Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) Оқудың кредиттік жүйесінің негізгі мақсаты студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіншілік туғызу. Сондықтан пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің сапасының жоғары болуы, студенттерді әдебиеттермен қамтамасыздандыру талап етіледі. Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) I-семестрдегі жалпы сағат саны – 45 академиялық сағатты, ал студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) – 30 сағатты құрайды. 8, 9 – кестелерде СӨЖ бен СОӨЖ тақырыптары мен тапсыру мерзімі берілген.