Тақырыбы: Жергілікті жердің географиялық терминдері және олардың топономикадағы ролі.
Тірек сөздер: Халықтық, сөздік, система, жергілікті, гидрология, ғылым, атлас, картография.
Халықтық географиялық терминология маңызды ақпараттық қызмет атқарады. Жергілікті жердің терминдерімен тіл мамандары, географтар және картографтар жиі айналысады. Географиялық карталарда географиялық аттармен сипатталып белгіленеді. Яғни құрамында әртүрлі терминдер кездеседі.
Халықтық географиялық терминдерді зерттегенде бір-бірімен тығыз байланыстағы екі жағын көруге болады. Біріншісі- терминдерді жинау және жүйелеу. 130-дан астам тілі бар, бүкіл ТМД (КСРО) территориясы үшін үлкен географиялық зерттеуді талап етеді. Бір-біріне туыс тілдер бір-біріне сәйкес терминологиялардан тұрады. Осындай проблемаларды шешу картографтардың қызметі болып саналады. Осы картографтар мен ткартография өндірісі, халықтық географиялық терминология тізімін құрастырғанда белсенді еңбек етті. Терминдерді қысқа беру, тілден-тілге берілгенде негізгі бөлігі болып қалады. Дегенмен мұндай ұсыныстар,тізімдер көп ұзамай картографтар мен тапографтярды қанағаттандырмады.
Сонымен 1959 жылдан бастап, картография қызметінде жаңа бағыт дамып- топономикалық лексика сөздігі құрылады, жазылып шығады.
Тексеру сұрақтары:
Халықтық географиялық терминологияның қызметі.
Географиялық терминдерді зерттегенде қанша жағы бар.
ТМД территориясында қанша тіл бар.
Топономикадан лексика сөздігі қай жылы құрылды.
№7 Дәріс
Тақырыбы: Аймақтық зерттеулер.
Географиялық зоналардың аталуы.
Тірек сөздер: тундра, орман, тайга, дала, шөл, шөлейт.
Тундра, орман, тайга, дала, шөл деген сөздерді біздер мектеп қабырғасынан білеміз, ғылыми терминологияда және күнделікті өмірде, жиі қолданамыз. Бірақ ешқашан оның қалайшыққанын немесе неге олай аталатындығын білмейміз және ойланбаймыз.
Біздің білетініміз алғаш рет табиғи компоненттердің жеке зоналардан тұратындығы, Александр Гумбольд анықтап, ал дәл бөлген, шекарасын анықтаған атақты жаратылыстанушы, топырақтанушы В.В. Докучаев болды. (1846-1906 ж) В.В Докучаев ғылымға зоналық деген термин енгізді.
Сонымен қатар әрбір ғылыми терминнің өзінің тарихы, тағдыры бар. Ең суық зона, тундра зонасы-деген термин 100 жылдан асатам уақыттан бері қолданылып келеді. Академик Л.И. Шренк еңбектерінде тундра термині кездеседі, соллтүсік халықтарында бұл термин-трунда деп қолданылады. Яғни-солтүстіктегі жалаңаш жазықтар, батпақты бұталы өсімдіктер мен немесе торфты батпақтар, құнарлығы төмен топырақтан тұрады.
Тундра зонасын, орман зонасы алмастырады. Орман- сөзі жалпы славяндық терминге жатады.
Н.М Прежевальский (1947 ж) уссурий ормандары жайлы өзінің таңғалысын, сипаттамасын былай берген болатын. «Бір көргеннен өзімнің таңғалғанымды жасырмаймын, табиғатының қайталанбайтындығы, барлық сібір тайгасы сияқты жабайы және қол жеткізбейтіндігі, тундра топырағы, мүк және қына таралған тамаша табиғатымен ерекшеленеді.»
Тексеру сұрақтары:
Зона терминіне алғаш анықтама берген ғалымдар.
В.В Докучаев зона терминіне қандай сипаттама берді.
Тундра термині қай жылдардан бастап қолдана бастады.
Тундра терминінің анықтамасы.
Орман термині қашаннан ғылымда қолданыла бастады.
№8 Дәріс
Тақырыбы: Аймақтық зерттеулер.
1. Азия құмдарының аталуы.
Тірек сөздер: Азия, құм, Қарақұм, Қызылқұм, Гоби, Такла-Макан.
Азияда құмды алқаптар кең ауқымды алып жатыр. Кейбіреулері үзіліспен Арабия түбегінің батысынан африкалық шөлдерге дейін созылып жатыр. Яғни шығыстағы Үлкен Хинганға дейін созылып жатыр. Жер шарындағы белгілі ең үлкен құмдар Қарақұм, Қызылқұм, Үстірт, Гоби, Такла-Макан. Осы аталған құмды алқаптардың аты қалай шыққандығы кейбіреуінікі әлі де белгісіз.
Солтүстік Қытайдағы Алашан шөлі және Орталық Азиядағы тау жотасы. Этимологиясы түсініксіз, дегенмен шань-қытай тілінде «тау» деген мағынаны береді. Кейбір зерттеушілер «алаша» сөзін түрік тілімен байланыстырады. «Алаша»мерин, жаман жылқы, ат деген сөз.
Бетпақдала –Қазақстандағы шөл. Кейде әдебиеттерде екінші атымен аталады.- жалаңаш дала. Дала- георафиялық ұғым бойынша –кең ұғымды білдіреді. Мысалы: Ол үлкен ареалды алып жатыр, Кавказ тауларынан Тынық мұхитына дейін созылып жатыр. Азербайжан тілінен алғанда тала- алаң, ашық қоныс,жазықтық деген сөз. башқұрт тілінде дала- қазақтардағыдай дала беген сөз. Қырғыз тілінде талаа-дала, ашық алаңқай. Якут тілінде талай-дала деген мағынаны білдіреді. Монғол тілінде тал- жазықтың, кең дала деген ұғымды білдіреді.
Гоби шөлі- Орталық Азиядағы ұлы шөлдердің бірі. Говь монғол термині. Гоби шөлі-жазық болып келген шөл және жартылай шөлдің сирек өсімдіктерімен жамылған. Тасты және тұзды топырақ таралған. Судың жетіспеушлігі байқалады.
Тексеру сұрақтары:
Азияны алып жатқан шөлдер.
Шөл сөзінің білдіретін мағынасы.
Алашан, Гоби шөлдерінің шығу тарихы, мағынасы.
Қазақтандағы шөлдердің аталуы.
№9 дәріс
Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулар.
1.Зерттелген территориялардың қазіргі заманғы жағдайы.
2. Географиялық атаулар жүйесі.
Тірек сөздер: Орта Азия, Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан.
Жалпы ТМД территориясындағы, соның ішінді Орта Азия мен Қазақстанда тапономикалық зерттеулер 1950-1960 жылдары басталды.Соның ішінде Қазақстандағы топономика ғылымының негізін қалаушы Г.К Конкашпаева көптеген қызықты кітаптардың авторы. (Оның кітаптары 1951, 1959, 1963, 1969, 1971 жшықты) Осы топономикалық кітаптарында қазақтың бай халықтық географиялық терминологиясын көрсетіп берді. 1963 жылы шыққан зерттеу кітабында 2000 аса географиялық атаулар енгізілген, онда қазақша үлгілерімен қоса орысша үлгілері де берілген. Жергілікті географиялық терминдердің семантикасының, орыс тіліне енуін анықтап берген. Мысалы: адыр, саз, сырт және т.б. Сонымен қатар әлі де зерттеуді қажет ететін терминдер: ақсай, балкаш, иірім, кемер және т.б сөздерді атап өткен. Г.К. Конкашпаевадан кейін А.Абдрахманов, Қойшыбаев,және тағы басқа ғалымдар жалғастырды.
Қырғызстанда 1962 жылы Исаев негізгі өзен және көлдердің географиялық атауларының сөздігін құрастырып шықты. Сонымен қатар С.Өмірзақов, Ш.Тоқамбаевтардың еңбегін алап өтуге болады.
Өзбекстанның топономика ғылымын дамытушылардан Х. Хасанов, С. Караев, А. Ишаев, Р.Халимов, Ж. Хашимовтар өз үлесін қосты.
Тексеру сұрақтары:
Қазақстаннан шыққан алғашқы топономика ғылымын негізін салушы ғалым.
Қазақ ғалымы Г.К. Конкашпаеваның топономика ғылымына қосқан жаңалығы.
Топономика ғылымының негізін салушы қырғыз ғалымдары
Топономика ғылымының негізін салушы өзбек ғалымдары
Топономика ғылымының негізін салушы түрікмен ғалымдары
№10 Дәріс
Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулар.
Республика астаналарының аталуы.
Тірек сөздер: Алма Ата, Ашхабад, Ташкент, Нөкіс, Бішкек
Алма-Ата – қарапайым аудармасы «алмалы қала» деген сөз. 1854 жылы осындай атаумен, іле Алатауы бекінісі салынады.Келесі жылы оны атын Верный деп өзгенртеді.Қазан революциясынан кейін қазақша атауы Алма-Ата деп атала бастады.
Ашхабад-түрікменше атауы-Ашгабат- «жақсы көретін, ыңғайлы орын» деген мағынаны білдіреді. Өткен ғасырларда Ахылтеке оазисіндегі ауыл, соңынан Каспий маңы обл-ның орталығы.
Душанбе. 1925 жылға дейін –Бюшамба деген қыстақ.(ауыл) 1925 жылы қала салына бастады. 1929-1961 жылға дейін Сталинабад, кейінірек өз атын қайтарып алады. Орталық Азияда (Тарим бассейнінде)жекелеген елді мекендер аптаның күндерімен, базар болатын күндермен байланысты қойылды. Дюшамбе қыстағындағы базар болатын күн дүйсенбіге сәйкес келгендіктен осылай аталған болатын.
Тексеру сұрақтары:
Алма – Ата қаласының негізі қай жылдары салынды
Ашхабад қай елдің астанасы.
Ташкент қаласы қай жылдары салынды және беретін мағынасы.
Нөкіс қаласының атауы неге байланысты шыққан.
Аптаға байланысты шыққан Орта Азиядағы Астана.
№11 Дәріс
Тақырыбы: Орыс жазығының бұрынғы географиялық жағдайларына топономикалық куәлік.
Тірек сөздер: жазықтық, шығу тегі,емен, зерттеу нәтижесі, үйіңке.
Баяғыдан бері, Совет Одағы кезінде ландшафттар мен георафиялық атаулардың өзара байланысына мән берілді. Осы екеуінің байланысы жайлы екі ғылыми еңбек жарияланды. Біріншесін 1914 жылы Ф.П Саверенский Тулла губерниясының ландшафты (табиғи жағдайы) мен жергілікті атауларының өзара байланыстығын көрсеткен болатын.
Екінші ғылыми мақаланы 1924 жылы В.П. Семенов-Тянь-Шанский жазған болатын. Ол солтүстік батыс облыстарындағы Орыс жазығының 20 тұрғылықты жерін жүйелеп, статистикалық анализ жасады. Рельеф элементтері, өсімдіктер түрімен, жануарлар түрімен қарай отырып жасады. Мысалы: Орлов, Синицын, Барсуков, Грачев, Комаров, Ракетников, Дубов, Соснин, Березин және т.б.
Тексеру сұтақтары:
Ландшафт пен географиялық атаулардың өзара байланыстығы қай жылдары белгілі болды.
Осы екі ғылымның байланыстылығы жайлы бірінші ғылыми еңбек жазған ғалым.
Осы екі ғылымның байланыстылығы жайлы екінші ғылыми еңбек жазған ғалым.
В.П Семенов-Тян-Шанскийдің осы бағытқа жазған еңбектері.
№12 Дәріс
Тақырыбы: БҚО топонимдерінің қалыптасу кезеңдері.
БҚО жер су атауларының тарихи қабаттары.
Тірек сөздер: ұлт, этнос, этнография, менталитет, халық.
Әрхалықтың болмысы, оның жер бетіндегі тұрмыс-тіршілігі сөзбен таңбаланады. Халықтық тілдегі осындай дәйекті де деректі атаулардың күрделі бір саласы – тапонимдер. Географиялық атаулар – халықтың көне тарихынан мол мәлімет бере алады. Этностың өткенін этнографиялық деректер жеткізе алатын, дәуірлік жүк арқалаған ұлттық лексиканың негізгі саласының бірі.
Кез-келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректі этнографиялық мәліметтрді географиялық сыр-сипаттарды сақтап отырады. Мұның өзі тапонимдердің зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе белгілі бір ғылыми әдіспен мақсат-мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді.
Тапонимдер арқылы ұлттың этникалық шекралары, халықтардың ертедегі көш-қон бағыттары, өлкелердің отарлануы сияқты мәселелер қалпына келтірілді. Географиялық атаулардың пайда болуының басты екі белгісі –уәжділік және тұрақтылық. Нақты атаудың пайда болуы қандай да бір ішкі фактімен тарихи уәжделіп, күні бүрын анықталады.
Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау таға бастайды. Олар белгілеген әрбір атау мағынаға ие болады.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батысында Жайық өзенінің екі жағында орналасқан.
Тексеру сұрақтары:
БҚО топономиясының қалыптасу кезеңдері.
БҚО Қазақстан Республикасының қай регионында орналасқан.
БҚО алғашқы зерттеген антикалық дәуір ғалымдары.
Ақжайық даласы «Үлкен сызу» кітабына қай жылдары енді
№13 Дәріс
Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы тапонимдерінің этнолингвистикалық сипаты.
1. Ұлттық таным мен жер-су атауларына байланысты.
2.Жер-су атаулары географиялық негіз.
Тірек сөздер: этнолингвистика, этногенез, әдет-ғұрып, рухани, мәдениет.
Этнолингвистика –тілді халықтың этногенезі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпы, мекен-жайы, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысы, күнделікті тұрмысы, материалдық және рухани мәдениеті тарихымен тығыз байланысат зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.
Мәдени-тарихи единицаларды зерттеруде этнолингвистика ғылымы өзщ бастауын И:Г Гердер, В. Гумбольдтан алады. Түр-түсі, орналасқан орны, көлемі, сыртқы қасиеттері тіл білімінде уәждер деп аталады. А.В Суперанскаяның айтуынша « әрбір атау – тарихи, оал тапономиканы түгелдей тарихтың айнас деуге болады.
Географиялық фактор этникалық жиынтықтың ең негізгі жүйелі сапасының бірі екендігі белгілі Оған табиғи ресурстар, халықтың экономикалық, географиялық жағдайы, табиғи және өндірістік территориялық кешендер мен оның жеке түрлері кіреді. БҚО территориясы жазықты, төбелі, сулы, жерлерді қамтиды. Жері құнарлы, жазық даласы мал жайылымына жайлы болып келеді. Жер бедері, оның оның түрлі қасиеттері жер-су атауларынан үнемі көрініс тауып отырады. Географиялық фактор деп осыны айтамыз.
Тексеру сұрақтары:
Ұлттық танымның жер-су атауларына байланысы.
Этнолингвистика ғылымының негізін қалаушы ғалымдар.
Тіл біліміндегі негізгі белгілер уәждер дегеніміз не.
Этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі.
Географиялық негіз (фактор) ұғымының түсінігі.
№14 Дәріс
Тақырыбы: Ұлттық мазмұнды жер-су атауларының кумулятивтік қызметі.
Гидронимдер олардың ерекшеліктері.
Этнотопонимдер және генотопонимдер.
Тірек сөздер: гидронимия, этнотопоним, генотопоним, детерминатив.
Тапономияның күрделі де көлемді саласының бірі-гидронимия. Ол грек тілінде гидро-су, оним-атау, яғни, су атаулары ұғымы дегенді білдіреді. Демек гидронимия-өзендер мен көл, көлшіктер, қайнарлар мен бастау, бұлақ, құдықтардың –су обьектілерінің жиынтығы деген сөз.
БҚО тапономиясының үлкен бөлігін гидронимдер құрайды.Батыс Қазақстан облыс сулы өлке, облыс территориясында үлкені-кішілі 1260 көл, 5 жасанды су қоймасы, 200 астам өзен бар.
БҚО ірі көлдері қатарына Шалқар, Аралсор, Сакрыл, Қамыс Самар, Үлкен Айдын, Кіші Айдын, Бірқазан көлдері кіреді. Ал ірі өзендеріне Жайық, Шаған, Утва, Елек, Деркөл,, Қалдығайты, Сарыөзен, Қараөзен, Өлеңті, Шідірті және т.б өзендер жатады.Ономастика ғылымындатайпа, тайпалық одақ, халық, ұлт атаулары этноним деп аталады.Бұл термин грекше –«этнос»-халық сөзінен қалыптасқан. Осы этнонимдердің қатысымен жасалған жер-су атаулары этнотопонимдер деп аталады.
Тексеру сұрақтары:
Ономастика ғылымының зерттеу нысаны.
Гидронимия ғылымы зерттеу нысаны.
Этнотопоним дегеніміз не.
Генотопоним ұғымына сипаттама.
№15 Дәріс
Тақырыбы: Қорытынды
Тірек сөздер: топономика, география, синхронды, диахронды, стратиграфия
БҚО Тапономиясының стратиграфиялық қабаттарын диахронды және синхронды сипатта қарастыру жалпы тілдік құрылыммен астастыра қарау, жер-су атауларының этнолингвистикалық сипатын талдау нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасалады,
Қазақстанның басқа аймақтарының ұлттық тапоноиясы тәрізді зерттеу обьектісі ретінде алынып отырған аймақ тапономисының өзіне тән стратиграфиялық қабаттары бар. Ол қабаттар қазақ тапоноиясына тән ортақ заңдылықтар мен аймақтық ерекшеліктерге сәйкес қалыптасқан.
БҚО тапонимдері өзіне тән құрылымдық сипатқа ие. Олардың құрылымдық сипаты тіліміздегі жалпы заңдылықтарға сәйкес негізгі және туынды, дара және күрделі деп топталады. Туынды тапонимдер семантикалық тәсілдің топонимизация, трансонимизация және транстопонимация түрлері арқылы қалыптасқаны анықталды.
Түркі-монғол тілдерінің туыстас бір тілдер бірлестігінен пайда болғандығы түркітанушы ғалымдар арасында талас тудырып келді. Тілдер мен олардың салаларындағы ұқсастықты ұзақ жылдарға созылған қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасқан сәйкестік деп есептеген тұжырымдарға да қарсы уәж айтатын дәлелдемелер Батыс Қазақстан облсы топожүйесінде кездесетіні анықталды.
Өлке тапономиясының жүйесі осы жердің өткен тарихынан құнды мәліметтер бере алады.Ұлттық тілдің тайпа, тайпалық одақ, халық, ұлт тілі деңгейіне көтерілуінің негізгі белгілері мен тарихи іздері ұлттық тапономияда анық сақталған.
Тексеру сұрақтары:
Стратиграфия ғылымының зерттеу саласы.
Диахронды терминінің түсінігі.
Синхронды терминінің түсінігі.
БҚО тапонимдерінің ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі.
Курс бойынша негізгі әдебиеттер:
1. Э. М Мурзаев. Очерки топономики.
Академия наук СССР институт географический.Москва, 1974 г
2. В.А Никонов. Введение топономику.Москва, 1965 г
Ұ. Ержанова. Ақжайық өңірінің топономиясы. Алматы, 2001 ж
4. А.В Суперанская Что такое тапономика.
Москва «Наука» 1985 г
6. Топономика пәні бойынша «Глоссарий»
Астионим- ойконимнің түрі, қала атаулары.
Ареал- таралу аймағы.
Генонимия- рудың, тайпаның, тайпалық одақтың атауы.
Гелионим- гидронимнің түрі, тұзды, батпақты жердің атауы.
Гидроним-су обьектілерінің жеке атауы.
Гидронимика- топономиканың су атауларын зерттейтін саласы.
Гиппоним- зоонимнің түрі. Жан-жануарлар мен хайуанаттарға қойылған атаулар.
Годоним- Урбонимнің түрлері, қала көшелерінің даңғлдарының, кварталдарының атауы.
Дримоним-орман, тоғайлардың атауы.
Дромоним- жол атауы.
Комоним- ауылдық елді мекендердің атауы.
Космоним- галактика, ғарыш денелерінің , жұлдыз шоғырларының атауы.
Лимноним- көлдер мен тоғандар атауы.
Номинация- ат беру процесі
Ойконим- кез келген елді мекеннің атауы.
Ономастика- тіл білімінің жалқы есімдерінің зерттейтін саласы.
Ороним- тау, шың, қырат атаулары.
Регионим- аймақтық атау.
Стратиграфия- топонимдердің қалыптасуын белгілейтін тарихиқабаттар.
Тапоним- көбінесе жер-су атаулары деп атаймыз.
Тапономист- тапонимдерді зерттеуші ғалым.
Тапонимдік лексема- тапонимдерді қалыптастыруға қатысатын сөздер.
Тапонимдік терминология- тапонимдерді сипаттайтын ғылыми терминдердің жиынтығы.
Фитоним- өсімдіктердің атауы.
Этнографиялық фактор- жер-су атауларының халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына сәйкес қалыптасуы.
Этноним –халық , ұлт-тайпа, тайпалық одақ атаулары.
Халықтық географиялық термин- жергілікті географиялық термин. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер.
7. ОЖСӨЖ оқу-әдістемелік нұсқауы.
№1 ОЖСӨЖ
Көне түркі қабаты.
Қазақтың жеке халық ретінде қалыптасқанға дейінгіхалықтық тілінің тарихи негіздері мен арналары жалпы түркілік кезеңнен басталатындығы ғылымда толық дәлелденіп отыр. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында кездесетін лексиканың қазақ тілінде де өзгеріссіз келуі – бұлтілдердің өзінің тарихи бастауы Ата түрік тілінен алып, жалпытүркілік қабатты құрайтындығының берік дәлелі. Бұл пікірдің жер су атауларына да қатысы бар. Топонимдердің түркі тілдерінде бірдей тұлға мен сематикада келуі географиялық атаулардың бізге ежелгі мазмұнмен жеткендігін көрсетеді. Әсіресе осы қасиеттерді топонимдік детерманивтердің бойынан кездестіруге болады. Өйткені су, тау, оба, сай, өзен, көл форманттары көне топонимдік жүйеде сол мағынада кездесе береді.
Қазақ тілінде топонимдердің жалпы түркілік қабаты түбір және туынды зөсдерден тұрады. Олардың жалпы түркілік лексикамен семантикалық ортақтық сақталған да, айырмашылығы кейбір быбыстық және морфологиялық өзгерістерде ғана көрінеді.Мысалы: Ауыл термині көптеген түркі тілдерінде ортақ болып табылады. Бұл сөздің төркіні түркі тілдеріндегі ақ –« қоршау ішіне ал » мағынасын береді. Оған есім тудыратын –ыл, -іл жұрнағы қосылып, «қоршалып жасалған мал қора» деген мағынадағы «ақыл» сөзі пайда болады.
№2 ОЖСӨЖ
Оғыз қыпшақ қабаты.
Қазақ тілінің лексикасының құрамы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің лексикасымен толық немесе жартылай ортақтығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазақ тілінің лексикалық құрамының қамуын өз алдына жеке бөліп қарастыру мүмкін емес. Себебі жалпы қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрініс табады. Осындай қыпшақ тілдеріндегі лексикалық тұлғаалрдың байырғылығын және біркелкілігін жан-жақты көрсететін бірден-бір сала – жер-су атаулары.
Қарасу- Жалпақтал ауданындағы өзен мен елді мекен. Қарасу топонимі Батыс Қазақстанның басқа жерлерінде де кездеседі. Бұл атаудың құрамындағы қара сөзі судың түсіне байланысты берілмеген. Түркітанушы – топономистер бұл атау төңірегінде бір ортақ түйінге келіп отыр. Қарасу – үлкен өзен емес, жер астынан, сай-жыралардан шығып жатқан қайнар су. «Қара» сөзін байрғы түркі тілдес халықтар «жер» мәнінде түсінген.
Шақат – жалпақтал ауданындағы өзен атауы. Бетіне ақ соры шығып жататын, өсімдігі шамалы жерді осылай атаған. Атау екі компоненттен тұрады: Шақа+т. Бірінші бөлімі қазақ тілінде «қызыл шақа ет, қызыл шақа бала» деген тіркестердің құрамында кездесетін ескі түркілік шақа-чақа түбірі «еті жоқ тақыр» мағынасын береді.
№3 ОЖСӨЖ
Араб-парсы қабаты
Топонимдер жүйессіндегі кірме қабаты ғалымдар араб-парсы жалқы есімдерден бастайды. Ол атаулар 13-12 ғасырларда Қазақстан территориясында арабтардың келуімен және мұсылман дінінің таралуымен байланысты енген сөздер. Бұл туралы Э.М Мурзаев былай деген: «Арабтардың жаулап алуы ислам дінінің таралуымен байланысты еді.Мұсылман мешітттері арқылы арабтардың біраз діни терминдері елді мекендердің , киелі орын, зират, мола, бейіт атаулары ретінде тілімізге енді». Бірақ Батыс Қазақстан облысында олар қабат құрайтындай көп емес екендегін атап өтуге болады. Тек бірен-саран топонимдерді атап өтуге болады: Базаршолан, Базартөбе, Райым.
Райым – жәнібек ауданыындағы елді мекен. Араб тілінде «кейіп, көңілдің қошы, тартымды» мағынасындағы рай сөзі мен –ым жұрнқы негізінде қалыптасқан.
Қазақ тіліндегі этимологиялық сөздігіндегі «Базар» - парсы сөзі баз- қақпа және –ар- «соңында, арғы жағында, артында» деген дербес сөзден құрылған. Бұрын базар қалаға кірере жерде, қақпаның алдында болған. Демек базар –«қақпа алдындағы іс» мағынасын беретін кірме сөз екен деп берілген.і.
№4 ЖССӨЖ
Монғол қабаты.
Әр түрлі көшпелі бірлестіктер негізінде пайда болған Қазақстанның байырғы халқының құрамында араласу процесі бұрынғыдан да күшейе түскен. 11 ғасыр мен 12-14 ғасырда монғолойдтық қоспа Батыс Қазақстанның (Еділ-Жайық) шекаралық облыстарының территориясында байқалды.
Бірінші мыңжылдық және екінші мыңжылдықтың басы. әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму кезеңі болды. Қазақстанның біршама отырықшы және жартылай аудандарында қалалар саны көбейді., алыс және жақын тайпалық бірлестіктердің ынтымақтаса, бірлесе түсу процесі күшейді.Осы дәуірдің халқы, тұтас алғанда, белгілі бір жалпы этникалық негіз құруға бағыт алды. Алайда 12 ғасырдың басында монғолдардың шабуыл жасап, Қазақ жерінде монғол ұлыстарын құруы қазақ халқының жалпы этникалық дамуын аяқтау және мәдени жағынан біріге түсу түсуін процесін тоқтатып тастады.
№5 ОЖСӨЖ
Орыс қабаты
БатысҚазақстан топонимдерінің құрамындағы басқа тілдерден енген кірме атаулардың белгілі бір бөлігін орыс тілінен және орыс тілі арқылы Батыс Европа тілдерінене ауысқан топонимдер құрайды.Бұл атаулардың араб-парсы , монғол тілінен енген топонимдерден бірнеше айырмашылығы бар.
Орыс тілді атаулар Батыс Қазақстан топономикалық жүйесіне енген. Бұның өзі олардың жергілікті атаулармен қоян-қолтық араласып кетпей, топономдік жүйеде бөлектеніп тұруына себепші болып отыр. Мысалы: Күтір, Көпкі. Олардың кірме топонимдер екендігі анық байқалғандықтан, ол атаулардың семантикалық сипатын анықтау да қиындық тудырмайды. Орыс тілінен топонимдерінің ену кезеңәі 17 ғасырдың басынана басталады. Ол- Ресей империясының Орта Азияға үстемдігінкүшейтуі, жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен қазақ хандықтарының Орыс мемлекетінің қол астына кіруі, қазақ даласына орыс қоныс аударушыларының жаппай қоныстана бастауы, қазақ даласына бекіністер аслуы. Казактардың әскери құрылымының пайда болу, қазақ даласының жаңа әкімшілік-территориялық единицаларға бөліне бастауы.
№6 ОЖСӨЖ
Достарыңызбен бөлісу: |