Жүрек демікпесі (тұншығу, түнгі ұстамалы ентікпе) кіші қан айналым шеңберінде қан іркілуінен және өкпелік гипертензия және өкпеде интерстициялық ісіну нәтижесінде болады. Ентігу мен қақырықсыз жөтелмен көрінеді.
Өкпенің ісінуі жүрек демікпесінің үдеуінен дамиды. Өкпелік гипертензия → өкпе ұяшықтарына сары судың шығуы. Көпіршікті қақырықпен болатын жөтелмен сипатталады.