Тақырып 8. Тұтыну тауарлар нарығындағы баға белгілеу. 1. Тұтыну тауарлар нарығының құрылымы. 2. Тұтыну тауарларына баға белгілеу ерекшеліктері
1. Тұтыну тауарлар нарығының құрылымы. Тұтыну тауарлар нарығы экономикалық салалардың басты құрылымдарының бірі болып табылады. Тұтыну тауарлар нарығында тұтыну игіліктері сатып өткізіледі және олардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Тұтыну игіліктері бұл адамдармен күнделікті тұтынылатын тауарлар мен қызметтер. Тұтыну игіліктері 3 топқа бөлінеді:
Ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлар
Нарықтағы субъективті факторларға байланысты тұтыну игіліктері қалыпты тауарлар және төменгі категориядағы тауарлар болып екіге бөлінеді. Қалыпты тауарларға престижді тауарлар жатады және бұл тауарлар бағасы жоғарлаған жағдайда сұраныс көлемінің азаюымен сипатталады. Төменгі категориядағы тауарлар тұтынушы табысының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгермейтіндігін бейнелейтін тауарлар тобы.