«Бекітемін» Экономика және басқару


Тақырып 9. Әлеуметтік қызметтер нарығындағы баға белгілеу



бет41/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Тақырып 9. Әлеуметтік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.
1. Тұрғын-үй шаруашылығындағы баға белгілеу
2. Денсаулық сақтау саласындағы баға белгілеу.


1. Тұрғын-үй шаруашылығындағы баға белгілеу
Қызметтер саласы тұрғындарға материалдық және материалдық емес қызметтер көрсетуді іске асыратын салалардың және қызметтер түрлерінің жиынтығы. Қызметтердің ерекшеліктері:

  • Материалдық емес сипатта болуы

  • Қызметтерді тұтынатын тұлғалардың бөлінбейтіндігі

  • Сақтауға қабілетсіздігі

  • Өнім өндіру мен қызмет көрсетудің үздіксіздігі

  • Қызметтер сапасының тұрақсыздығы

Қазіргі уақытта қызметтер сала бойынша бөлінеді: әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы, материалдық- тұрмыстық қызметтер секторы, ресми ақпараттық және инженерлік технологиялық қызметтер. Қызметтер саласында баға белгілеуге ықпал ететін факторлар:

  • Қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері

  • Қоғамға маңыздылығы жоғары әлеуметтік қызметтерге сыртқы факторлардың ықпалы

  • Нарық коньюнктурасына қызметтердің бейімделуінің жоғары дәрежесі

  • Қызмет көрсету түрлеріне ақпараттың ассиметриясы

Қызметтер саласының басты бөлігі ретінде тұрғын-үй құрылысының саласы болып табылады. Қазақстан экономикасының жоғарлауы республикадағы тұрғын-үй құрылысының өзекті мәселеге айналуына себеп болды. Тұрғын-үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының ең маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату тұрғын-үй құрылысының жаңа саясатын талап етті. Осыған байланысты Қ.Р. 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары:

  1. Құнын төмендету жолымен халықтың көпшілігінің қолы жететін тұрғын-үйлер құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету

  2. Тұрғын-үйді несиеге беру мерзімін ұзарту

  3. Бастапқы жарна мен несиелеу ставкаларын төмендету

Қазақстанда тұрғын-үй саясатының басты мақсаты – тұрғындарды несиелеудің прогрессивті формалары арқылы тұрғын-үйді сатып алу және құрылыс жүргізуіне жағдайлар жасау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет