Оське қатысты инерция моментін есептеу
Оське қатысты инерция моментін есептеу үшін (7.66) формуланы пайдаланамыз. Массалардың үздіксіз таралуына көшу арқылы интегралдаған жөн. Дененің тығыздығы , онда көлемнің элементінде массасы орналасқан. Егер дененің инерция моментін z осіне қатысты есептейтін болсақ, (7.66) формула мына түрде жазылады
, (7.67)
және интеграл дененің бүкіл көлеміне қатысты болады.
Мысал ретінде радиусы R0, биіктігі h біртекті цилиндрдің инерция моментін анықтайық. Координаталар жүйесінің z осін, цилиндр осінің бойымен бағыттап, координаталар жүйесінің басын, яғни О нүктесін осьтегі биіктіктің ортасына орналастырайық. Цилиндрдің тығыздығы тұрақты, яғни
сонда (6.47) интеграл былай жазылады
. (7.68)
Мұндағы S- цилиндр қимасының ауданы. Цилиндрлік координаталар жүйесінде есептеген қолайлы
, , , .
Сонда (48) өрнектің орнына
(7.69)
Цилиндрдің көлемін , оның массасын ескеріп, цилиндрдің инерция моментін анықтаймыз
. (7.70)
Біртекті шардың центрі арқылы өтетін оське қатысты инерция моменті
,
мұндағы m- шардың массасы, R- оның радиусы.
Дискінің жазықтығына перпендикуляр, оның центрі арқылы өтетін оське қатысты жұқа дискінің инерция моменті (30) формуламен анықталады. Ал дискінің центрі арқылы өтетін, дискі жазықтығында жататын оське қатысты инерция моменті
.
Достарыңызбен бөлісу: |