Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы



Дата05.11.2016
өлшемі128,34 Kb.
#665
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Б. Әбдіғазиұлы

«_____» _____________2015 ж.



«6М021400 - Әдебиеттану» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М021400 - Әдебиеттану» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: п.ғ.д., профессор Шаханова Р.А., ф.ғ.к., доцент Айбергенова С.Т.
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


ФИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М.Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.




6М021400 - Әдебиеттану

мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының

бағдарламасы
Әдебиеттану мамандығы бойынша магистратураға түсушілерден қазақ әдебиеті пәнінің қазіргі оқу процесіндегі ерекшеліктерін ескеріп, әдеби, мәдени мұралар мен фольклорды, қазақ әдебиетінің тарихын, түркі халықтары әдебиеті мен әдебиет теориясы мәселелерін жетік білуін талап етеді.

Фольклор. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері. Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнер салаларымен байланысы. Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

Әдебиет теориясы. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби процесс туралы жалпы түсінік.  Қазақ әдебиетінің зерттелуі. Әдеби байланыстар туралы мағлұматтар, зерттеулер, еңбектер жинау. Әдеби процесті дамытудың қайнар көзін анықтау. Әдебиеттің даму заңдылықтарын айқындау.  Сөз өнері мұралары туралы түсінік. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Көркем шығарманың тақырыбы. Көркем шығарманың идеясы. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог. Көркем шығарманың тілі.

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (VІ-ХVғғ.). Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі. ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары. Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары. ХШ-ХІVғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.

Қазақ әдебиетінің тарихы. Жыраулар поэзиясы. Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы.

Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары. ХV-ХVП ғғ. жыраулар мұралары (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа). ХVШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал).

Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері, жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар, осы кезеңдегі дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары, лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалары, зар заман ақындары поэзиясы, ақындар айтыстары.

Абайдың лирикалық өлеңдері, поэмалары, көркем аудармалары, қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Даму ерекшеліктері, жай-күйі, тарихи жағдай, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. әдеби сын, аударма, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы, діни-ағартушылық бағыттағы ақындар, ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар, драматургия жанрының қалыптасуындағы алғашқы қадамдар, 1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет, роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері, романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістерінің көріністері.

Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгерістеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі. Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт, шығармалары. С.Сейфуллин прозасы мен поэзиясы, І.Жансүгіровтың поэмалары, Б.Майлин әңгімелерінің өзіндік көркемдік сипаты.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Б. Бұлқышевтің, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Қ.Қайсеновтың шығармаларындағы басты тақырыбы соғыс болғанымен қаламгерлердің өзіне тән ерекшеліктері.



1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нүрпейісов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров, Ж. Саин т.б. шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер.

1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы полисемантика. Осы кезеңдегі қазақ поэзиясының жаңашылдығы (С.Жиенбаев, Т. Молдағалиев, Қ,Мырзалиев, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ө.Нұрғалиев, К.Ахметова

Ж. Нәжімеденов, Қ.Мұқашев, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова, С.Асанов,, Ж.Жақыпбаев т.б.)



ХХ ғасырдың 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдарындағы проза жанрына тән сипат. Өлең құрылысындағы ерекшеліктер.Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның қазақ әдебиетін дамытудағы ықпалы.
Пайданылатын әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008

3. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987

4. ХХІ ғасыр әдебиеті. Алматы, 2010.

5. Қазақ поэзиясының антологиясы. Жыр маржаны. 1-10том..А.,2014

6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.

7. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 1997.

8. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1982.

9. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.

10. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

11. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1986

13. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1997.

15. Сүйіншәлиев ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989

16. Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. – А., 1992

17. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Астана, 2003

18. Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2003

19. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001

20. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996



21. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995
6М021400 әдебиеттану мамандығына

магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары


  1. «Қорқыт Ата» кітабы, тарихы мен зерттелуі.

  2. Т. Кәкішев – сыншы ғалым.

  3. Ақтамберді жыраудың ерекшеліктері.

  4. Қазіргі қазақ драматургиясындағы тартыс.

  5. Шортанбай жырларының тақырыптық, көркемдік ерекшелігі.

  6. Ш.Жәңгірұлы шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық мәселелері.

  7. Н.Наушабайұлының шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары.

  8. Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/.

  9. Орхон-Енисей жазбалары туралы зерттеулер.

  10. Қазтуған жыраудың өмірі және шығармашылығы.

  11. С. Торайғыровтың «Кедей» және «Адасқан өмір» поэмалары.

  12. Қазақ әдебиетінің дәуірлеу кезеңдері.

  13. ХІХ ғасырдағы ағартушы демократтар әдебиет жайлы.

  14. «Абай жолы» эпопеясы: Базаралы бейнесі.

  15. Қазақ әдебиетіндегі романтизмнің зерттелуі.

  16. С.Торайғыровтың лирикасы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі.

  17. Т. Айбергеновтің өлең құрылысындағы жаңашылдығы. Сезім лирикалары.

  18. Қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуір әдебиеті.

  19. М.Сералыұлы. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы, публицистикаға қосқан үлесі. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасы.

  20. А.Байтұрсынұлының ақындығы, аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.

  21. М.Дулатұлының, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы.

  22. С.Көбейұлының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласына қосқан үлесі, «Үлгілі бала» жинағын  шығаруы. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Образдар жүйесі

  23. С.Дөнентаевтың поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. С. Сейфуллиннің шығармашылық өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдық.

  24. Ә.Тәңірбергенов өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі.

  25. Б.Күлеев поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы.

  26. Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін  романдар, әңгіме-повестер.

  27. Ә. Нұрпейісов «Соңғы парыз» дилогиясы.

  28. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі  прозаның, драмалық шығармалардың дамуы. 

  29. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

  30.  Қазіргі қазақ прозасының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі  роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау.

  31. С. Мұқанов шығармашылығындағы заман шындығы.

  32. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме». Мазмұны, құрылысы, көркемдік-идеялық ерекшеліктері

  33. Абайдың аудармалары, қарасөздерінің мәні

  34. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымдардың басты бағыттары.

  35. ХІХ ғасырдағы ақын жыраулар шығармашылығы.

  36. З. Қабдоловтың шығармашылығы. Зерттеулері

  37. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Жалпылама шолу.

  38. Шалкиіз жырау өлеңдерінің ерекшеліктері

  39. І.Есенберлиннің тарихи романдары: «Көшпенділер» трилогиясы.

  40. Ж. Молдағалиевтің шығармашылығындағы азаматтық пафос және дәуір көріністері.

  41. Қазақ әдебиетіндегі ежелгі түркі дәуірі (І-ХІІ). Ескерткіштер.

  42. Ғ. Мүсірепов – сөз зергері. «Оянған өлке» және «Жат қолында» романдарының идеялық мазмұны. «Қазақ солдаты» романының тақырыбы. Жазушы шеберлігі.

  43. Ш.Құдайбердіұлының лирика, проза жанрындағы еңбектері. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы.

  44. «Қисса сұл әнбие» мазмұны, құрылысы.

  45. Орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

  46. Ғ. Мұстафин шығармашылығындағы дәуір тынысы.

  47. Ақындар айтысы, заман шындығы: «Жамбыл-Құлмамбет».

  48. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

  49. Б. Майлин әңгімелерінің көркемдігі.

  50. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті.

  51. Әл-Фарабидің әдеби еңбектері.

  52. Т. Ахтанов шығармашылығының негізгі арнасы.

  53. Доспанбет жырау шығармашылығы.

  54. Мифтер мен аңыздардың көркем әдебиеттегі қолданысы.

  55. Жиенбет жырау жырлары ерекшелігі.

  56. Қ.Жұмаділовтің романдары. Қ.Шабданұлының «Қылмыс» романының аударылуы

  57. Жастар поэзиясындағы қазіргі көркемдік-идеялық ізденістер.

  58. «Құтты білік» мазмұндық-идеялық, құрылымдық ерекшеліктер.

  59. Қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының қалыптасу жолдары.

  60. Бұхар жырау шығармашылығы. Зерттелуі.

  61. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романының ерекшелігі.

  62. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер.

  63. Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі рух.

  64. С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» дилогиясының мазмұны, тақырыбы.

  65. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті.

  66. Махамбет жырларындағы Исатай тұлғасы.

  67. М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесі, «Қаралы сұлу» әңгімесіндегі психолгизм.

  68. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық.

  69. А. Яссауи шығармашылығы. «Хикметтер» кітабының мәні.

  70. «Абай жолы» – қазақ өмірінің энциклопедиясы.

  71. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ақындар шығармашылығындағы соны ізденістер.

  72. Қазіргі қазақ әдебиеті (1990-жылдар). «Алтын көпірліктер» .Шығармалары.

  73. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Ақын ойы. Көркемділігі.

  74. Ғ. Ормановтың шығармашылығының ерекшеліктері.

  75. Х. Ерғалиев ақындығы, ерекшелігі.

  76. Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы.

  77. Әдеби сын және халықтық эстетика.

  78. Мұрат ақын шығармашылығының негізгі бағыттары.

  79. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы. Тақырыбы.

  80. Қазақ әдебиеті дамуындағы шығыс әдебиетінің әсері.

  81. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.

  82. «Махаббат-наме». Көркемдік-идеялық мазмұны. Құрылысы. Зерттелуі.

  83. Қазақ әдебиетіндегі ағартушы-демократтық бағыт.

  84. Қ.Аманжолов өлеңдерінің лирикасы. Ерекшеліктері. Заман суреттері.

  85. Ф. Оңғарсынованың лирикасы. Өзгешелігі. Жаңалығы.

  86. «Батыр наме»: жанры, құрылымы, көркемдігі.

  87. Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға қалам тербеген жазушылар. Шығармалары .

  88. Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы.

  89. Қазақ әдебиетіндегі сын жанрының қалыптасу жолдары.

  90. Б. Күлеев шығармашылығы.

  91. Әдеби байланыстардың көркем дамуға ықпалы.

  92. Т Әлімқұлов шығармашылығының көркемдік сипаты .

  93. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы. Мазмұны. Тақырыбы. Көркемдігі.

  94. Мемуарлық әдебиет туралы түсінік.

  95. Е. Исмайылов – әдебиет сыншысы.

  96. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының мазмұны, ерекшелігі.

  97. Б.Кенжебаев – қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалым. Еңбектері

  98. С.Асановтың лирикасы. Ән текстеріне арналған өлеңдері.

  99. Қ.Мұқашевтың «Парторг» дастанының сахналануы. Сол кездегі өзектілігі.

100.Драматургиялық шығармалардың зерттелуі. Ә.Сығаев – өнертанушы.
Каталог: docs -> postupaushim
postupaushim -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б
postupaushim -> Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
postupaushim -> 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары Бағдарлама сұрақтары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе»
postupaushim -> Оқу жылында 6D010200 «Бастауын оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін сұрақтар тізім І
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-iii «Білім туралы» Заңы
postupaushim -> БАҒдарламасы алматы, 2015 Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ. д., профессор Каймулдинова К. Д


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет