Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің классификациясы ( Н.Д.Стражес-ко,В.Х.Василенко,Г.Ф.Ланг )
1-саты ( бастапқы, жасырын қанайналым жеткіліксіздігі): ентігу, тахикардия, шаршағыштық тек физикалық жүктемеден кейін пайда болады.
2-саты: азғана физикалық жүктемеден кейін шамалы ентігу, (2A сатысы,жүйелік тұрақтандырушы терапиядан кейін жоғалатын немесе алдын алуға болатын кіші қан айналым жүйесінде іркілу белгілері болғанда) немесе тыныштықта ентігудің болуымен (2 Б сатысы,үлкен қанайналым жүйесінде іркілулермен оң жақ бөліктердің жеткіліксіздігі болғанда және бұл өзгерістер емдегенде де сақталып қалады)
3-саты( соңғы, созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінің дистрофиялық сатысы): үлкен және кіші қанайналым жүйесінде қайтымсыз іркілулік көріністердің дамуы, ауыр қанайналым бұзылыстары, мүшелерде құрылымдық, морфологиялық және қайтымсыз өзгерістер,жалпы дистрофия, жүдеу, еңбекке қабілеттіліктің мүлдем жоғалуы.