмыстарды  жүргізуге  арналған.  Ауа 
термостатының  зерттелетін  материал  салынатын  жұмыс 
кеңістігі  су  құйылған  ыдысы  бар  тікбұрышты  камерадан 
тұрады.  Термостаттың  ішіндегі  температура  ішіне  су 
өтпейтін  электрқыздырғыштары  салынған  су  құйылған 
ыдысты қыздырумен реттеледі. 
Сұйықты термостат жұмыс сұйығымен (су, май) 
толтырылған  ыдыстан  тұрады.  Жылу  сұйықта  орналасқан 
қыздырғышпен келеді де, тоңазытқышпен шығады. Жұмыс 
кеңістігіндегі  тұрақты  температура    электр  қозғағышпен 
қозғалысқа  келетін  және  термореттегіштің  көмегімен 
автоматты 
түрде 
ұсталып 
тұратын 
пропеллерлі 
араластырғышпен  сұйықты  араластырумен  қамтамасыз 
етіледі.  
Сонымен  қатар  сулы  электр  термостаттары, 
ультратермостаттар,  микротермостаттар  және  ішіне 
салынып тұратын қондырғылар шығарылады [14-17]. 
 
Қыздыруға арналған аспаптар 

 
39 
Сұйықтарды  тікелей  қыздыру  көбінесе  жабық 
электр  қыздырғыштарының  (электр  плиталары,  құты 
қыздырғыштар,  электр  қайнатқыштар)  көмегімен  жүзеге 
асады.  
Электр плитасының жоғары жылу сыйымдылығы 
болады,  сұйыққа  қыздырғыш  шиыршық  сымнан  жылу 
берілу  бөліктің  бірнеше  беті  арқылы  жүреді  де, 
температура  біраздан  соң    реттеледі  және  әрдайым 
берілген  мәннің  төңірегінде  болады.  Электр  плиталарын 
басқа  үстел  үстіне  қоятын  электр  қыздырғыш  аспаптар 
сияқты  талшықтасты  қабаттың  немесе  жылу  өткізбейтін 
материалдан жасалған беттің үстіне қою керек. 
Қалың  қабатты  ыдыстағы  немесе  жылуды  нашар 
өткізетін материалдан жасалған ыдыстағы сұйықты электр 
плитасында  қыздыруға  болмайды.  Мұндай  жағдайларда 
көбінесе  ішіне  салынып  тұратын  әртүрлі  күштегі  үй 
тұрмысында  қолданылатын  электр  қайнатқыштарын 
пайдаланады.  
Соңғы  кездері  тікелей  электр  қыздырғышы  бар 
құтыларды  шығарады.  Қыздырылатын  элемент  құтының 
түбіне  орналастырылады  да,  тікелей  ток  көзіне 
жалғастырылады. 
Ауа жылытқыштары 
Қыздыру  жылытқыларында  қолданылатын  жылу 
тасығыштардың  барлығының  ішінен  ауаның  жылу 
өткізгіштігі төмен және ыстық ауадан қыздырылатын затқа 
өтетін жылу аз. Бейорганикалық химия практикумында ауа 
жылытқыштары сирек қолданылады. 
 
Сұйық жылытқыштар 
Сұйық  жылытқыштар  үшін  жылу  тасығыштар 
ретінде  су  және  сулы-тұзды  ерітінділер,  минералды 
майлар,  силикон  майлары,  глицерин,  дибутилфталат, 

 
40 
күкірт  немесе  фосфор  қышқылдары  және  басқалары 
қолданылады. 
Жылутасығыш  металл  ыдысқа  немесе  үстінен 
металл  сақиналарының  жиынтығымен  жабылатын  арнайы 
цилиндрлі  немесе  конус  тәрізді  мыс  (жез)  ыдысқа 
орналастырылады.  Бұл  қыздырылатын  ыдысты  сұйық 
жылутасығышқа  салып  қою  қажет  болғанда  жылытқыш 
саңылауының  керекті  диаметрін  таңдап  алуға  мүмкіндік 
береді.  
Су 
жылытқысы 
заттарды 
судың 
қайнау 
температурасына    (100
0
С-ға  дейін)  дейін  қыздыруға  және 
80
0
С  аспай  қайнайтын  сұйықтарды  айдауға  жарамды. 
Кейбір  тұздарды  (NaCl,  CaCl
2
)  суда  ерітіп,  қыздыру 
температурасын 
жоғарылатуға 
болады. 
Мысалы, 
жылытқышты  NaCl  қаныққан  ерітіндісімен  толтырғанда 
температураны  108
0
С-ға  дейін  көтеруге  болады,  ал  50% 
CaCl

ерітіндісі  оны  130
0
С-ға  дейін  көтеруге  мүмкіндік 
береді. Тұздардың сулы ерітінділерінің  кемшіліктері-олар 
жылытқыштың 
металл 
қабырғаларының 
таттануын 
тездетеді, ал суытқанда көбінесе қатып, егер оны суығанша 
жылытқыштан  шығарып  алмаса  жылытылатын  шыны 
ыдыс  кептеліп  қалуы  мүмкін.  Сулы  немесе  сулы-тұзды 
жылытқыда  сілтілік  металдар  бар  ыдыстарды  
қыздыруға  қатаң  тиым  салынады.    100-240
0
С 
температура шегінде қыздыру үшін майлы жылытқылар 
қолданылады.  Жылутасығыш  ретінде  көбінесе  тұтану 
температурасы  300
0
С-дан  төмен  болмайтын  минералды 
майлар  қолданылады.  Майлар  талап  етілетін  температура 
шегінде  тұрақты,  улы  емес,  мөлдір,  оңай  қол  жеткізуге 
болатын, мүмкіндігінше бу қысымы төмен, тұтқырлығы аз, 
меншікті 
жылу 
сыйымдылығы 
жоғары. 
Майлар 
металдардың  таттануын  туғызбау  керек.  Осы  талаптарға 
көбінесе  цилиндр  майы-52  (Вапор)  жауап  береді. 
Лабораториялық  жұмыста  жиі  қолданылатын  вазелин 

 
41 
майы  200
0
С-да  күшті  түтіндене  бастайды  және  көп 
қолданғанда  сары  немесе  қоңыр  түске  боялып,  тұтқыр 
болып кетеді.  
Тіпті  "Вапор"  да  тұтқыр    болып  кетеді,  сондықтан 
оны біраз уақыттан кейін ауыстырған жөн.  
Силикон  майы  неғұрлым  тиімді  жылутасығыш 
болып табылады. Силикон жылытқышын көп  қолданғанда 
түсі  және тұтқырлығы айтарлықтай өзгермейді, оны 300
0
С 
- ға дейін қыздыруға болады. 
Май  жылытқыштарында  қыздыруды  тартқыш 
шкафта  жүргізу  керек,  себебі  май  булары  жағымсыз  және 
зиянды.  Майлы  жылытқышқа  одан  жоғары    қыздыру 
қауіпті  екенін  көрсететін  температура  қызыл  сызықпен 
белгіленген 
бақылаушы 
термометр 
салу 
керек. 
Жылытқышты  жарты  көлеміне  дейін  маймен  толтырады, 
себебі  қыздырғанда  май  кеңейеді  де  оның  артық  мөлшері 
ағып, 
тұтануы 
мүмкін. 
Қыздырылатын 
ыдысты 
жылытқышқа  ыдыстағы  заттың  деңгейі  маймен  бір 
деңгейде болатындай етіп орналастырады. 
Қыздырғанда  майға  су  немесе  басқа  төмен 
қайнайтын сұйықтың түсіп кетпеуін қадағалау керек.      
Судың  бірнеше  тамшысынан-ақ  ыстық  май  қатты 
көпіре  бастайды,  шашырап,  тұтануы  мүмкін.  Май 
буларының  тұтану  қауіпін  жылытқышты  оның  өлшеміне 
сәйкес  келетін  талшықтас  картонынан  қиылған  екі 
жартылай  сақинамен  жауып  азайтуға  болады.  Қыздырып 
біткен соң ыдысты ыстық жылытқыдан шығарып, майдың 
қабырғалардан  ағуына  мүмкіндік  береді  және  сүзгі 
қағазының  бір  бөлігімен  немесе  мақтамен  ыдыстың 
бетінде қалып  қойған майды алады. 
Сұйық  жылытқыларда  көбінесе  жылу  тасығыш 
ретінде глицерин қолданады.   
Глицерин  290
0
С  қайнайды,  өте  ылғалданғыш  және 
суда  ерігіш.  Глицерин  жылытқыштарын  200
0
  С  -  ға  дейін 

 
42 
қыздыруға болады; одан жоғары температурада көз жасын 
және жөтел тудыратын акролеин түзіледі.  
Глицерин 
сумен 
жеңіл 
жуылады. 
Сұйық 
жылытқыштарда жылутасығыш  -10-нан +180
0
С-ға дейінгі 
температура  шегінде  этиленгликоль,  ал  0-дан  +  250
0
С 
шегінде  триэтиленгликоль  ұсынылады.  Этиленгликоль 
және  триэтиленгликоль  суда  ериді,  таттану  туғызбайды, 
түссіз. 
 
Тұзды жылытқыштар 
300
0
С-дан  асатын  температурада  қыздыру  үшін 
балқытылған  тұздар  қолданылады.  Олардың  құрамын 
анықтамалардан  білуге  болады.  Мысалы  48,7%  (масс) 
NaNO
3
  және  51,3  %  KNO
3
,    қоспасымен  толтырылған  тұз 
жылытқышы  230-дан  500
0
С  дейінгі  температура  шегінде, 
ал    40%  NaNO
2
,  7%  NaNO
3
  және  53%  KNO
3
  қоспасымен 
толтырылған  жылытқыш  150-ден  500
0
C-ға 
дейігнгі 
температура шегінде қолданылады. 
Тұзды 
жылытқыштармен 
жұмыс 
істегенде  
қыздырылатын  ыдыстар  термиялық  тұрақты  шыныдан 
жасалуы  керек;  ыдыстарды  сұйық  балқымаға  салады  да, 
ыстық балқымадан шығарып алады. Жанғыш органикалық 
заттардың 
кейбір 
нитраттар 
мен 
нитриттердің 
балқымаларына  түсуі  тез  тұтануды  туғызады,  тіпті 
жанудан жарылыс болуы мүмкін.   
Металды жылытқыштар 
Металды  жылытқыштарды  тұзды  жылытқыштар 
сияқты  мақсатта  қолданады.  Жылу  тасығыш  ретінде 
төменгі t-да балқитын t
балқу 
= 65,5
0
C  Вуда құймасын (50% 
Bі,  25%  Pb,  12,5%  Sn    және  12,5%  Cd)  немесе  t
балқу 
=94
0

Розе  құймасын  (50%  Bі,  25%  Pb,  12,5%  Sn)  қолданады. 
Металды жылытқыштардың балқу температуралары төмен 
болады,  бірақ  металдардың  жоғары  жылу  өткізгіштіктері 
жылудың тез берілуіне әсерін тигізеді.  

 
43 
Металл 
жылутасығыштарының 
кемшіліктері: 
олардың  жоғары  тығыздығы  және  ауа  қатысында  жоғары 
температурада  тотығуы  (түзілетін  оксидтер  жылыту  бетін 
бүлдіріп, 
жылу 
беруді 
кемітеді). 
Металды 
жылытқыштарды  көбінесе  кішкене  құтыларды  қыздыруға 
қолданады; жылытқыш ыдыс ретінде темір тостаған болуы 
мүмкін. Қыздырып болғаннан кейін құты мен термометрді 
ыстық  балқымадан  (ол  қатып  қалмас  бұрын)  шығарады. 
Металл  жылытқыштармен  жұмыс  істеуді  тартқыш 
шкафтың астында жүргізу керек. 
Құмды жылытқыштар 
Жоғары  температураға  дейін  қыздыру  үшін  құмды 
жылытқыштарды  жиі  қолданады.  Түбі  құрғақ  ұсақ 
түйіршікті  құм  қабатымен  жабылған  металл  ыдысқа 
қыздырылатын ыдысты орналастырып, оның жан-жағынан 
құмды  сеуіп  тастайды  (көбінесе  құм  толтырылған 
жылытқышқа  қателесіп  ыдысты  орналастыруға  әрекет 
жасайды).  Құмды  жылытқышты  газ  жанарғысының 
жалынымен немесе электр плитасымен қыздырады.  
Егер құм қалың болса, онда жылу берілу жеткіліксіз 
болады,  сондықтан  дөңгелек  түпті  құтыларға  арналған 
жартылай  сфералы  құмды  жылытқыштардың  формасы 
жазық  болғаны  дұрыс.  Құмды  жылытқыштар  бірқалыпты 
қызады,  осының  салдарынан  олармен  жұмыс  істегенде 
тұрақты  температураны  ұстап  тұру  қиын.  Құмды 
жылытқыштар  майлы  жылытқыштарға  қарағанда  біршама 
қауіпсіз.  
 
1.3.2.2. Металдық тұрғы 
 Металдық  тұрғы  (10-сурет)  биіктігі  25-30  см  тіреуден 
және  
 
диаметрі  0,4-0,5  см  өзектен  тұрады. 
Тұрғыда  екі  тік  бұрышты  муфта 
бекітіледі. 
Үлкен 
муфтаның 

 
44 
 
 
қабырғасының  ұзындығы  шамамен  4 
см  тең.  Екі  муфтада  да  диаметрі  0,5-
0,6  см  бір-бірінен  2-3  см  қашықтықта 
перпендикуляр 
орналасқан 
екі 
дөңгелек саңылау болады. Бір саңылау 
бұранданың 
көмегімен 
тұрғыға 
муфтаны  орнату  үшін,  екіншісі  бір 
немесе  екі  дөңгелекті  орнату  үшін 
қолданылады. Шеңгел ұзындығы 2 см, 
диаметрі  0,3-0,4  см  және  дөңгелек 
саңлаулы тік бұрышты бөлігінің енінің 
диаметрі  1,5-1,6  см  болатын  жіңішке 
өзектен  тұрады.  Зат  (құты  немесе 
сынауық) 
шеңгелге 
бұранданың 
көмегімен  орнатылады.  Шеңгелдің 
өзегі де  муфтада бұрандамен 
10-сурет. Тұрғы 
бекітіледі.  Муфтаның  саңылауынан 
шеңгелдің 
өзегін 
айналдырып, 
шеңгелге  
орнатылған  затты  тігінен,  көлденеңнен  немесе  қисайтып 
кез-келген жағдайға келтіруге болады. 
1.3.2.3.  Шайғыш.  Шайғыш  деп  тұнбаны  сүзгіге 
ауыстырғаннан  кейін,  оларды  сұйық  ағынымен  шаюға 
болатындай  етіп  жасалған  ыдысты  айтады  (11  сурет). 
Шайғыш  ретінде  сыйымдылығы  300-500  мл  екі  түтік 
орнатылған резеңке тығынды қарапайым жазық түпті құты  
бола  алады.      Олардың        біреуі   
өткір 
 
бұрыш 
жасай 
майыстырылған 
және 
ұшы 
тарылған, 
екінші 
ұшы 
құтыныңтүбіне  дейін  түсірілген; 
екінші 
майыстырылған 
түтік 
құтының  ішіне  бір-екі  см  -  дей 
кіреді.  Қысқа  түтік  арқылы  ауа 
 
 

 
45 
үрлейді,  су  қысымның  әсерінен 
жіңішке  ағын  түрінде  ұзын  түтік 
арқылы ағады. 
 
11-сурет. Шайғыш 
 
1.3.2.4. Газдарды жинау және сақтауға арналған  
аспаптар мен құрылғылар 
Газ  алу  үшін  қарапайым  аспап-құты  және  цилиндр 
немесе конус тәрізді сынауық қолданылады. Егер реакция 
қыздыру  арқылы  жүретін  болса,  оны  құтыда  немесе 
цилиндр тәрізді сынауықта жүргізген дұрыс. 
Бастапқы  затты  газ  шығатын  түтігі  бар  тығынмен 
жабдықталған құтыға салады. Газ шығатын түтікті газ алу 
әдісіне  сәйкес  оның  қасиеті  мен  қолдану  жағдайының 
формасына  байланысты  таңдайды.  Бастапқы  зат  бар 
ыдысты  тұрғы  шеңгеліне  орнатады;  түтіктің  ұшын  газ 
қабылдағышқа салады.  Көп  мөлшерде    газ  алу үшін Кипп 
аппаратын қолданады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет