«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б


Цитоплазма – плазмалық жарғақша мен ядро аралығындағы клетка бөлігі. Эмбриология



бет23/28
Дата05.12.2023
өлшемі85,08 Kb.
#195188
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
molekulalyk biologiya

Цитоплазма – плазмалық жарғақша мен ядро аралығындағы клетка бөлігі.
Эмбриология – ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым.
Эукариоттар – жасушаларында ядросы қалыптасқан ағзаларды ядродан ДНҚ бөлінгенде ядро пиротеині гистондармен бірге хромосома түзеді.
Ядро – көптеген бір клеткалы және барлық көп клеткалы организмдердің клеткаларының негізгі бөлігі.
Ядрошық – ядро құрамындағы тығыз денешік.
Акроцентрлі – хромосома ашасының тең бөлінбей, бір жағының – қысқа, екінші жағының – ұзын болып келуі.
Акцептор – зарядталған бөлшектердің (энергиялы бөлшектер) жинақталатын (шоғырланатын) қоймасы.
Аллель – белгінің дамуын анықтайтын гендердің бір немесе бірнеше жұбы.
Амплификация – ДНҚ немесе ген санының бірнеше есе өсуі.
Анаболизм – жасушада жүретін биосинтез реакциялары.
Антагонизм – табиғи немесе зертханалық жағдайда микроорганизмдердің өзара байланысуы.
Антибиотиктер – микробтардың өсуін тежеп, оларды жоятын заттар.
Антигендер – қанда және басқа ұлпаларда антидене түзетін организм үшін бөгде заттар.
Антидене (антитела) – организмге бөгде денелер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын нәруызды заттар.
Архиобактерияэукариоттармен салыстырғанда, физиологиялық – биологиялық қасиеттері жөнінен ерекшілігі бар ежелгі бактериялар.
Аутбридинг – туыс емес дараларды будандастыру.
Аутосома – айырым жынысты өсімдіктер мен жануарлардың дене (сома) хромосомасы.
Ахроматин – жасушаның митоз және мейозды бөлінуі кезінде пайда болатын жіпшелер.
Бактериофагтар (фагтар) – бактерияның ішінде дамитын вирустар.
Варияциялық қатар – белгінің өзгеруіне қарай орналастырылған сан арқылы берілген өрнек.
Вектор – генді бір жасушадан басқасына тасымалдай алатын плазмадан немесе сақина тәрізді вирус ДНҚ-сынан алынған ДНҚ молекуласы.
Вирустар – жасуша ішінде дамитын нуклейн қышқылы (ДНҚ немесе РНҚ) және нәруыздан тұратын, ауру жұқтырғыш тіршілік иесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет