«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет28/28
Дата05.12.2023
өлшемі85,08 Kb.
#195188
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
molekulalyk biologiya

Транслокациягеномдағы геннің немесе хромосома бөлігінің бір локустан екіншісіне орын ауыстыруы.
Трансляция – аРНҚ матрицасынан протеиннің синтезделуі (көшіріп аудару).
Трансплантация – бір дараның жасушасын, ұлпасын, т.б. басқа дараға тасымалдап салу.
Триоза – молекуласының құрамында үш көміртек атомы бар моносахарид өкілдері; сүт және пирожүзім қышқылдары жатады.
Тритикале (Triticale) – бидай иен карабидай гибриді. Бұл гибридті аналық форма ретінде бидайды пайдаланып алады.
Фенотип – генотип пен қоршаған ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.
Фермент – тірі организмдегі биохимиялық процестерді жеделдетіп және бағыттап, катализатор қызметін атқаратын протеиндер тобы.
Хлоропластар – фотосинтез процесі жүріп, өсімдікке жасыл түс беретін пластиттің түрі.
Хроматин – негізінен ДНҚ мен гистоннан (дезоксирибонуклеопротеид комплексі), аздаған бөлігі РНҚ-дан тұратын құрылым.
Хромопластар – өсімдіктердің кейбір мүшелері мен жемістеріне сары, сары қоңыр және қызыл түс беретін пластидтің түрі.
Хромосомалар – жасуша ядросында құрылымы жіпше тәрізді орналасқан нуклеопротеиндер. Олар митоз және мейоз кезінде бояу арқылы анықталады.Хромосоманың негізгі компоненті – ДНҚ және ядролық протеин – гистон.
Целлюлоза – өсімдік мембранасының негізгі құрамды бөлігі;табиғатта кең таралғаны – полисахарид.
Центриоль – кейбір өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының орталығы;жасушаның бөлінуінде негізгі қызмет атқарады.
Цианобактериялар – фотосинтез құбылысы жүретін көк жасыл, қызыл түсті бактериялар.
Цитогенетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің, әсіресе митоз бен мейоз процесіндегі хромосомалық ауытқуларды және олардың зардаптарын зерттейтін ғылым саласы.
Цитокинез – телофазаның соңында цитоплазманың бөлініп, тек екі жас жасушаның пайда болу құбылысы.
Цитология – көп жасушалы организмдердің жасуша құрылысы мен қызметтерін зерттейтін ғылым саласы.
Цитохимия – жасушаның химиялық құрылысын, зат алмасу процесі кезіндегі өзгерістерді зерттейтін ғылым саласы.
Штамм – белгілі бір түрден немесе мутация нәтижесінде бөлініп алынған микроорганизмдердің жаңа себінділері; бір жасушадан тараған микроорганизмдер тармағы. Штамдағы барлық жасушалар генетикалық жағынан ұқсас (бірдей).
Экспрессия (геннің) – ДНҚ-да кодталған генетикалық ақпараттың транскрипция және аРНҚ трансляциясы арқылы іске асуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет