«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет24/28
Дата05.12.2023
өлшемі85,08 Kb.
#195188
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
molekulalyk biologiya

Гаметаларжануарлар мен өсімдіктердің гаплоидті жыныс жасушалары. Олар бір-бірімен қосылғанда диплоидті жасуша – зигота түзіледі.
Гаметогенез – жыныс бездерінде аталық пен аналық гаметаларының дамып, жетілуі.
Гетерозигота – белгілі геннің әртүрлі аллелінің гомологті хромосомаларда орналасуы.
Гетерозис – әр түрлі организмдерді будандастырғандабірінші ұрпақ дараларының өнімділігі, өсімталдығы, салмағы және т.б. қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы.
Гиалоплазма – цитоплазманың түпнегізі (матриксі).
Гибрид, будан – генетикалық тұрғыда әр түрлі дараларды будандастырғанда пайда болатын гетерозиготалы ұрпақ.
Гистон – хромосоманың құрылыс қызметін атқаратын нәруыз .
Гликоген – жануарлар жасушасында, әсіресе, бауыр мен бұлшық етте жинақталатын қор заты; полисахаридтің түрі.
Глобулдық нәруыздар – полипептидтік тізбенің оралымға (сфера) айналуында негізгі қызмет атқаратын нәруыз.
Гомозигота – гомологті хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоидті организм.
Гонадалар – жыныс жасушалары қалыптасатын жыныс бездері.
Делеция – хромосомалардағы немесе цитоплазмадағы генетикалық материалдың (бір геннің, кейде түгелдей хромосоманың) юөлініп қалуы.
Дивергенция – эволюция процесі кезіндегі белгілердің ажырауы. Оның негізінде бір түрден жаңа түрлер пайда болады.
Диплоид – хромосомалардың толық жиынтығы.
Диплотена – жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы.
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) – төрт нуклеотид өзара байланысқан (А-Т, Ц-Г) қос тізбекте генетикалық ақпарат сақталған, жоғары молекулалық полимер.
ДНҚ-лигаза – қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысын қалыптастырып, үзілген жерді «тігетін» фермент.
ДНҚ-ның жабысқақ ұшы – ДНҚ-ны әр түрлі рестриктазалармен үзгенде ДНҚ-ның ұшында пайда болған бірнеше нуклеотидтен тұратын ДНҚ-ның бір тізбегі. Ол рекомбинантты ДНҚ-ны құрастырарда әр түрлі үзінділерді жалғау үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет