«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет10/33
Дата06.02.2022
өлшемі112,12 Kb.
#74274
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
«Бекітемін» Ыр ыз №2 орта мектебіні директоры Е. Т. Б лкембае

IV-кезең «Жорға»
Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 жауапқа 1 балл болып есептеледі.
Әуелі 2 нұсқаның бірін таңдау керек. А.Б. таңдаңыз, ұпайы жоғары бала таңдайды.
1-балаға сұрақ.
1. Сиырдың пірі(зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан (масштап)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі(қазақ тілі)
5. Басты байлық( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға (президент)
7.Қара алтын (мұнай)
8. Ұя салмайтын құс (көкек)
9. 12 ай( жыл)
10. «Кел, балалар оқылық»өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин)
11. Абай әжесі (Зере)
12. Көру мүшесі (көз)
13. 9*9 (81)
14. Алматыдағы мұз айдыны( Медеу)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
16. Заттың санын білдіретін сөз табы (сан есім)
17. 9- мамыр қандай күн (Жеңіс күні)
18. Жаңа туған балаға ат қойып, оны бесікке бөлеу жорасы.(бесік тойы)
19. Күйді орындаушы адам (күйші)
20. Сен ұйықтап жатқанда әңгімесінің авторы (Бердібек Соқпақбаев)
2-балаға сұрақ.
1. Түйенің пірі (ойсылқара)
2. Жыл басы не? (тышқан)
3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат ( топырақ)
4. ҚР ұлтаралық тілі (орыс тілі)
5. Адам денесінің тірегі (қаңқа)
6. Үкіметті кім басқарады (пример министр)
7. Ақ алтын (мақта)
8. Орман дәргері (тоқылдақ)
9. 7 күн (апта)
10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б. Соқпақпаев)
11. Абай жолы романының авторы (М. Әуезов)
12. Есту мүшесі (құлақ)
13. 7*7 (49)
14. Қазақстан астанасы (Астана)
15. Географиялық картада көк түспен не бейнеленеді (өзен, көл,теңіз,мұхит)
16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
17. 25 қазан қандай күн (Республика күні)
18. Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)
19. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінін авторы кім? (Абай)
20. Кез келген санды О-ге көбейткенде мәні неге тең? (О-ге)
Жеңімпазды анықтау әділқазыларға жүктеледі. Әділқазылар өз шешімідерін қорытындылағанша ортаға әнші қыздарымызды шақырамыз.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай ата жырлағандай Нағашыбайқызы Е және Жеткер Ж орындауында; «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет