10-лекция. Экологиялық аудит Қазақстан Республикасының экономика салаларының кәсіпорындары нарықтық экономика талабына сай күрделі құрылымдық өзгерістерге ұшырай даму үстінде. Кез-келген ірі компания немесе банкілер ірі көлемде немесе көпжылдық инвестиция саларда, несие беруде сондай ақ басқа да тәуекел опреацияларын кеңейту, қайта жаңарту, жеке иелендіруге байланысты өздері немесе бизнестегі өзіндей кәсіпорындарды экололгиялық вудит жүргізілуін талап етеді.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 81-бабына сәйкес экологиялық ауит дегеніміз – ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және өзге де қызметін, олардың табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру жөніндегі есеп беруінің дұрыс жасалуын қоса алғанда қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын тәуелсіз тексеру.