Бекітемін Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакирова А. Т. 20 ж. " " Бекітемін



бет4/9
Дата01.03.2023
өлшемі419,72 Kb.
#170723
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қаз тар ашық саб

Тапсырма №1. Кластер сызу.
Қазақтың материалдық мәдениетіне не жатады


Жаңа сөздермен танысу
Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі
Сәукеле – қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі
Қамқа тон – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.
Саптама - іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі
Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.
Шекпен - түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді.


Тапсырма № 2. Кестені толтырыңыз



Ер адамның ұлттық киімдері

Әйел адамның ұлттық киімдері







Тапсырма № 3. Қолданбалы өнер түрлері және олардың маңызын анықтаңыз



Қолданбалы өнер түрлері, тұрмыста қолданылатын заттар


Маңызы












Жаңа сабақ жоспары
1. Қазақ халқының баспанасы
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
Мәдениет дегеніміз не?
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығы - ның жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениет
Материалдық Рухани
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,
жиһаздары, қолөнер бұйымдары) даналық сөздер)

Білімгерлер, енді мұражайға саяхат жасаймыз.


Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер

І. Алғашқы баспаналар


Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады.
Киіз үйді қалай құрады, осымен танысамыз.
Кіз үйдің қандай түрлері болады? Оқушылар өздері білетіндерін айтады.
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.

ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне қош келдіңіздер!


Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз. Соған бірден - бір үлес қосып жүрген атыраулық еліміздің бас суретші - модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан Махамбет туралы айтамын
ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне қош келдіңіздер!
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет