«Бекітемін» Экономика және басқару



бет33/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
2. Баға құрамындағы пайда.
Кәсіпорын үшін өзіндік құннан басқа маңызды элементтердің бірі – пайда болып табылады. Пайда – бұл белгіленген баға бойынша тауар сатып өткізілгеннен кейін алынатын табыс формасы. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын таза пайда алады.
Таза пайда акционерлер жиналысының шешімі бойынша белгілі бір ара-қатынаста жинақталу қоры және тұтыну қорына бөлінеді. Жинақталу қоры есебінен кәсіпорын әртүрді инвестициялық жобаларды, кадрлардың дайындығын және қайта дайындығын іске асырады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын қызметкерлерге еңбек ақыны, әлеуметтік төлемдерді көбейтуге және әлеуметтік саладағы мекемелердің қызметін тұрақтандыруға қаржыландыруды жүргізе алады. Кез-келген кәсіпкер максималды мүмкін болатын пайда алуға мақсатталу тиіс. Мемлекет кәсіпорын пайдасын көбейтуге мүдделі болуы тиіс, себебі әрбір кәсіпорын мемлекеттік бюджетке салық төлеу арқылы мемлекет қаржысын толықтырады. Пайда тұрақты баға жағдайында өзіндік құн динамикасына тәуелді болады.
Сондықтан өзіндік құн мен пайданың байланысы өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайды, кәсіпорын табыстары мен мемлекеттік бюджеттің көбеюін қалыптастырад.
Пайданың қатысты мөлшері ретінде рентабельділік қарастырылады. Рентабельділіктің көптеген түрлері бар: шығындар рентабельділігі, сату рентабельділігі, мүлік рентабельділігі, жарғылық капитал рентабельділігі. Баға белгілеудің күрделі мәселелерінің бірі табиғи монополиялардың бағаларына енгізілетін пайда мөлшерін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта «Табиғи моноплияларды реттеу» туралы Қ.Р Заңы қабылданған. Бұл заң табиғи монополия субъектілерінің қызметін келесі салалар бойынша реттейді:

  • Магистралды құбырлар желісі бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау

  • Магистралды құбырлар желісі бойынша газды тасымалдау

  • Электр және жылу энергияларын жеткізу бойынша қызметтер

  • Теміржол тасымалдау

  • Көлік терминалдары, порт, аэропорт қызметтері

  • Электр және пошталық байланыс қызметтері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет