БҚ-3. Қарым-қатынастар: түрлі адамдармен түрлі жағдайларда технологиялардың кең ауқымын қолданып тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті.
БҚ-3.1. Коммуникативті дағдылар: қазақ және орыс тілдерінде түрлі жағдайларда ауызша және жазба түрінде тиімді кәсіби қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді.
БҚ-3.2.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданады.
БҚ-3.3. Толеранттылық: мәдениеті, сенімі, дәстүрі, ұлты, өмір сүру салты және көзқарасы бойынша әр түрлі адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қабілетін және құрмет көрсетеді.
БҚ-3.4.Ағылшын тілінде қарым-қатынас: кәсіби мақсаттарында ағылшын тілін кем дегенде Интермедиет (Intermediate) деңгейінде көрсетеді.
ҚҚ-2.Ғылыми әдіс және дәлелді медбикелік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
КҚ-2.1. Дәлелдемеге негізделген ақпаратты кіріктіру және шешімдер қабылдау: озық мейіргерлік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және мейіргерлік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді мейіргерлік тәжірибе неігзінде негізделген шешімдер қабылдайды.
ҚҚ-2.2. Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылық көрсетеді.
ҚҚ-2.3. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімді тарату: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады.