Күні: 06.06.2015ж
Тақырыбы:Кітап -біздің досымыз.
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.
Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Әнұран
1-жүргізуші: Армысыздар,оқушылар!
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
2- жүргізуші: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.
Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.
Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.
Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.
1-оқушы.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
2-оқушы
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
3-оқушы
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
4-оқушы
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Достарыңызбен бөлісу: |