Жүргізілуі: Бір минуттың ішінде қатысушылар «Жетістікті, бақытты күн бұл...»
деген сөзге сөйлем құраулары керек. Осыдан кейін әр қатысушы кезекпен оқып, таныстырады, жаттығуды қорытындылайды.
«Жетістікке қалай жетуге болады?»
3. «Жетістік жолдары»
Мақсаты: Жеке тұлға мен топ қатысушыларының арасындағы келісімділік деңгейін анықтау. Жеке тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызуға жағдай орнату.
Керекті құралдар: ақ парақ бет, қарандаштар, қалам.
Жүру барысы: Топ екі командыға бөлінеді. Әрбір топ жетістік және жетістікке жету жолдары туралы топтық әңгіме құрастыруы керек. Қатысушылардың біреуіне «жазушының еңбек құралы» қаламсап немесе қарындаш беріледі. Қатысушы қаламды алып бірінші сөзді жазады: мысалы, «жақсы ауа-райы болды...» - және қаламды келесі қатынасушыға береді ол жазылған сөзді оқып, өзі сөзбен жалғастырады мысалы, «жақсы ауа-райы болды және барлығының көңіл –күйі жақсы болды...», осылай қатысушылар жалғастыра береді. Қатысушылардың барлығы жазып болғаннан кейін қайтадан бірінші қатысушыға қалам ұсынылып әңгіме қорытындыланады.