Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 Мәтінмен жұмыс:
6 беттегі, 1 сабақтағы « Алтын балық » мәтінін оқу.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
2 сабақ,10 бет «Ата өсиеті» мәтінін оқу.
*Нұртас неге өзіне өкпелі?
*Нұртастың ойының өзгеруіне не себеп болды?
*Нұртастың ойы неге өзгерді?
*Қария «өмірді сүю» керек дегенді не үшін айтты?
*Адамдардың бойында қандай сүйіспеншілік қасиеттер болуы керек?
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру:
3 сабақ, 15 бет «Білім мен байлық» мәтінін оқу.
*Ғұлама жасөспірімге қандай бағыт бағдар берді?
*Білім мен байлық туралы қандай ой түйдіңдер?
*Таразының қай басы ауыр тартты?
*Білімнің өмірдегі маңызы қандай?
*Білім қандай дұрыс әрекетке бастайды?
*Өзің қандай білім сайыстарына қатысқанды жөн көресің?
Дәйексөз
«Өнер білім – бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.
Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалім сыйы.Әңгімелеу
Білім шыңы (аңыз)
Ертеде бір кедейдің баласы болыпты.Ол мектеп жасына жеткенде оқиын десе кітабы жоқ,барайын десе мектепке киімі,оған төлейтін ақшасы жоқ болыпты.Содан бала байға жалданып үй шаруасын істеуге рұқсат алыпты, ақысына үйіндегі кітаптарды оқуға рұқсат алыпты.Бір жыл байдың балаларын оқытқан ұстаздың есігінен сығалаған бала әріптерді танып,басын қосып оқитын болады.Келесі бір жыл тағы жалдануға рұқсат алыпты.Бала осы жылы жазуды,сызуды,оқуды толық игеріп,байдың кітаптарын сұрап оқитын дәрежеге жетіпті.Сол жылы үйіндегі жалғыз өгізін сатып орынбор қаласына оқуға аттаныпты.Сол білім баланың өміріне азық болып,бала орыстың атақты жазушысы болыпты.
1.Бала неге білімге құштар?
2. Баланың бойында қандай қасиеттер бар?
3.Баланың білім жолындағы қадамы қалай аяқталды?
1.Білім инемен құдық қазғандай деген сөзді қалай түсінесің?
2.Білім алушының бойында қандай қасиеттер болуы керек?
3.Өздерің достарыңның арасында қандай дұрыс әрекет жасап жүрсіңдер? Шығармашылық жұмыс.
Сүйікті журналыңнан алынған материалдардан «Білім әлемі» тақырыбында коллаж жасаңдар.
Топпен ән айту:
«Мектебім» әні Үй тапсырмасы. 4 сабақ, 19 бет «Өнерлі балалар» мәтінін оқу.
дәптермен жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Үй тапсырмасын тексеру:
4 сабақ, 19 бет «Өнерлі балалар» мәтінін оқу.
*Мерекенің ерекшелігі неде?
*Балалар қалай дайындалды?
*Балалар үлкендерді қандай істерімен қуантты?
*Сүйікті іспен айналысқанда қандай әсерде боласыңдар?
Бір бала сурет салуды армандайды.Бірақ салайын десе қаламы,сурет салатын дәптері болмайды.Ол бала суретті су жағаға барып,су шайған тегіс жерге барып салады.Осылай бала жаз айын сурет салумен өткізеді.Бір күні баланың қабілетін байқаған бір саудагер өзімен шаһарға алып барып,сурет мектебіне беріп сурет салдыртып,оқытады.Сол бала мектепті үздік аяқтап сурет салуға бар өмірін арнаған суретші болады.
1.Баланың құштарлығы қалай байқалды?
2. Баланың бойында қандай қасиеттер бар?
3.Баланың сүйікті ісі арманының орындалуына бағыт берді ма?
1.Сүйікті іс адамға ішкі тыныштық сыйлай ма?
2.Өнерлінің қолы алтын деп неге айтқан?
3.Өздерің қандай іспен шұғылданғанды ұнатасыңдар? Шығармашылық жұмыс.
Өздеріңнің сүйікті істерің туралы айтып беріңдер?
Топпен ән айту:
«Ертегілер» әні
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең! Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған. Үй тапсырмасы. 5 сабақ, 22 бет «Ана қиялы» мәтінін оқу.
-сабақ, бет дәптермен тапсырмадағы жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
«Бекітемін»Г.А. Шаймолдина
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мамыт НМ
Мерзімі:
Мұғалім: Оразбаева С.О
Сыныбы: 3 Оқушы саны: 3 № 5 сабақ
Тақырыбы: Қиял арманға жетелейді
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: табандылық,шынайылық,ептілік
Ресурстар
Мақсаты: Қиял арманға жетелейдітақырыбын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Үй тапсырмасын тексеру:
5 сабақ, 22 бет «Ана қиялы» мәтінін оқу
*Ананың сүйікті ісі қандай?
*Ана қиялын арманға жетелеген не нәрсе?
*Ана қиялы қалай орындалды?
*Қиялдың орындалуы адамға қандай әсер береді?
*Қиял орындалуы үшін бойларыңда қандай қасиеттер болуы керек?