Бекітемін Директордың оіж орынбасары: Г. Ж. Сағатова 2016 ж



Дата10.06.2017
өлшемі43,57 Kb.
#18781
Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары:

Г.Ж.Сағатова __________

«______» ______________ 2016 ж.

ЖОББ Совхоз мектеп-балабақшасы

Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

( Ашық сабақ 7-сынып)

Информатика пәні мұғалімі: Құбаев А.Ж.


2016 жыл

Күні: 08 .02.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: (5 мин)
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді?
3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
4. Растрлық графика дегеніміз не?
5. Векторлық графика дегеніміз не?
6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліну әдісі векторлық және растрлық суреттер бойынша жүзеге асады.

ІІ. Өткен сабақты бекіту.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Тапсырма 1. (8 мин) Растр және Вектор топтары тақтада тұрған Венн диаграммасы арқылы растрлық және векторлық графиканың артықшылығы мен ерекшелігін жазып, түсіндіреді.
Венн диаграммасы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. ( Inkscape программасымен танысу)
Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы – Paint редакторымен, Вектор тобы – Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.
Жаңа ұғым. Безье қисығы – ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. – безье қисығын түсіндіру)

Тапсырма 2. Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.

Тапсырма 3.



IV. Жаңа сабақты бекіту.
Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

V. Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.


VI. Үй жұмысы: Фракталдық графика туралы мәлімет іздеп келу. Фракталдық графикамен жұмыс жасайтын программалар.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет