2.5. Жұмыстың орындалу тәртібі
2.5.1. Сызғыштың көмегімен сымның диаметрін 5-10 рет өлшеңіздер. Өлшеудің орта мәнін =0,95 болғандағы кездесоқ қатенің d ықтималдық мәнін, өлшенген шаманың салыстырмалы қатесін табыңыздар.
Ескерту: сызғыштың көмегімен сымның диаметрін өлшеу үшін, сымды арасында ашық орын қалмайтындай етіп жұмыр қаламға орайсыздар да, сызғышпен барлық орамның ұзындығын өлшеп, шыққан шаманы орам санына бөліңіздер.
2.5.2. Сымның диаметрін штангенциркульмен 5-10 рет өлшеп, өлшеудің орта мәнін =0,95 болғандағы кездейсоқ қатенің ықтималдық мәнін және өлшенген шаманың салыстырмалы қатесін анықтайсыздар.
Ескерту: штангенциркульдің AA жағымен тұтас орнатылған нониус еркін қозғалады. Егер ВВ1 жақтауын АА1 жақтауымен жанасатындай етіп келтірсек, онда сызғыш шкаласының нолі белгісі нониустың нолімен тура келеді.
Дененің ұзындығын өлшерде оны А1В1 жақтауларының арасына, жақтаулар денеге жанасатындай етіп орнатады да, қозғалмалы жағын С-қысқыш арқылы бекітеді, сосын есептеу жүргізеді, тұтас миллиметрлік шкаланың нольдік бөлігінен нониустің нольдік бөлігіне дейін есептеп алынады. Оның санын N деп белгілейік. Бірақ шкаланың N-ші бөлігі мен нониустың нолінің арасында ұзындығы X саңылау қалуы мүмкін. Осы саңылаудың шамасы нониус көмегімен анықталады. Нониустың шкаласы, оның m бөлігі негізгі шкаланың m-1 бөлігіне тең болатындай етіп құрылған, яғни нониустың бір бөігінің құны негізгі шкаланың бір бөлігінің құнынан а-в шамаға қысқа болады. Мұндағы а – негізгі шкаланың бір бөлігінің құны, в-нониус шкаласының бір бөлігінің құны, N-шкаланың нольдік бөлігінен нониустың бөлігіне дейінгі бөліктер саны. Осы айтылғандардан:
a-b= ; - шамасын нониустың дәлдігі деп атайды.
Егер нониуста 10 (m=10) бөлік болып және негізгі шкаланың бір бөлігінің құны 1 мм (а=1 мм) болса, онда нониустың дәлдігі 0,1 мм болады. Егер m=20 болса, онда = мм=0,05 мм. Саңылаудың шамасы X-ты табу үшін, тұтас миллиметлер санын анықтағанан кейін нониус шкаласының нешінші бөлігі негізгі шкаланың кез келген бір бөлігіне тура келіп тұрғанын табады. Егер нониустың бірінші бөлігі шкаланың N+1 бөлігіне дәл келсе, онда X=a-b= , ал егер нониустың екінші бөлігі негізгі шкаланың N+2 бөлігіне дәл келсе, онда X=2(a-b)=2 . Жалпы жағдайда X=(a-b)k= k, мұндағы k – негізгі шкаланың кез келген бір бөлігіне тура келіп тұрған нониус бөлігінің номері. Демек өлшейтін ұзындық тең X=N+ k.
Достарыңызбен бөлісу: |