«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет25/28
Дата05.12.2023
өлшемі85,08 Kb.
#195188
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
molekulalyk biologiya

ДНҚ-полимеразабір тізбекте ДНҚ-дан қос тізбек синтездейтін фермент.
Доминанттылық – гетерозиготалы организмнің бір аллелінің ғана фенотипте көрінуі.
Дупликация – белгілі бір бөлікте бір реттен көбірек біркелкі хромосома жиынтығы болатын хромосомалардың құрылымдық өзгерісі.
Зигота – гаплоидті аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болған диплоидті ұрық.
Зиготена – профаза сатысында жіпшелердің қосарлануы.
Жыныспен тіркескен гендер – жыныстық хромосомаларда орналасып, өзара тіркесіп, тұқым қуалайтын гендер.
Жыныстық хромосома – құрылымы мен қызметі аутосомадан өзге жынысты қалыптастыратын генетикалық құрылым.
Инбридинг – жақын туыс дараларды өзара будандастыру.
Инверсия – хромосома немесе плазмиданың бір бөлігінің 180*-қа бұрылып, орналасуы.
Инициация – биосинтез реакциясы кезінде полипептидті тізбек түзілуінің бастамасы (басталуы).
Интеграция – бактериофагтің бактерия жасушасының сақиналы хромасомасына енуі.
Кариоплазма – ядроның шырыны.
Кариотип – белгілі бір түрге тән организмдегі барлық хромасоманың саны.
Каротиноид – өсімдіктерге сары, сары қоңыр және қызыл түс беретін пигмент.
Катобализм – жасушада жүретін ажырау реакциялары.
Кері транскриптаза (ревертаза) гендері – РНҚ-дан тұратын вирустарда синтезделеді. РНҚ матрицадан ДНҚ синтезі реакциясын катализдейтін фермент.
Клон – бір дарадан вегетативті жолмен даму арқылы пайда болған генетикалық бір типті жасушалар тобы.
Клондау (молекулалық) – жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
Кодон – белгілі аминқышқылын анықтайтын нуклейн қышқылының үш нуклеотидтен тұратын бөлігі.
Комплементарлық – сутектік және басқа байланыстар арқылы қосылып, комплекс құрайтын молекулалар. (Мысалы, нуклейн қышқылдарында А – Т, Ц – Г, сонымен қатар антиген – антидене өзара комплементарлы.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет