Пәнді оқу нәтижесінде студент келесі құзыреттіліктерге ие болады: Базалық: БҚ-1. Оқу Оқыту: жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.
БҚ-1.1. Өзін-өзі дамыту: ұзақ уақыт бойы өзінің үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлауға өзіне жауапкершілік алады және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін таңдайды.
БҚ-1.2. Топта оқыту: топтық мақсаттарға жету, ұжымдық тапсырмаларды дәл және уақтылы орындау үшін топта білім, тәжірибе және ресурстармен алмасуда жауапкершілік көрсетеді.
БҚ-1.3. Ақпаратты басқару дағдылары: өзінің ақпараттық қажеттілігін айқындайды, ақпараттық ізденістің басым бағыттарын анықтайды, түрлі қор көздерінен ақпаратты табады және сын тұрғысынан бағалайды, алған ақпаратты таратады және тәжірибеде қолданады.
БҚ-1.4. Сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау: проблеманы және әлеуетті шешу жолдарын айқындайды, фактілер мен пайымдауларды логикалық талдайды, гипотезаларды тексереді және жағдайлардың ықтималдылығын бағалайды, қорытындылар жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.