«Бекітемін» Экономика және басқару


Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері



бет40/71
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#25735
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
2. Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері.
Тұтыну тауарларына баға қалыптастырудың ерекше жолдары:

  • Дифференциацияланған баға белгілеу – фирмаға пайданы жоғарлатуға ықпал ететін баға дискриминациясын жүргізудің тәсілі.

  • Унификацияланған баға белгілеу – бірдей бағамен тұтынушыларға тауар сатып өткізуді қарастыратын және фирмаға баға дискриминациясын жүргізуге мүмкіндік бермейтін баға белгілеу тәсілі.

  • Баға қатарларын қалыптастыру жағдайындағы баға белгілеу – тұтынушы тауарларды сатып алмастан бұрын оның сапасына, ассортиментіне, жеке параметрлеріне көңіл бөлуімен сипатталатын тәсіл.

  • 25 % дейін баға белгілеу – тауарлар мен қызметтер бағаларына шегі мен мерзімін көрсетумен сипатталатын тәсіл.

Тұтыну қызметтеріне баға қалыптастыру жағдайына нарықтық емес реттеу шаралары ықпал етеді. Осыған орай барлық қызметтер 3 топқа бөлінеді:

  1. Мемлекетпен реттелетін қызметтер: байланыс, көлік, білім беру, денсаулық сақтау.

  2. Нарық қатысушыларымен реттелетін қызметтер: ақпараттық, кеңес беру, делдалдық.

  3. Нарықтық механизм негізінде қалыптасатын қызметтер: тұрмыстық, банктік, коммерциялық, медициналық

Тұтыну қызметтеріне баға белгілеудің жалпы элементтері:

  • Қызметтердің запаста жинақталмауы

  • Қызметті көрсету мен тұтынудың оның сатып өткізілуімен қатар жүретіндігі

  • Қызметтер көлемі сұраныс көлемі мен сатып өткізілу уақытына тәуелділігі

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу жағдайында маркетингтік стратегия және нарық құрылымы маңызды ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет