Екінші текті фазалық ауысу деп жылудың жұтылуына немесе бөлінуіне және көлемнің өзгеруіне байланыссыз болатын фазалық ауысуды айтамыз. Осы фазалық ауысу көлем және энтропияның тұрақтылығымен және жылу сыйымдылықтың секірмелі өзгерісімен сипатталады. Екінші текті фазалық ауысуды бірінші рет совет ғалымы Л.Д. Ландау (1908-1968) айтқан болатын.Екінші текті фазалық ауысуға белгілі бір қысым мен температурада ферромагнитті заттардың парамагнитті күйіне өтуі, металдармен кейбір қорытпалардың О К жақын температурада асқын өткізгіштік күйде болуы, электрлік кедергісінің секірмелі азаюының сипаттамасы, сұйық гелийдің (бірінші түрдегі гелий) Т = 2,9 К температурада өзінің басқа түріне өтуі (екінші түрдегі гелий), сөйтіп асқын аққыштық қасиетінің пайда болуы сияқты мысалдар жатады.
Белгілі бір жағдайларда бір заттың түрліше фазалары бірімен-бірі өз ара жанаса отырып, тепе-тендікте бола алады. Екі фазаның тепе-теңдігі температураның тек белгілі бір интервалында жүзеге аса алады, онда да температураның әрбір мәніне тепе-теңдік орнайтын р қысымның белгілі бір мәні сәйкес келеді. Сөйтіп, екі фазаның тепе-теңдік күйлері
(р, Т) диаграммада мына сызықпен кескінделеді:
p =f (T). (1)
Атап айтқанда, мысалы, сұйық пен оның қаныққан буының тепе-теңдігі үштік нүкте температурасы мен кризистік температураның арасындағы температуралық интервалда байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда қанықкан бу серпімділігінің қисығы (1) функцияның графигі болып табылады. Бір заттың үш фазасы (қатты, сұйық және газ тәрізді фаза, немесе екі қатты және бір сұйық фаза) температура мен қысымның бір жалғызақ мәнінде тепе-теңдікте тұра алады, бұларға (р,Т) диаграммасында үштік нүкте деп аталатын сәйкес келеді. Бұл нүкте жұбымен алынған фазалардың тепе-теңдік қисықтарының қиылысында жатады. .
Термодинамикада тәжірибелерге сәйкес тепе-теңдік күйде бір заттың көп болғанда үш-ақ фазасы болатындығы дәлелденді.
Бір фазадан екінші фазаға ауысу әдетте жасырын жылу, яғни жай жылу деп аталатын қайсыбір жылу мөлшерінің, жұтылуына немесе бөлініп шығуына байланысты болады. Кристалдық модификациялардың бір түрінен екінші түріне ауысуы кейде жылу мөлшерін жұтуға немесе бөліп шығаруға байланысты болмайды. Мұндай ауысулар, кәдімгі бірінші текті фазалық ауысулардан бөлек, екінші текті фазалық ауысулар деп аталады. Біз тек бірінші текті фазалық ауысуларды қарастыратын боламыз.
Сурак-жауап (10 минут)
Фаза деген не
Фазалық ауысудың қанша түрі бар
Кристалдану деген не
Балқу деген не
5.Багалау (2 минут)
6.Уйге тапсырма (3 минут)
Жанадан отілген терминдерді дэптерге тусирип, №3 есепті шыгарып келу.
Осымен сабагымыз аякталды.Барлыктарыныздын назарларынызга РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |