Бухгалтерлік тұжырымға сәйкес өнімді өндіруге кеткен шығындар нақты сатып алу бағасындағы жұмсалған ресурстардың құны ретінде анықталады.
Экономикалық тұжырымға сәйкес өндіріс шығындары белгілі бір ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті бағыттарының ішінен ең тиімдісін таңдау жолымен тауарлардың құны ретінде анықталады.
Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрылымындағы негізгі элемент - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өзіндік құндегеніміз өнімді өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындардың ақшалай формасы. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар құрамыкөптеген жағдайда мемлекеттің салық саясатымен анықталады. Шығындардың кейбір түрлері белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар шегінде өзіндік құнға енгізіледі. Кәсіпорында нақты бағаны белгілеуде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы кұралады. Калькуляция баптарының тізіміне келесілер енгізілген:
Алғашқы он бап өндірістік өзіндік құнды құрайды, оған өнімді сатып өткізуге кеткен шығындарды енгізетін коммерциялық шығындарды қосқанда, толық өзіндік құн есептеледі. Коммерциялық шығындардың құрамына упаковкалау, сақтау, тасымалдау, көлікке тиеу, жарнамалау, көрме, жәрмеңкелерге қатысу және басқа да шығындар кіреді.