1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.
2. «Көңіл күй» жаттығуы
Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 3 балл деп бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ.
3. «Есте сақта» жаттығуы
Назар мен бақылушылықты дамытатын ойындар. Столға бірнеше кез келген зат қойылады. Өз қалауы бойынша оқушылардың біреуі заттарды назар аударып қарап шығады, сосын аудиториядан шығып кетеді.Оқытушы заттардың біреуін алып тастайды. Ерікті қайта шақырылып, стол үстінде қай заттың жоқ екндігін табады.
4. «Менше жаса» жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрады, жүргізуші сайланады, ол бір дене жаттығуын көрсетеді, оны қалғандары қайталайды. Сосын жүргізуші рөлі басқаға ауысады.
5. «Мен қандаймын» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.
6. «Карусель» жаттығуы
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы ішкі және сыртқы шенберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысында тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айтуы керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б.
7«Тез орында»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
8.«Көршіңді біл»
Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен байланысқа түседі. Әрқайсысы өз көршісіне бір сұрақ қояды: Мысалы, «Хал жағдайың қалай ?», «Ден саулығың жақсы ма?» т.б. Сұрақ қойылған адам оған қысқа жауап қайтарады:
«Рахмет, жаман емес» т.б. және өзінен кейінгі тұрған көршісіне ол да сұрақ қояды. Сөйтіп, ойын тізбек бойынша жалғаса береді. Қатысушылар ойынды бақылай отырып, қойылған сұрақтарды қайталамауға тырысады.
9.«Егер мен...»
Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысал: 1) Егер мен милиционер болсам... 2) ...Мен балалар үшін ақысыз Диснейленд жасар едім...т.б.
10. «Бәрібір сен азаматсың, себебі сен...»
Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі...» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді...Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.
11.«Сенімді тірек»
Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға, сосын жәйімен солға қисаяды.Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері қажет.
12.«Жұмбақ көсем»
Қатысушылар шеңберге тұрады ( не партаның қасында ). Біреуі бөлмеден шығып кетеді. Бұл кезде топ өз арасынан
«Көсем» сайлайды. Шығып кеткен адам қайтып оралғанда «Көсем» белгілібір қимылды көрсете бастайды(саусағын сартылдату, қолын айналдыру, шапалақтау т.б). Топ оны бірден қайталайды, яғни байқатпай «Көсемнің» қимылын бақылауға тырысады. Жүргізуші «Көсемге» арқасын беріп, сырт айналғанда, «Көсем» қимылын өзгертеді, қалғандары оны қайталайды. Жүргізушінің мақсаты-«Көсем» кім екендігін анықтау.
13. «Жаңбыр»
Сол алақанымызға оң қолымыздың сұқ саусағымен соғамыз. Сосын оған екінші саусағымызды қосамыз, сосын үш саусағымызды. Төрт. Бес. Сосыналақанымызбен түгел соғамыз. Содан кейін керісінше бір саусақтан кемітіп, бір саусағымыз қалғанша қайталап шығамыз.