«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды


Жазылымға арналған сабақ құрылымы



бет5/13
Дата05.02.2023
өлшемі81,41 Kb.
#167506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
7-сынып КТП қазақ тілі 2022-23 төмен

Жазылымға арналған сабақ құрылымы:


Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.
Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтінніңұйымдастырылуы.
Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылымүдерісі.
Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны дабереді.
Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндікбереді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:


  • Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

  • Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

  • Шимай нұсқасын(өзгертілуімүмкінжазылымтүрі) жазыпкөру

  • Түзету және редакциялау ( қателердітүзетужәнемазмұнынтолықтыру)

  • Тексеріп шығу (сауаттылыққатексеружәнетүзеу)

  • Дұрыс нұсқаны (екіншінемесе соңғы нұсқаны жазып шығу)жазу.

Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда ұсынылған әдіс- тәсілдермен қатар, мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа әдіс-тәсілдерді де қолдана алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет