Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мамыт НМ
Мерзімі:
Мұғалім: Оразбаева С.О
Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 10 сабақ
Тақырыбы: Өзіңді де,өзгені де аяла
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: шынайылық,мейірімділік,жанашырлық
|
Ресурстар
|
Мақсаты: Өзіңді де,өзгені де аяла тақырыбын түсіндіре отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
-шынайы болуға үйрету
-жанашыр болуға баулу
- оқушыларды шынайылыққа,мейірімділікке,жанашырлыққа тәрбиелеу.
|
Оқулық ,дәптер
|
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 «Т» ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті:
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру:
10 сабақ,43 бет «Жанашыр» мәтінін оқу.
*Дастан кімді көрді?
*Дастан қандай адамгершілік сезімін танытты?
*Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?
*Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
*Сендерді кім аялайды?Ал өздерің ше?
*Аялау қандай сезімге бөлейді?
Дәйексөз
«Аялауды табиғаттан үйрен»
Халық даналығы
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.
Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалім сыйы.Әңгімелеу
Аяласаң,табиғатты аяла
әңгіме
1.Неге табиғатқа қамқор болуымыз керек?
2. Табиғатты аялау арқылы неге қол жеткіземіз?
3.Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?
1.Аялау,құрметтеу неге адамға тыныштық сыйлайды?
2.Ішкі тыныштықты қайдан табамыз?
3.Өздерің кімді құрмет тұтасыңдар?
Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяттарды сахналау
Топпен ән айту:
Бөпем менің
Е. Ашықбаев.
«Ашуланады-ау», сірә тағы,
Жұбатамын бөпемді енді.
Бөпем менің ұнатады
Тербеткенді, көтергенді.
Қызығады-ау ел де, тегі,
Деді:
-Бөпең ержетті ме?
Ержетеді, ержетеді.
Отырмын мен тербеп, міне.
Тербеттім де таң қалдым мен,
Тыңдап жатып өлеңімді,
Ұйықтап қалып, аңғардым мен
Күлді бөпем, неге күлді?
Сұрақтарыс көп қой әлі,
Бөпем жауап қайтармайды-ау.
Тілі шыққан жоқ қой әлі,
Көрген түсін айта алмайды-ау.
Үй тапсырмасы. 11 сабақ,48 бет «Сүйіспеншілік» мәтінін оқу.
дәптермен жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мамыт НМ
Мерзімі:
Мұғалім: Оразбаева С.О
Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 11 сабақ
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: қамқорлық, кеңпейілділік, мейірімділік.
|
Ресурстар
|
Мақсаты: Шаңырақ жарастығының маңызын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. кеңпейілділік көрсете білуге түсіндіру
2.мейірімділік дағдыларын дамыту
3. қамқорлық, кеңпейілділік, мейірімділікке тәрбиелеу
|
Оқулық ,дәптер
|
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 «Т» ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті:
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру:
11 сабақ,48 бет «Сүйіспеншілік» мәтінін оқу.*
1.Әйелдің есігінің алдына кім қонаққа келді?
2.Қариялар неліктен үйіне кімді шақыру керектігін үй иесімен ақылдасуды тапсырды?
3.Үй иелері неліктен Сүйіспеншілікті таңдады?
1. Сүйіспеншілікпен қандай іс жасап жүрсің?
2.Баланың ата-анаға деген парызын қалай түсінесіңдер?
3.Өзің бойыңдағы сүйіспеншілік қалай көрініс тауып жүр?
Дәйексөз
«Шаңырақ сәні – сыйластық» (Халық даналығы)
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.
Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалім сыйы.Әңгімелеу
«Мен қазақ баласымын» Ермек Өтетілеуов
1. Шаңырақ жарастығы неден бастау алады?
2. Қазақ баласы бойындағы қасиеттер қандай?
3.Қазақ баласының әрекеті қандай нәтиже көрсетті?
1.Шаңырақтағы іс-әрекет қалай бағытталуы керек?
2. «Сүйіспеншілік бар жерде- байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Өзің қандай дұрыс әрекет жасап жүрсің?
Шығармашылық жұмыс.
«Менің отбасым» тақырыбында суреттерден коллаж жасау;
Топпен ән айту:
«Бала тілегі»
Әні: Ф.Жолдасова
Сөзі: С. Молдасынұлы
Үй тапсырмасы. 12 сабақ, 51 бет «Бірлік» мәтінін оқу.
дәптермен жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
|
|
«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мамыт НМ
Мерзімі:
Мұғалім: Оразбаева С.О
Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 12 сабақ
Тақырыбы: Сіз-деген-әдеп,біз деген-көмек
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыйластық,мейірімділік,жанашырлық
|
Ресурстар
|
Мақсаты: Сіз-деген-әдеп,біз деген-көмек тақырыбын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
-сыйлы қарым қатынас құруға үйрету
-мейірімділік қасиеттерін арттыру
- сыйластыққа,мейірімділікке,жанашырлыққа тәрбиелеу
|
Оқулық ,дәптер
|
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 «Т» ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті:
Су асты патшалығына ойша саяхат.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
12 сабақ, 51 бет «Бірлік» мәтінін оқу.
*Данияр сабақтан келгесін не істеді?
*Достар қалай бірлесіп жұмыс істеді?
*Бірлесіп жұмыс істеу неге қызық?
* «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
* «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?
*Сендер қандай жағдайда кімдерге көмек көрсетесіңдер?
Дәйексөз
«Көп жүрген жер-көңілді,
Көп еңбегі-өнімді»
Мақал
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.
Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалім сыйы.Әңгімелеу
Көмек
1.Көмектесу неге қажет?
2. Көмектің нәтижесінде жердегі қара тас қалай қозғалды?
3.Балалар бір-біріне неге көмектесті?
1.Бірлесіп жасаған іс неге қуаныш әкеледі?
2.Көпшілдік не үшін қажет?
3.Өздерің достарыңмен қандай істі бірлесіп орындайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс.
Балалар өлеңді сахналап көрсетеді. «Бес нәрсеге асық бол»
Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, Рақым, Терең ой, Талап, Еңбек.
Топпен ән айту:
Ертегілер әлемі
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған
Үй тапсырмасы. 13 сабақ, 59 бет «Қызғаныштың кесірі» мәтінін оқу.
дәптермен жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
|
|
«Бекітемін» Г.А. Шаймолдина
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мамыт НМ
Мерзімі:
Мұғалім: Оразбаева С.О
Сыныбы: 3 Оқушы саны: № 13 сабақ
Тақырыбы: Ойнай білу де өнер
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: көпшіл,шыншыл,сыйластық
|
Ресурстар
|
Мақсаты: Ойнай білу де өнер тақырыбын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
-көпшіл болуға үйрету
-шындықты айтуға баулу
- көпшіл,шыншыл,сыйластықта болуға тәрбиелеу
|
Оқулық ,дәптер
|
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 «Т» ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті:
Су асты патшалығына ойша саяхат.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
13 сабақ, 59 бет «Қызғаныштың кесірі» мәтінін оқу.
*Назым мен Шынар неге ренжісіп қалды?
*Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?
*Апасы Назымға қандай ақыл айтты?
*Сендер қандай ойын ойнағанды ұнатасыңдар?
*Ойын ойнағанда қандай әрекеттерді жоғары қоясыңдар?
*Өздеріңнің сүйікті ойындарың туралы айтып беріңдер?
Дәйексөз
«Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам»
Сенека
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.
Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалім сыйы Ойын ұйымдастыру
Ойынның шарты: Бір-бірінің ойын кезіндегі жақсы қылықтарын,жақсы қасиеттерін айтып, мадақтау.Сөз бойынша ұпай жинау.Ұпайды көп жинаған оқушы жеңімпаз болады.
1.Сендерге ойын қызықты болды ма?
2. Сендердің ойларыңша кім жеңімпаз болуы керек?
3.Кімді қай қырынан таныдық?
1.Ойын ойнағандағы басты нәрсе не?
2.Ойын арқылы ойымыз қалай жетіледі?
3.Сендерге кімдермен қандай ойын ойнаған ұнайды?
Шығармашылық жұмыс.
1.Аяқталмаған ойын
2.Кім ақылды?
3.Ойнамаймын
Әңгімелерді аяқтаңдар.
Топпен ән айту:
Айгөлек
Сөзін жазған: Н. Баймұхамедов
Әнін жазған: Б. Байқадамов
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында.
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Қайырмасы:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
Асыл сөздің ұстазы-
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Үй тапсырмасы. 14 сабақ,63 бет «Кімнің жұмысы?» мәтінін оқу.
дәптермен жұмысты орындау
Сабақтың қорытынды минуты
Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |