17. Жүрекшеаралық дефектіне тән емес:
A) өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті
B) сол ІІ, ІІІ қ/а систолалық шу
C) жүрекшелердің ұлғаюы
D) сол қарынша ұлғаюы
E) оң қарынша ұлғаюы
18. Жүрек текті ісінудің даму механизмдеріне қатысы жоқ:
майда дисперсті белоктар есебінен белоктік алмасудың бұзылысының
екіншілік альдостеронизмде клеткадан тыс натрийдің организмде іркілуі
капиллярларда гидростаттық қысымның артуы
тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы
плазманың онкостық қысымының кемуі
19. Сол қарыншалық жедел шамасыздық белгілеріне қатысы жоқ:
тахикардия
үнсіз майда көпіршікті ылғалды сырылдар
ауыр ентігу, тұншығуға дейінгі
аяқтарының ісінуі
өкпе веналарындағы қысымның жоғарылауы
20. Үш жыл бұрын басынан миокардтың инфарктін өткерген ер кісіде ентігу біртіндеп күшейді, кеуде сарайында ауырсыну жоқ, плевра қуысына сұйықтық жиналу анықталды, қызба мен қан нализдерінде өзгерістер бар. Сұйықтық жиналу себебі:
жүректің іркілістік шамасыздығы
инфарктен кейінгі синдром
өкпе туберкулезі
ЖҚЖ (СКВ)
өкпе инфаркті
21. Ревматоидты артрит диагностикасында маңызды лабораторлық маркер болып табылады:
A) тромбоцитопения
B) ревматоидты фактор
C) нейтрофильді лейкоцитоз
D) анемия
E) АЦЦП
22. 26 жастағы науқас дене қызуының 40С дейін көтерілуіне, ентігу, жөтел, қол басы майда буындарының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде бір ай бұрын өздігінен түсік тастау болған. Об-ті: лимфоаденопатия, бетінің және мұрын терісінің эритемасы, қол терілерінде «тамырлы ливедо». Ішкі мүшелерінде: полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қан анализінде: эр-2,4 млн., Нв70г/л, лейк.2,2 мың. ЭТЖ 70 мм/сағ. НЖА: белок 5,2 г/тәу, эритр-20-30 к/а, қос спиральді ДНК антидене оң мәнді. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын қосымша зерттеу:
A) қанды бактериологиялық зерттеу
B) ревматоидты факторды анықтау
C) стрептококқа қарсы антидене титрін анықтау
D) кардиолипинге антиденені анықтау
E) урогенитальді инфекцияға иммуноферментті анализ
23. Бехтерев ауруының диагноздық критерийі:
A) НLA B 27 антигені
B) ревматоидты фактор 1:32
C) LE-клеткалар
D) антинуклеарлы антиденелер
E) гиперурикемия
24. Дерматомиозит диагнозын қоюда мына зерттеуден басқасы маңызды:
A) тері биопсиясы
B) КФК деңгейін анықтау
C) өңешті барий қоспасымен рентгенді зерттеу
D) электромиография
E) қан сары суында ДНК-ға қарсы антидене титрін анықтау
25. 28 жастағы науқас, бет терісінде, мұрын мен еріндерінде бір біріне қосылып кеткен эритематозды дақтардың, мойыны мен кеудесінің алдыңғы бетінде сақина тәрізді бөртпелердің пайда болуына, қол басының проксимальді фалангааралық және алақанфалангалық буындарының ауырсынуына, АҚ 160/110 мм сын. бағ. дейін көтерілуіне, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. LE-клеткалы феномен теріс мәнді. Диагнозды нақтылау үшін қажетті қосымша зерттеу:
A) криоглобулинді анықтау
B) ревматоидты фактор
C) кардиолипинге антидене
D) КФК деңгейін
E) АНФ
Достарыңызбен бөлісу: |